⚜️2024 жылғы 13 желтоқсанда «Жастар» спорт кешенінде Жетісу облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Жетісу облысы бойынша филиалы мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара сот жүйесінің ардагері, «Үш би» құрмет белгісінің иегері Бегали Мұхамедиұлы Темірбековті еске алуға және еліміздің Тәуелсіздік күніне арналды.
🔹Спартакиаданың ашылу салтанатына Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаев, Судьялар Одағының Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы Дархан Тоқбаев, Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Булат Джукенов, облыстық, қалалық және аудандық соттардың судьялары мен сот қызметкерлері, сондай-ақ Бегали Мұхамедиұлы Темірбековтің туыстары мен жақындары қатысты.
🔸Өз сөзінде облыстық сот төрағасы Ержан Кененбаев Бегали Мұхамедиұлының сот жүйесінің дамуына сіңірген еселі еңбегін атап өтті. Сот жүйесінің ардагері еңбек жолын 1993 жылы халық судьясы ретінде Жетісу облысының Қаратал аудандық сотынан бастаған. Кәсіби қызметінде Алакөл ауданының №2 аудандық соты мен Ақсу аудандық сотының төрағасы лауазымдарын абыроймен атқарды. Судья ретінде адал қызметі мен сот жүйесіне қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен және «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған. Оның кәсібилігі мен адами қасиеттері сот саласындағы әріптестері мен жас буын үшін үлгі болып қала бермек.
▫️Спартакиада аясында қатысушылар шағын-футбол, үстел теннисі және волейбол сынды спорт түрлерінде бақ сынады. Судьялар мен сот қызметкерлері облыстық сот пен Департамент, Талдықорған қалалық соты, мамандандырылған ауданаралық соттар және аудандық соттардан құралған құрама командаларға бөлінді.
Сайыс нәтижелері:
⚽Шағын-футбол бойынша 1-орынды облыстық сот пен Департаменттің құрама командасы, 2-орынды мамандандырылған соттардың құрамасы командасы, 3-орынды қалалық соттың құрамасы командасы иеленді. Сондай-ақ, қатысушыларға «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинациялары берілді.
📌Үстел теннисі бойынша жарыс та тартысты өтті. Қатысушылар мергендік, дәлдік және рефлекторлық шеберліктерін көрсетті.
🏓Ерлер арасында: І-орын – Талдықорған қалалық сотының судьясы Шыңғыс Диқанбай, ІІ-орын – облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдын Журханов, ІІІ-орын – Департаменттің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Елнар Скаков иеленді. Сонымен қатар, қатысушылардың бірі «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
🏓Әйелдер арасында: І-орын – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жанна Нүсіпова, ІІ-орын – Департаменттің инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы Ләззат Оралханова, ІІІ-орын – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Анар Нұрғалиева иеленді. Сондай-ақ, қатысушылардың бірі «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
🏐Волейбол:
Волейболдан 1-орынды облыстық сот пен Департаменттің құрамасы командасы, 2-орынды мамандандырылған ауданаралық соттардың құрама командасы, 3-орынды аудандық соттардың құрама командасы иеленді. Қатысушылар арасында «Үздік ойыншы» номинациясы берілді.
🎉Сондай-ақ, жанкүйерлерге де үздік номинациялар табысталды.
🏆Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Қатысушылардың жылы лебіздері мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
🔱Ұйымдастырушылардың айтуынша, спартакиада тек командалық рухты нығайтып қана қоймай, өзара құрмет пен серіктестік атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Кәсіби міндеттерден бөлек осындай спорттық шаралар судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, әріптестеріміздің бір-бірімен ынтымақтастықта болуын қамтамасыз етеді.
Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі