Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Адамзат ғасырлар бойы күткен Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның Алтыншы Сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары туралы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
5. Ақ Сарбаз 161 гимназияда. 1994ж. (...Жалғасы)


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
4. Ақ Сарбаз 161 гимназияда. 1994ж. (...Жалғасы)


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
3. Ақ Сарбаз 161 гимназияда. 1994ж. (...Жалғасы)


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
2. Ақ Сарбаз 161 гимназияда. 1994ж. (...Жалғасы)


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
1. Ақ Сарбаз 161 гимназияда. 1994ж. Жомарт ағаның түсіргені. Алматы шаһары.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ақ Сарбаздың Алматыдағы шәкірті Аниса Зәкенқызы ұйымдастырған Ұстаздың гимназия оқушыларымен алғашқы кездесуі. Таспаға түсірген шәкірті Жомарт Қыстаубай. 1994 жыл. Алматы шаһары. (...Жалғасы)


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ақ Сарбаздың Алматыдағы шәкірті Аниса Зәкенқызы ұйымдастырған Ұстаздың гимназия оқушыларымен алғашқы кездесуі. Таспаға түсірген шәкірті Жомарт Қыстаубай. 1994 жыл. Алматы шаһары.



2.5k 1 6 12 159

ҰСТАЗДЫҢ ЕСКЕРТУІ
Ұ.: Менің артымнан осы Ілімді басқаратын сенсің. Ал, сен қарсыласқа қатал болуың керек. Уақытында шектеу бермесең олар басыңа шығады. Үйіңе кіріп алып шықпай: «мен отырамын», «жақтаймын», «анаумын-мынаумын» дейтін қылық кейбір қазақтарда бар. Кешегі исламға берілген, ислам үшін өлуге дайын болған адам, қазір Ақ Сарбаз үшін бәріне дайын боп шықса оған таң қалма. Мұның астарында шын сенім емес, екіжүзділік жатады. Ондай жанның бар мақсаты біреудің арқасына мініп көтерілу. Терлемей, тозбай Жерұйыққа жету. Сондайларға тойтарыс беруге сен дайын болуың керек.
Нағыз Эволюцияның адамдары ол – тыныш адамдар. Тып-тыныш, дыбысы шықпай, күліп қана отыратын адамдар – шын рухани даму жолындағылар. Солай.
Ш.: Сіздің Антихрист туралы әңгімеңізді жазбаға түсіру барысында ауызыма жаман дәм, мұрныма сасық иіс келіп ыңғайсыздандым. Алыста болса да Антихристің жаман энергиясы маған әсер еткенін сездім.
Ұ.: Антихрист өзін адамдар білмеген кезде емін-еркін қимылдап алаңсыз жүретін. Оған адамдардың өзін «жоқ» деп санағаны керек. Енді сен менің аузымнан Антихристі әшкерелейтін бірталай жазба шығарғаннан кейін ол сені назарына алатын болады. Ол мыңдаған шақырымда тұрып адамның санасын сырттай меңгеріп, ой-сезімін басқаруға шамасы бар. Сол себепті сен енді сақ болып жүр. Бұл қатер – барлығына да қатысты.
Ең қауіптісі Зұлымдық Күштерінің еркін орындаушы адамдар. Олар алыстан атойлап келмейді. Дәл жаныңнан байқатпай бас көтеруі мүмкін.
Ақ Сарбаз Ілімін қолдаған боп, чатқа елді ішінен ірітетін ой тастап кететіндер бар. Ол баяу жарылатын бомба секілді.
Сыртынан қарасаң сенің ойың сияқты. Бірақ түпкі бағыты басқа жақты көрсетіп тұратын ойдан абай болу керек.




ҚҰДАЙДЫҢ ЖОЛЫ
Ш.: Сіздің сұхбаттарды оқыған Жайнагүл қызыңыз:
«Осы постты үш-төрт рет оқып: «бір планетаны жаратып оны бағып-қағу қандай үлкен жауапкершілік!» деп жүрсем, одан да үлкен – Әлем жарату жауапкершілігін тіпті елестете алмадым. Құдайдың жолы неткен ауыр» деп жазыпты.
Ұ.: Міне! Түсінсін онда. Құдай болу – шарап ішіп, шалқып жату емес. Ғарыштың жұмысы өте қиын жұмыс. Ал, Құдайдың жұмысы – нағыз ауыр жұмыс. Бұл – қиынның қиыны.
Қазіргі Әлемнің Иесі – Исаның Өзі одан шаршады.
«Мен бұл жұмыстан тоздым. Сол себепті Мен сені тезірек өткізейін деп жүрмін» – деді. Оның ұмтылысы, мені тоқтаусыз тәрбиелеп, өсіріп жатқаны сондықтан.
Мен оған қарсылық айтқан жоқпын. Бірақ мен ондай өмірден шошимын. Қазір маған кішкене демалыс берілген. Үйде жатырмын. Ешқандай қиыншылық жоқ. Тфәй-тфәй, Құдай сақтасын! Бәрі ретімен өтіп жатыр. Шәкірттерге алғыс! Мені жақтап, жақсы сөздерін айтқан жандардың ниетінен көтеріліп кеттім.
Күн жылы. Қазақтың жері апаттан аман. Европада да өте жылы күндер тұр. Оларға өте жақсы, пайдалы болды. Олар Американың газын алады ғой. Ол орыстың газынан екі-үш есе қымбат. Сол себепті жылы ауа-райы Европаға үлкен көмек болды. Сөйтіп мен өз жұмысымды істеп отырмын.
Қазақтың қысы жақсы өтіп шықсын.
Былтыр еліміздегі қазақтар 18 млн тонна бидай жинап алыпты. Арпа, сұлыны қосқанда 22 млннан артық екен. Басқа елде, әсіресе Ресейде мұндай өнім болған жоқ. Көктемде үсік ұрып, су шайып, егін шықпай қалды. Қазір Ресей ашаршылықтың алдында тұр. Халықтың бәрі көріп отыр: «Құдай қазақ жерін жарылқап тұр!» – дейді. Барлық сұмдықтар басқа жерде өтуде. Қазақ жері тып-тыныш. Тфәй-тфәй, Құдай сақтасын! Тып-тыныш.
«Мемлекеттің қазақ жерін игеруге шеберлігі жетпесе де басқаруға күші жетеді екен» деген сөздерді естимін. Ештеңе емес. Қазақтың негізгі қасиеті – шыдамдылық. Шыдау керек. Барлығы өз ретімен өзгеріліп кетеді.
Бәрін-бәрін ұстап тұрған – Ғарыш Толқыны. Жер дүниедегінің бәрін өзгертіп жатқан – Ғарыш Толқыны. Бұл – Ғарыштың Мақсаты, Жоспары.
Ғарыштың Жоспары қандай болса да орындалады. Қалай болса да!
Тіпті әлем халқының оннан тоғызы қырылса да Ғарыш Жоспары сөзсіз орындалады.




