TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
журфак

6 Aug 2018, 20:46

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Телеграмда ресейлік көп (либерал) журналист-редактордың каналдарына жазылып алғам. Медиаxарактерлері қатты ұнайды: тура айтады, материалдарының загындағы я тақырыбындағы сөзі я бір тіркесі үшін күл-парша етеді, федералды арналар мен агенттіктердің ақпарат беруін мұқатады. "Бет көретін әріптес қой", "ертең күнім түсер" демейді. Симоньян секілді үкіметтік БАҚ-тың бас редакторлары сынды қабылдайды да, ұтқыр жауап та беріп жатады.

Бізде қалай? Өткенде "негатив ақпаратқа цензура болуы керек" деген "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіптің "мұныңыз не?" дегендерге берген жауабы - осы (скринде). Диалог жоқ - я ойының қате екенін біледі, я "шаршағысы келмейді".

Қазақстан (ішінде орыс тілді БАҚ та бар) журналистикасына біреудің "туындысы" (қуындысы мен жуындысы) жайлы ойын ашық айтатын, аяусыз қыртып, желіде бір-бірінің быт-шытын шығарып кекететін толқын келгенін қалаймын:) Ондай адамдар болғанымен (Гүлім, Оразай, Баубек), кекету құбылыс ретінде әлі қалыптаспағанын мойындауымыз керек.

ps.

Бір басылымның ішкі куxнясынан тарайтын редакторлардың мінезі, иттігі мен кімнен ақша алып отырғаны туралы инсайттар мәлім болып, масқарасы шықса, БАҚ-тар таза жұмыс істеуге тырысар еді. Мемлекеттік басылымдарға Денистің өлімін жазбау, Сайрагүлдің соты жайлы ақпарат бермеу сияқты шектеулерді сондағы журналистер ашық я астыртын жария етіп отырса, жұртқа цензура бар екені анығырақ көрінер еді. Журналистикаға жаңа келіп, "отырған суының ақырын қайнап қалғанын сезбей қалған құрбақа" ардагер журналистердің еті үйренген "болмайдыларға" таңырқап жатқан достарым көп. Солардың рұқсатымен мен де ақырын жариялап жүремін енді:)

197 1 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot