Paydalı Aqparat


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


~Bärin basınan bastaymız~
Birewdiñ minin körgenşe,
Jamandığın tergenşe,
Öz oyıñdı mazalap,
Öz boyıñdı tazalap,
Öziñmen küres ölgenşe!
~Şäkärim Qudayberdiulı~
@Doxa_live

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Ассалаумағалейкум ағайын петиция ға дауыс берейік!




Петиция ға дауыс берейік ағайын




📚 Ақпарат алудың жаңа жолдары пайда болса да адамзат баласының кітапқа деген құрметі төмендеген емес. Күн санап кітап оқуды былайша оқу өз алдына, жылдам оқитындардың қатары да көбейген.

📚 Тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлғалар бар. Мысалы, Наполеон Бонопарт өзінің көшбасшылығымен ғана емес, сонымен қатар оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол минутына 2000 сөз оқитын болған.

✏ Француз жазушысы Оноре де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқып бітірген. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Америка президенті болған Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген екен. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.
🕑

Психологтар адам неғұрлым кітапты көп оқыса, соғұрлым оның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайды деген ұстанымды алға тартады. Қарпайым адам бір нүктеге қарағанда он әріпті, кейбіреулері екі-үш сөзді ғана көреді. Жылдам оқитын адамдардың мүмкіндігі жоғары. Ол бір оқығанда жүз немесе бес жүз белгіні және отыз үш сөзді бірден көре алады.

Ал баяу оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 60 пайызын ғана қабылдайды. Ал жылдам оқығанда керісінше туындының 80 пайызын түсінуге мүмкіндік береді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді. Сонымен бірге зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтаған.




1️⃣ Өз қателігіңді мойындап үйрен. Егер жаман әдетіңнен расымен арылғың келсе, шындыққа бетпе-бет қарауың керек. Себебі мойындау арқылы онымен күресе аласың. ✔️

2️⃣ Ниет етіп, әрекет етудің нақты бір жоспарын құр. Нақты әрекеттердің тізімін жазып, өзіңді жақсарту үшін не жасауың керек екенін жаз. Сонымен қатар осы мәселені шешу үшін нақты уақытын белгіле.

🔺 Осы тұста «Егер сен жоспар құрмасаң, сәтсіздікті жоспарлайтын боласың» деген нақыл сөзді есіңнен шығарма.

3️⃣ Жаман әдеттердің орнын әлдебір пайдалы әрі дұрыс нәрсемен алмастыруға тырыс. Есіңде болсын, жаман әдеттермен күрес анағұрлым сәтті болады.

➿ Көп жағдайда жағымды эмоция мен жақсы әсердің жетіспеуінен жаман әдеттер пайда болады.
Мысалы, әлеуметтік желіде өткізетін уақытты пайдалы кітап оқумен немесе спортпен айналысумен алмастыр.

4️⃣ Сені жаман әдетке алып келетін үйреншікті дағдылардан бойыңды аулақ ұста. Мәселен, егер сен ақшаны тез жұмсап тастауға әуес болсаң, оны бірден сенімді адамға беріп қоюға тырыс.

5️⃣ Араласатын ортаңды ауыстыр. Себебі жаман орта әсерінен жаман әдеттер пайда болып жатады.

⚪️ Өз ортаңда сені жаман әрі дұрыс емес әрекеттерге итермелейтін достарың мен ескі тамырлардан бас тарту керек. Мұндай жандардан аулақ жүруге тырыс.


Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.
( Шәкәрім Құдайбердіұлы )


Мен кітап оқыған сайын ақылдырақ, білімдірек, байырақ, тақуарақ, данарақ, сенімдірек, көңілдірек, ашығырақ, жұмсағырақ, мінездірек, табандырақ бола түскенімді байқадым. Мені осыған жеткізетін кітаптардың бәрі пайдалы. Пайдасыз кітап болмайды. Пайдасыз мақсат болады.