ИСА
Ш.: Айтпақшы мен Шринагар қаласындағы Исаның зираты туралы бейнесюжеттерді қарап едім. Онда мынадай мәлімет бар екен. «Иса Голгофтағы өлімі мен қайта тірілген оқиғасынан кейін ол жақтан кетіп осы жерге келіп тұрып, әбден қартайып барып қайтыс болыпты. Үйленген, балалары қалған. Қазіргі қабірге қызмет көрсететін адам сол ұрпақтарының бірі екен-мыс» дейді.
Ұ.: Ол мүмкін. Ватикан оны да жасырады. Егер Иса өлмесе, христиан діні өледі. Иса өлді, христиан діні пайда болды. Ал, Иса өлмесе онда христиан діні, ондағы аңыздардың бәрі де өтірік боп шығады. Католик дінбасылары осыдан жаман қорқады. Сол себепті осы күнге дейін жасырды.
Бірақ ғалымдар: «енді шындықты айту керек» дейді. Адамдарға ертек айтуды тоқтату керек. Бұл сәбиді: «сені капустадан тауып алдық» деп алдаусыратқанмен бірдей ғой.
Шындықты айту керек. Әйтпесе сұмдық болады. Адамның сезімдері бұзылады. Адамзаттың сезімі енді шындықты қабылдауға дайын.
Ватиканда осындай шу боп жатыр. Ақырғы Папа ол – Ватиканның қысымын көрмеген, Аргентинадан келген қарапайым адам. Сол жерде кішкене шіркеудің діндәрі болған екен.
Ол енді келген жаңа білімдерді зерттеп, христиан дінін өзгертіп жатыр. Оның: «Барлық діндер – Құдайдан келген!» дегені сұмдық жаңалық болды. Егер елу жыл бұрын айтса оны сол жерде өлтіретін еді.
Өмір өзгерді. Жаңа цивилизация келді. Оның бәрін де қопарып, бұзып жатқан – жаңа цивилизацияның әсері.
Жаңа өркениет келгеннен кейін олардың барлық тіректері бұзылды. Енді оларға текке тыраштанудың керегі не? Өтірікті шындық қылып бояп көрсетеудің не қажеті бар?
Жаңа цивилизация келді. Оның шарттарына көнуің керек. Әйтпесе өлесің. Бітті сонымен. Сол себепті сұмдық өзгеріс болып жатыр.
Қазір оның айтқан сөздері бұрын тіпті христиандықтардың сезіміне де кірмейтін. «Христиандықтарды өлімнен құтқаратын жалғыз Исаның діні және Иса. Исаға сенгісі келмеген адамдар Тозақтан құтылмайды» деп келді ғой.
Енді Тозақ жоқ екен. Исламистер үшін де бұл сұмдық жаңалық болды.
Тозақ жоқ! Тозақ жоқ болғаннан кейін Жұмақ та жоқ екен. Әр мұсылманға арналған хор қыздары да ғайып болды. Жарайды енді, зәмзәм суы, алма бақтарын қоя тұр. Анау 40 қыздың бұйырмайтыны қиын болды оларға.
Бәрі де біздің жерімізге ұқсас, біздің өмірімізге теңдес екен. Апаттан қайтыс болған адам алғашқыда басқа дүниеге өтіп кеткенін сезбейді. Өйткені біздің мына дүниеміз астрал дүниесіне өте ұқсас қылып жасалған. Ол өзінің өлі физикалық денесін сыртынан көргеннен соң барып түсінеді. Және мұны киіп жүрген скафандрын шешіп тастағандай қабылдайды.
Сөйтіп біз ақырындап-ақырындап адамның сезімін ағартуымыз керек. Еш асығудың қажеті жоқ. Еш өкінудің керегі жоқ. Отыз жыл шыдадық, ештеңе емес. Мінекей, ақырын-ақырын мемлекет басын бұрып жатыр.
Қазір көшеде хиджап киген әйелді көлік келіп ұстап алып кететін болыпты дейді Алматыда.
Ешкімді сотқа бермей, митинг жасамай, тып-тыныш өзіміздің алма бағымызды өсіріп, Тәңір дінінің ағашын саялап, жемісін жеп отырмыз.
Осыдан отыз жыл бұрын отырғызылған сол ағаштың жемісі қазір барлық діндер мен ұлттарға пайдалы боп жатыр.




