#манхаж #мазхаб #ханафи
ХАНАФИ МАЗХАБЫНЫҢ НЕГІЗІ...
Ұлы имам Әбу Ханифа Әл-Нұғман Ибн Сәбит (Алла рақымына бөлесін) ханафи мазһабының қағидасын өзінің мына сөзімен қалап кеткен. "Мен кез-келген мәселені бірінші Алла тағаланың кітабы құраннан іздеймін. Егер, одан таппасам Алла елшісінің сүннетінен іздеймін, ал енді құраннан да, суннеттен де таппасам сахабалардың сөздерінен іздеймін де, бірінікін алсам басқасыныкін тәрк етіп, бұлардың сөзінен басқалардың сөзіне шықпаймын. Ал егер, мәселелер Ибраһим, Әл-Шағби, Ибн Сирин, Хасан, Ато және Сағид Ибн Әл-Мусаиабтарға (баршасы табиғиндер) келіп тірелсе, олар бір топ ижтихад еткен қауымдардан, мен де солар секілді ижтихад етемін".
"آخذ بكتاب الله تعالى، فإن لم أجد فبسنة رسول الله، فإن لم أجد في كتاب الله ولا في سنة رسول الله أخذت بقول الصحابة، آخذ بقول من شئت منهم وأدع قول من شئت منهم، ولا أخرج عن قولهم إلى قول غيرهم، فإذا انتهى الأمر إلى إبراهيم والشعبي وابن سيرين والحسن وعطاء وسعيد بن المسيب -وعدَّد رجالاً- فقوم اجتهدوا، فأجتهد كما اجتهدوا".
Өздеріңіз байқағандай имам Әбу Ханифа үкім шығаруда өте қатал қағиданы ұстанатын болған. Имам Әбу Ханифа тек әлсіз хадистерге амал қылған, оған сахих хадистер жетпеген деген сияқты күмәндарға ғалымдарымыз "имам Әбу Ханифаның заманында бүліктер көбейуі себепті, әр-түрлі ағымдардың шығуына байланысты және де кейбір саяси ықпалдар себепті хадисты және хабар ахадты қабылдауда өте қатты болған" - деген жауап айтқан. Басқа мазһабтар қиясты мурсал (хадистің тізбегінен сахабаны түсіріп тастау) хадистен жоғары қойса, ханафи мазһабы мурсал хадисты қиястан жоғары қойған. Бұл да болса ханафи мазхабының хадиске амал қылушырақ мазһаб екеніне дәлел болатындығын имам Мулла Али Қари өзінің ханафи фиқһына қатысты жазылға "Әл-Нуқоя" атты мәтінге жазған "Фатху Баби Әл-Ғиная" атты еңбегінің кіріспесінде тілге тиек еткен. Тағыда, ғалымдарымыз имам Әбу Ханифаның "олар бір топ ижтихад еткен қауымдардан, мен де солар секілді ижтихад етемін" - деген сөзіне арқа сүйеп имам Әбу Ханифаны табиғиндерден деп есептеген.