Осыны ойласам, кітап оқымай өткен сағаттарым үшін өкінемін һәм болашақта бұдан да көбірек кітап оқып, бұдан да күштірек болуға бекінемін.
@Данияр Жігітбек


ҚАЗАҚША🇰🇿
Көріп отырғандарыңыздай лидер әрқашан өз командасын алға жетелейді. Яғни сіз лидер болып өз командаңыздың жауапкершілігінің барлығын өзіңізге аласыз.

РУСКИЙ🇷🇺
Как видите, лидер всегда ведет свою команду вперед. То есть как руководитель вы берете на себя полную ответственность за свою команду.


Aman Utemuratov dan repost
Лидер бол

Әлемнің ең алпауыт деген компанияларында істеп жатқаныма 5 жыл болыпты. Booking.com-да 2 жыл, Google-да ~3 жыл. Осы 5 жылда түсінгенім, iq 200 бірақ басқа адамдармен тіл табыса алмайтын, проблема шықса өзімен өзі бір бұрышта отыра беретін адамдар ешкімге керек емес. 

Ал жұмыста байқайғаным, карьера жағынан ең табыстылар, лидершип қасиеттері жақсы дамығандар. Бұл лидершип ұғымына: жақсы сөйлей алу, ойыңды жеткізе алу, блокерлерді шеше алу, артынан адамдарды ерте алу, басқара алу ж/ә тб кіреді. 

Оған десеңіз Google-да әр жарты жыл сайын жұмысшыға баға беріп отырады. Сол баға беретін кездегі категориялардың бірі - Лидерлік қасиет. Яғни, жұмысыңда қаншалықты лидершип қасиетіңді көрсете алғаныңды бағалайды. 

Қазақстанда мықты программисттер көп, бірақ шынымен IT единорог компания жасау үшін мықты программист емес мықты лидерлер керек. Ешкім де лидер болып туылмайды. Өзіңіздегі лидерлік қасиеттеріңізді дамытып жүріңіз. Мүмкін келесі единорог компанияны құратын адам сіз шығарсыз.

Қазақстанда единорог компания құру үшін не керек деп ойлайсыз?


Қызықты әрі пайдалы ақпарттарды күтудесізбе? Ждёте интересной и полезной информации?
So‘rovnoma
  •   Иә (Да)
  •   Жоқ (Нет)
20 ta ovoz


РУССКИЙ🇷🇺
📌Что делать, чтобы быть уверенным в себе? Для этого воспользуйтесь нашими советами.

🟢 Поставьте перед собой большую цель

🔺 Это не должно быть целью, основанной на требованиях школьного учителя или начальника на работе, или ваших близких. Ставьте реалистичные цели в любой сфере своей жизни.
Это должно быть важно и ценно для вас.

Сделайте привычкой ставить новые цели после достижения одной. Конечно, для этого нужно постараться. Вот почему каждый раз, когда вы повышаете свой уровень. Развивайте навыки, узнавайте что-то новое, контролируйте свое обычное поведение, меняйте плохие, вырабатывайте хорошие привычки.

🟢 Действовать в желаемом направлении

Постановка цели – это 50% успеха. Но для того, чтобы наши желания сбылись, необходимы конкретные действия. Начните укреплять доверие с маленьких шагов. Не бросайтесь сразу к большим и сложным задачам. Во-первых, работайте с нижней части списка, устраняя проблемы, с которыми не стоит бороться.

После прохождения первого этапа похвалите себя за свои достижения. Таким образом, вы переходите к целям следующего этапа. Это повысит вашу уверенность в себе.

🟢 Признавайте свои достижения

Когда-то вы пытались кататься на велосипеде, получить образование, прочитать книгу и пообщаться с новыми людьми. Хотя опыт и результаты, которые вы получили до сих пор, могут показаться незначительными, благодаря им вы развили определенные навыки и добились успеха. Отслеживание вашего прогресса поможет вам понять свои сильные стороны и закрепить свой опыт. Это основа уверенности в себе.

Вот интересный способ помочь вам отслеживать свой прогресс и выяснить, как добиться успеха.