ИСА
Ш.: Аға, Иса Иерусалимнен 12 жасында жоғалып кетті дейміз ғой. Сонда ол жалғыз емес, шешесімен бірге кетеді ғой иә?
Ұ.: Иә.
Ш.: Отырарға келгенде де анасы екеуі, барлық жерде сол анасы екеуі жүрген болар?
Ұ.: Иә. Анасы оны тастаған жоқ. Оның әкесі Жүсіп үйінен қозғалуға шамасы жоқ өте кәрі адам еді. Мәриямнан кемінде 30-40 жасқа үлкен болған ғой сонда. Баласы сапарға шыққанда анасы оны қайтып жалғыз жіберсін. Баласына ілесіп екеуі кетті. Иса жоқ болған кезеңде 18 жыл бойы Иерусалимде Мариям туралы да еш дерек жоқ.
Алайда Тибет кітапханаларында 18 жыл Исаның өмірі жазылған тақтайшалар сақтаулы тұр. Олар оны сенімді адамдарына зерттеуге береді. Оның көшірмелері Ватиканда жатыр. Оны елге жариялауға қорқады. Христиан зерттеушілері Исаны «жоқ болып кетті» десе де оның жолы қалды. Бір жолы Отырарда ашылды. Ол Сақ Құранында жазылған. Қалған ғұмырының бәрі де Тибет жазбаларында бар. Оны Сент-Илер деген адам зерттеген. Иса туралы бір дерек Иранда сақталған. Аяғында ол Индияның Шринагар қаласынан шықты. Иса сол елдегі үнді махатмаларымен қосылып, тәлім алып, үлкен білімге ие болған.
Индияға грек философы Платон да барған. Платон Мысырда, Вавилонда оқыған. Содан кейін 20 жыл Үндістанда болды. Сөйтіп сексен жасында белгілі ғалым болып еліне оралды.
Бәрі Индияға тіреледі. Өркениетті басқаратын орын сол Үндістанда тұр.
Ш.: Шамбала ма?
Ұ.: Иә. Шамбала.
Ш.: Қазақ: «Исаны – әкесіз туған. Нұрдан пайда болған» деп аңыз қылады ғой. Бірақ Киелі Кітапта оның әкесі Жүсіп екені айтылған.
Ұ.: Аңыз айтыла береді. Оның генетикалық әкесі бары – шындық.
Ш.: Әкесіз дүниеге келу мүмкін емес қой?
Ұ.: Мүмкін. Генетикалық өзгеріс арқылы. Хайуанаттарда ондай құбылыс болады. Партеногенез дейді оны. Кесірткелердің арасында еркек жоқ болса, сондағы кесірткелердің біреуі өзгеріп еркекке айналады да ұрық беруге шамасы болады. Биологияда мұндай заңдылық бар. Оны ғалымдар әбден зерттеп тастаған. Оны қозғаудың керегі жоқ.
Ш.: Ал, енді Аға, Исаның 12 шәкірті Ол Индияда жүргенде пайда болды ма?
Ұ.: Жоқ. Олардың бәрі де сол жердің тұрғындары. Нағыз белгілі шәкірті Матфей бұрын салық инспекторы болатын.
Ш.: Иерусалимде ме?
Ұ.: Иерусалимде. Тұрғындардан мемлекет салығын жинайтын. Қанышер адам болатын. Ақша төлей алмаған жесір әйелді шырылдатып жалғыз бұзауын жетектеп кететін. Сол Матфей Исаның қолы тигеннен кейін өзгеріп, мамандығын тастап, Оның артынан ерді.
Сол жердегі бірнеше балықшылар мен қарапайым адамдар шәкірт боп қосылды. Лука ол еврей емес жалғыз грек шәкірті болды. Лука – емші болған. Олардың бәрі де Иерусалимнің тұрғындары.
Ш.: Сонда Иса 30 жаста Иерусалимге қайтып келгенде 3 жылдың ішінде айналасына осынша шәкірт жиналған ба?
Ұ.: Иә. Олар туралы «Апостолдардың істері» деген кітапта барлығы анықтап жазылған. Бәрі де өз аяқтарымен келіп шәкірт боп қалды. Біреуі де Индиядан келген жоқ.
(Жалғасы бар...)




ҒАРЫШ МЕКТЕБІНІҢ ДАЙЫНДЫҚ СЫНЫБЫ
Ш.: Қазір аккаунттарды бұзатын хакерлер көбейуде. Олар адамы көп аккаунттарды бұзып, иесінен тартып алып басқаларға сатып жіберуге тырысады екен. Біздің каналға мұндай қауіп жоқ па?
Ұ.: Жоқ. Біздің каналда Жанаттың каналы секілді көп адам жоқ қой. Барлығы бес мың, чаттағы екі мың адамды көп деуге болмайды. Біздің жақсы жеріміз, біз – азбыз. Біз санмен емес, сапамен күштіміз.
Мен аз екенімізге өкінбеймін. Мұндағы оқырмандардың түгелге жуығы сезімі ашылған адамдар. Сезімі ашылып, көзқарасы өзгеріп, басқаларға жаңа түсінікпен қарап тұрады.
Ш.: Не болса соны сұрайтындар бар: «Тәңіршіл болып намаз оқуға бола ма?» деп догмалық көзқарастан арыла алмай жүргендер кездесіп қалады.
Ұ.: Ондайларға айту керек: «Бұл – рухани канал. Біздің чатымыз – Ғарыш Мектебінің бір бөлмесі. Чатта отырған адамдар – Ғарыш Мектебінің оқушылары. Дайындық және бастауыш кластарға өтуге үйренушілер.
Сол себепті мектепте қасқырлар, сұмдықтар, салдақылар, жемқорлар туралы бос әңгімені өрбітудің қажеті жоқ.
Міне осылай жауап бер. Чаттағылардың деңгейлері түрлі-түрлі болса да бәрі де Ғарыш Мектебінің оқушылары!
Мен – ол Мектептің Мұғалімімін. Сен, Нұрсәуле – менің көмекшілерімсіңдер. Сол мектептің жұмыскерісіңдер.
БІЗДІҢ ЧАТЫМЫЗ – ҒАРЫШ МЕКТЕБІНІҢ БІР БӨЛМЕСІ.
Ш.: Тамаша! Ғалым адамдар Сіздің айтқандарыңызды зерттеп, дұрыстығына көзі жеткен соң барып бағалайды. Жай халық жүрекпен сеніп, бағалайды. Сіз «католиктер» туралы сұхбатыңызда Европалықтардың универсалды христиан дінін шығармақшы боп жүргені туралы айтып едіңіз. Бұл транссексуал, ауытқығандарға да ортақ дін бе сонда қалай?
Ұ.: Иә. Бұл – христианның тірегін қопарып, бұзу. Қандай да бір мықты құрылысты бұзу үшін универсалды нәрсе ойлап шығару керек. Орыстар: «универсалды нәрсе – сапаның жауы» дейді. Бірақ олардың жолы қысқа. Ол қозғалыстың артында ешқандай рухани күш жоқ.




