Осыдан бірнеше апта бұрын Алматы әкімдігінің жерасты өткелдеріндегі дүкендерін босату туралы әкімдіктің талабына наразы болған кәсіпкерлер жайлы материал дайындадым. Кәсіпкер дегенде, кәсіпкер емес - қағаз-қалам сатып, ксерокс істейтін бутка ашып, самса-памса пісіріп өлместің күнін кешіп жүргендер. Қаланың сырты я төмен жағынан орталықтардағы өткелдерге қатынап істейді. Олардың айтуынша, әкімдік өткелдердің босауына мүдделі екенін бірнеше жыл бойы кәсіпкерлерге жалдау ақысын қымбаттатып, қырық тоғыз жылға берілуі тиіс келісім-шартты жыл сайын жаңартып отыруымен-ақ байқатқан. Мен сөйлескендер - мүгедектер одағының мүшесі, үш баласы бар әке, үй жалдап тұратын, әрі басында кредиті бар әйел. “Әкімдік “қаладағы сауда орталықтарынан жалға бутик алыңдар, я қала сыртына барыңдар” деген, біз қағаз-қалам сатып табатын ақшамызға кредит төлейміз бе, квартираға береміз бе? Қала сыртына барсақ мұндағы бағаны онда барып бұлдай алмаймыз” деп қынжылып отырған. “Әлгі ремонттарын да өзіміз істейік, бірақ бізге тиіспесін” деген.
Ақыры бәрі кетті. Қазір олардың қалай өмір сүріп жатқандары маған белгісіз.
Рашев сол кісілерге қарап тұрып “жизнь прекрасна, а в эпоху перемен она прекрасна вдвойне” деп айта ала ма екен?
Ақыры бәрі кетті. Қазір олардың қалай өмір сүріп жатқандары маған белгісіз.
Рашев сол кісілерге қарап тұрып “жизнь прекрасна, а в эпоху перемен она прекрасна вдвойне” деп айта ала ма екен?