* Возьмите блокнот или белый лист.

* Составьте список своих достижений. Пусть число будет не менее 30.

* Рядом с каждым достижением подробно напишите, какие действия и навыки помогли достичь результата.

* Нетрудно определить ваши сильные стороны по перечню письменных умений и действий.

Эта акция повторяется каждый год.
🟢 Используйте свои сильные стороны

Сосредоточьтесь на своих сильных сторонах в профессиональном развитии. Для этого возьмите под контроль следующие качества.

* внимательно изучите свои особенности;

* взять под контроль свои возможности;

* Запишите, что вы можете и не можете делать. Также подумайте, что вы можете сделать быстро и легко;

* знать свои особые качества и преимущества;

* Поймите, какие конкретные действия помогут вам расти лично.

🟢 Всегда быть начеку

Сегодня любого успешного человека характеризует способность быстро обучаться. Это стало их главным принципом. Так что сделайте чтение новой привычкой. Расширьте свои знания в своей области и применяйте полученные знания в своей жизни и работе.

Изучение новых знаний и применение их на практике не только расширяет ваше мировоззрение, но и добавляет в вашу жизнь новый колорит. Потому что мозг воспринимает это как новое достижение. Это, в свою очередь, повышает доверие.


ҚАЗАҚША🇰🇿
📌 Ал өзімізге сенімді болу үшін не істемек керек? Ол үшін біз ұсынған кеңестерге көз жүгіртіңіз.

🟢 Алдыңа үлкен мақсат қой

🔺 Бұл мектептегі мұғалім немесе жұмыстағы бастық, яки жақын адамдарыңның талаптарына негізделген мақсат болмауы керек. Өзіндік, яғни өмірдің кез келген саласына арналған, шынайы жүрек қалауыңнан шыққан мақсаттарды қоя біл.
Ол сен үшін маңызды әрі құнды болуы қажет.

Біреуін іске асырғаннан кейін жаңа мақсат қоюды әдетке айналдыр. Оған жету үшін, әрине, күш қажет. Сол себепті әр уақыт деңгейіңді көтеріп отыр. Дағдыларды дамыт, жаңа нәрсені үйрен, әдеттегі мінез-құлықыңды бақылап, жаман жағын өзгерт, жақсы әдеттерді қалыптастыр.

🟢 Қалаған бағытыңда әрекет ет

Мақсат қою - 50% жетістікті құрайды. Бірақ тілектерімізді жүзеге асыру үшін нақты әрекет қажет. Сенімділікті қалыптастыруды кішкентай қадамдардан баста. Бірден үлкен, ауыр тапсырмаларға асықпа. Алдымен мақсатыңа жету жолын егжей-тегжейлі бақылап, сен үшін ең қарапайымынан баста.

Бірінші кезеңді аяқтағаннан кейін, жеткен жетістіктерің үшін өзіңді мадақта. Осылайша, келесі кезеңнің мақсаттарына өтесің. Мұндай әрекет өзіңе деген сенімділікті арттырады.

🟢 Жетістіктеріңді мойындап үйрен

Бір кездері сен велосипед тебуге, білім алуға, кітап оқуға және жаңа адамдармен қарым-қатынас құруға күш салдың. Бүгінгі күнге дейін жинақтаған тәжірибең мен көрсеткен нәтижелерің мүлдем елеусіз болып көрінсе де, олардың арқасында сен белгілі бір дағдыларды дамытып, табысқа жеттің. Жетістіктерді қадағалау күш-қуатыңды түсінуге, жинаған тәжірибеңді бекітуге көмектеседі. Бұл өзіне сенімділіктің негізі болып табылады.

Ендеше, жетістіктерді бақылауға көмектесетін және табысқа жету жолын анықтаудың қызықты әдісін ұсынамыз.

* Дәптер немесе ақ парақты ал.

* Жетістіктеріңнің тізімін жаса. Кем дегенде саны 30 болсын.

* Әрбір жетістіктің жанына қандай әрекеттер мен дағдылар нәтижеге жетуге көмектескенін егжей-тегжейлі жаз.

* Жазылған дағдылар мен әрекеттер тізімі арқылы ең мықты тұсыңды анықтау қиын болмайды.

Бұл әрекетті жыл сайын қайталап, жазып отыр.

🟢 Мықты тұсыңды пайдаңа асыр

Кәсіби дамуда мықты тұстарыңа назар аудар. Ол үшін мына қасиеттерді бақылауға ал.

* өз ерекшеліктеріңді мұқият зертте;

* өз мүмкіндіктеріңді бақылауға ал;

* не істей алатыныңды және не істей алмайтыныңды жаз. Сонымен қатар қандай нәрсені оңай әрі тез орындай алатыныңды назарға ал;

* өзіңнің ерекше қасиеттеріңді және артықшылығыңды біл;

* қандай нақты әрекеттер тұлғалық өсуіңе көмектесетінін түсін.

🟢 Әрдайым ізденісте бол

Бүгінгі таңда кез келген табысты адам тез үйрену қабілетімен ерекшеленеді. Бұл олардың басты ұстанымына айналған. Сондықтан оқуды жаңа әдетке айналдыр. Өз салаңа байланысты біліміңді кеңейтіп, білгендеріңді өміріңе және жұмысыңа енгіз.

Жаңа білімді үйрену және оны практикада қолдану дүниетанымыңды кеңейтіп қана қоймай, өміріңізді жаңа бояу енгізеді. Себебі ми мұны жаңа жетістік ретінде қабылдайды. Бұл өз кезегінде сенімділіктің артуына әсер етеді.


Адам өмірге бірден сенімді болып келмейді. Бірақ күнделікті әдеттерге байланысты оны қалыптастыруға болады. Себебі сенімділік - туа біткен қасиет емес. Бұл өздігінен дамытуға болатын икемді дағдыға жатады.


KZ🇰🇿
Qayırlı keş dostar! Erteñnen bastap bizde kündelikti qızıqtı ärı paydalı aqparattar jïnağı boladı. Erteñgi künge qızw dayındıq üstindemin! Aytpaqşı umıtıp kettippinğoy taqırıptı pikir qaldırıp taldawğa da ruqsat beremin.

ҚАЗ🇰🇿
Қайырлы кеш достар! Ертеңнен бастап бізде күнделікті қызықты әрі пайдалы ақпараттар жинағы болады. Ертеңгі күнге қызу дайындық үстіндемін! Айтпақшы ұмытып кеттіппінғой тақырыпты пікір қалдырып талдауға да рұқсат беремін.

РУС🇷🇺
Добрый вечер, друзья! С завтрашнего дня у нас будет ежедневная подборка интересной и полезной информации. Я активно готовлюсь к завтрашнему дню! Кстати, я также разрешаю вам оставить комментарий и проанализировать тему, которую я забыл.


KZ🇰🇿
Ötiniş mına suraqqa jawap bere ketiñizderşi!

ҚАЗ🇰🇿
Өтініш мына сұраққa жауап бере кетіңіздерші!

РУС🇷🇺
Пожалуйста, ответьте на этот вопрос!


KZ or RUS?
So‘rovnoma
  •   KZ
  •   RUS
38 ta ovoz


KZ🇰🇿
Barlığına sälem! Men osı kanaldıñ jaña jetekşisimin. Büginnen bastap kanalda jaña özgerister boladı!

ҚАЗ🇰🇿
Барлығына сәлем! Мен осы каналдың жаңа жетекшісімін. Бүгіннен бастап каналда жаңа өзгерістер болады!

РУС🇷🇺
Всем привет! Я новый руководитель этого канала. С сегодняшнего дня на канале будут новые изменения!


Жапония көшелерінде зонт тұратын арнайы орындар бар, жаңбыр кезінде оларды кез-келген адам пайдалана алады.

Қызықты фактілер

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

230

obunachilar
Kanal statistikasi