Ал, достар, 100 болғанымыз құтты болсын! Мыңды да бірге тойлайық. Мұнда көп материалмен бөлісіп, жұрттың мазасын ала бергім де келмейді, қателерді көрсетіп данышпансуға да ниет жоқ:) Ойымды жазып, шер тарқататындай аса білімді адам да емеспін, шыны керек. Тек оқыған, өзіме қатты әсер еткен, бір жақты емес, барлық тарап қамтылған, желіде журналистер мен оқырмандар жақсы бағалаған, бірақ сіздердің кейбіріңіз көрмей қалды-ау деген ғажап мәтіндерді салып жүрмін. Ары қарай да солай болады деп сенем:) Кенет өзімді жақсы көріп кетіп, "менің ойымша, өмірде" деп данагөйсіп кетсем я не жазуға болатыны туралы ойларыңыз болса, жекем ашық. Әрбіріңізді құшақтадым. Барлығыңызға мың алғыс!