ЭВОЛЮЦИЯҒА ҚАРСЫ ШЫҚСАҢ – ӨЛЕСІҢ
Ш.: Адамдардың санасы исламмен уланып қалған ғой. Исламның тар түсініктері мен қағидалары әбден миларына сіңіп кеткен. Тәңіршілдік дегеннен қорқады.
Ұ.: Ресейде үлкен соғыс өтуде. Ол жердегі ислам да қозғалып, көтеріліп жатыр. Біздің шекарамызда Қытай ұйғырлары көтерілуде. Ал, қырғыз, өзбек елдерінде исламға қарсы күрес сұмдық боп жатыр. Арғы жағында ауған жері тұр. Ауғандар Амударияның суын бұрғалы әрекеттенуде. Егер олар Амударияның суын өз жерлеріне бұрып жіберсе өзбектер сусыз қалады. Ондағы үлкен-үлкен егістік жерлер кеуіп, ашаршылыққа ұрынады. Бұл өзбектерді әбден қорқытуда. Оларға бір жақсы жері Ауғандықтар Пәкістанмен соғыс бастады. Ауғанды басқаратын пуштундардың жартысы Ауғанстанда, жартысы Пәкістанда тұрады. Олар өздерінің екі мемлекетте тұрғандарын сезбейді. Олардың сезімінде өздерін «Пуштунстанда тұрамыз» деп есептейді.
Пәкістандықтар пуштундарды қысымға алды. Ауғандар өз бауырларын ойлап, енді бастарын соған бұрғаны өзбектерге жақсы болды.
Біздер үлкен-үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз. Қазір оны анықтауға маған рұқсат жоқ. Тыныш отыру керек.
Сенің жазған посттарың өте жақсы, өте күшті. 2025 жылдың барлық программасы осы жерде жазылған. Ақырын бағып тыныш отыруымыз керек.
Ш.: Сіздің сұхбаттарды ағылшын тіліне аударып, жай халыққа да жеткізетін адам болса ғой деп ойлаймын. Өйткені үлкен орындағы адамдар мұның бәрін білгенімен халыққа айтпайды ғой.
Ұ.: Иә. Олар айтпайды.
Ш.: Миллиондаған халық мұны білмей отыр.
Ұ.: Барлаушылардың бәрі біледі. Біріншіден Американың, Ресейдің, Қытайдың барлаушылары барлық жарияланған жазбаларды, сол сағатында қолма-қол өз тіліне аудартып, зерттеуге тапсырады. Олар: «ана жақтан не хабар бар екен?» деп оқиды.
Ал, қарапайым адамдар үшін ағылшынша аударып шығаруға болады. Мен оған қарсы емеспін.
Бірақ, мен білемін. Менің айтқан барлық сөздерім үлкен бастықтар тарапынан шешімін тауып жатыр. Украиндықтар соғыс туралы ашықтан-ашық айтады. Мәскеу оқиғасы қайталанды. Путин Киевте парад қабылдау үшін оққағарларына жаңа форма тіктіріп берді.
Екіншіден Сталинград шайқасы қайталанды. Басып алған Херсонда қоршауға түсіп, орыстардың өздері қашты. Енді Курск-Белгород доғасы болып жатыр дейді. Басқа жерде украиндықтар жеңіліп жатыр. Ал, менің таңдаған жерімде Курскден шабуыл бастап еді, үлкен жеңіске жетті. Енді орыстардың жеңістері Курскідегі шабуыл нәтижесінде Украинанікі болатын болды.
Мұны тіпті олардың президентіне дейін айтып жатыр: «Путин таққа отыруды Курскіден бастады» дейді. «Курск» атом сүңгуір кемесі су түбіне кетіп, жүздеген экипаж мүшесі қаза тапты ғой.
Енді қазіргі Курскінің не болатыны айтпаса да түсінікті. Олар спиралдың қандай екенін біліп алды. Сол Курскімен енді бәрі бітеді. Анау – атом сүңгуір қайығы, мынау – Курск ауданы. Путиннің 25 жылдық патшалық дәурені осымен аяқталады.
Ғарыш Заңдарын қазір бәрі біліп алған. Менің кітаптарымнан, жазбалар мен сұхбаттардан бәрі де хабардар екен. Қазіргі үлкен өзгерістер соның арқасында болып жатыр.
Бұл – Ғарыштың Заңы. Менің оған ешқандай қосылысым жоқ. Ғарыштың Күші, Ғарыштың Толқыны. Бәрінен де дұрысы – Эволюцияның Жолы.
Эволюция жолымен жүрген мемлекеттер дамиды.
Эволюцияға қарсы шығушылар – кім болса да, қандай алып болса да, орыстардан бастап, – өледі. Бітті сонымен!
Бірінші орекең кетеді. Екіншісін мен білмеймін... Сөзсіз, кім қарсы шығады, сол – өледі. Бітті.

2.3k 1 12 2 277


20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.