КТК-да болатын мына xабарды қарап шықтым. Журналистер қандай болуы керек дегенге жауап беретіндей деңгейде емеспін, бірақ шамамен қалай болмауы тиіс дегенде осыны көрсетер ем.
Қысқаша былай. Аула сыпыратын әйелдің екі баласын бірінші күйеуі ажырасқан соң өзімен бірге алып қалады. Әйелдің тұрмысы нашар, қазіргі үйінде үш кішкентай бала жүр. Бас кейіпкер балаларымды алам деп КТК-ны шақырады. Бірақ балалары "бізді ұрады, ішіп келеді" деп анасымен барғысы келмейді. КТК - қаһарман. Ұрысып жүріп қайтарып береді.
Журналиске кейіпкердің күйі я оқиғаның бейтараптылығы емес, біреудің егіліп жылап, зарлана айқайлағаны керек екені балалардың аузына салып қойған жаттанды сөздері мен жылаңқысымақ кадрларынан-ақ көрініп тұр. Автордың жеке басында шаруам жоқ, бірақ арзан да өте лас дүние екен. Не істерін білмей ентігіп жылап тұрған баланың бетіне вспышкасы бар камера тіреп, "кімнің үйінде қалғың келеді?" деп аузына микрофон тығу журналистік түгілі, адамдыққа сай келе ме? "Ішіп келіп, балаларын ұратын" анасына "телеарнадан келіп, заң күшімен" қайтарып берген соң, "лашыққа бармаймыз" деп еңіреп тұрған балаларға журналистің бағдарлама ұраны типтес "ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ" деген сөзді ежіктеп оқытуы ше?
Рейтинг те, басқасы да құрып кетсін. Балаға обал емес пе?
https://youtu.be/Utth6Uh4m6c