▪️Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі заттарын, олардың аналогтарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу мақсатында сақтау фактісі бойынша екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 2 және 3-тармақтары).
▪️Сотпен анықталғаны:
2023 жылдың желтоқсан айында сотталушылар «WhatsApp», «Telegram» және «Signal» мессенджерлері арқылы М. есімді белгісіз тұлғамен сөз байласып, оның басшылығымен Текелі қаласында қолдан жасалған әдіспен есірткі заттарын дайындаған.
▪️Дайындалған есірткі психотроптық заттар — мефедронның аналогын сату мақсатында сақтаған. Дайындалған заттың көлемі үш килограмнан астам болған.
▪️Сот шешімі:
Заң бойынша бұл қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген.
▪️Айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
▪️Жазаны тағайындау кезінде сот қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескерді. Бұл әрекет аса ауыр қылмыстар санатына жатады және қоғамға ерекше қауіп төндіреді.
▪️Сот үкімімен айыпталушылар өздеріне тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпарат көзі: Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты.