Поэзия және Мен


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл - жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
+99899 955 78 92
+99893 485 78 92
Мейрамбек Әбдіқалиев

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Оқыған: Дәрібаева Майра


***

Бекер создым дей алмаймын айға қол,
Жетпейтінін біле тұра шамамның.
Күні - түні тыным бермес ойға сол -
Мені ұмытқан адамым.

Тамағыма тығылып тұр тағдырым,
Көзін жойып күлкінің.
Сезесің бе Сағынбайтын сылқымым,
Сағыныштан - жындымын?!

Сонау күнгі мәңгі дейтін сезімнен,
Қиылыспас жол қалды.
Табамын деп үміттенем Мен байғұс.
Іздемейтін Қалқамды.

Армандаған ардан таза Айымның,
Мүмкін өзге ардағы.
Күліп маған келмесе де көнемін,
Жыламаса болғаны.

Менің еншім қалғаны...

Мейрамбек Абдіқалиев

https://t.me/Meyrambek_poeziya


"Ессіз жыр"
Оқыған: Ақбота Сәрсенбаева


Ессіз жыр

Кері кеткен кербез күндер кешегі,
Келмейді ме күткенмен?
Көктем жайлы көп ойланам көңілсіз,
Күле алмаймын көптен мен.

Көктен сұрар шын керемет көздерің,
Ғажап сәтке өткелдей,
Күрең бақтар күлгінденіп жоқ болды ау,
Ұшып кеткен кептердей.

Кірпігіңдей дір - дір етер кеудемде,
Сағыныштың сағаты.
Көбелектің күйін кештім Көріктім,
Күйіп қалған қанаты.

Күна деген махаббат па біздегі,
Онда жол жоқ тәубаға.
Келе алмасаң, кеше салшы көнемін,
Қолдан келсе ойлама.

Үнсіздіктің шекарасы бар шығар?
Сыйдыра алмас кең дала.
Менің жаным тіл қата алмай тұншығар,
Оның емі - Сен ғана!

Көз алдымда күңгірт - күңгірт кешкі іңір...
.......................................................................................
Жаздырмады - ау есті жыр!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Айдар Мөкешов 🎼🇰🇿 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Менің әніме жазылған @Meyrambek_poeziya1 ағамыздың сөзі: “Келші енді”
Жуырда 🙌🤙🤞😎🙂


Саған қалай айта алам...

Саған қалай ғашықпын деп айта алам,
Сүрте алмасам жасыңды.
Қадамымнан қалай кері қайта алам,
Қиып Сендей Асылды.

Тата алмаған тағдырымның бал дәмін,
Ерініңнен іздеппін.
Шарасыздан шайналарын саусағым,
Сен барыңда сезбеппін.

Өлмейтін бір ән арнасам өзіңе,
Жұбанар ма жүрегің?
Өтемі үшін сенсіз өткен өмірдің,
Амандығың тіледім.

Саған деген сезімімнің тұнығын,
Өлеңімнен байқарсың.
Менсіз өткен күндеріңнің "қызығын"
Құшағымда айтарсың.

Білесің бе Ай жүзіңе Аппағым,
Жер бетінде гүл егіз.
Ең алғашқы кездесуді еске алып,
Бір күн бірге күлеміз.

Бұйырады сондай күн,
Сенемін - сенеміз!


https://t.me/Meyrambek_poeziya
Мейрамбек Абдіқалиев


Айдар Мөкешов 🎼🇰🇿 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қуыршақ

Əу баста алдаған нəзік үн еді.
Нəзік үн деп сенген жазығым беді.
Сүйем деп тағы да ерін шүйірме.
Памадаң жанымның азығы меді.

Жаныма жолама алыс кет дедім.
Сезімсіз сүйе алу таныс деп пе едің...
Жүректен шықты деп жыр қылма маған.
Миыңның жаттанды конспекттерін.

Шын сүйген адамға ұқсап қал лайым.
Мен енді бұл жолы ұсақталмаймын.
Мың жерден тартымды болсада кешір.
Жүрексіз денеңді құшақтамаймын.

Əу баста алдаған нəзік үн еді.
Нəзігім деп сенген жазығым беді.
Сүйем деп тағы да ерін шүйірме.
Памадаң жанымның азығы меді.

Қуыршақ ойнамайды Жігіт деген...

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya1
@aydar_tore_officiall


"Кідірсең аздаған жыл.
Мен саған жазар едім,
Адамзат жазбаған жыр"
Ж. Ж

Сен Мені оқып жүрсің сеземін

Келеді деп, келеді деп тәуір күн,
Жылы желін күтем ынтық сәуірдің.
Сол бір кештен ең соңғы рет кездескен,
Саған деген сағынышпен ауырдым.
Сағындым!

Сынық - сынық сезімімнің айнасын,
Ессіз жүрек қалай енді жинасын?
Мен сен жайлы жазып жүрмін күнде өлең,
Жұматайдай жырға қосқан Ләйласын.
Қайдасың?

Өткен шақты табамын деп бүгіннен,
Ақымақпын кеткен баққа үңілген.
Көктем исі таралады ғажайып,
Саған сыйға тарта алмай түңілген.
Гүлімнен.

Оқиғамыз түс сияқты - болмаған,
Қарай берем Сен келердей жолға алаң.
Саған барар жалғыз соқпақ жол басы,
Бірақ соңы шиыр - шиыр шырғалаң.
Сол жаман.

Кінаміз жоқ, күнаміз жоқ Асылым,
Ғашықпыз біз шатастырған ғасырын.
Білем, сезем оқып жүрсің Сен мені,
Жат көздерге көрсетпестен жасырын.

Шыда, шыда Ғашығым!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Парақшасы тым-тырыс...
Көңілі ше?

Оқыған: Ақбота Сәрсенбаева
https://t.me/aqbotapoeziya
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Үнсіз

Менің қазір мұң қаласы шын өлкем,
Ол қалада жаза алмайды гүл өркен.
Бізді тағдыр ойламайды біл Еркем,
Сені біреу аймалайды күні ертең.
Ай кеп оны маған жылап айтады,
Үнсіз, үнсіз...

Сезімімен сыңар болған Серігім,
Еркіндікке құмар болған Елігім.
Сенсіздіктен жеңіп жатыр мені мұң.
Ақ жүзіңе тигізе ме өзге суық ерінін...
Содан сенің сөнеді ме сенімің?!
Жай күйіңді ай кеп жылап айтады.
Үнсіз, үнсіз...

Әр түн солай шаштарыңды тарайсың,
Біз кездескен сәттердің, секундтарын санайсың.
Кейде еріксіз жымиясың, кешір...
Кейде жылайсың.
Терезеңді ашып тұрып содан соң...
Аспанға үнсіз қарайсың.
Бәрін - бәрін айтып берер ай маған.
Үнсіз, тілсіз...

Бұл - үнсіздік, бұл - үнсіздік неткен жауыз ез еді.
Жанымды - ол,
Жанымды - ол, үнсіз ғана езеді.
Кері айналып келмейтінін бал шақтардың кезегі.
Үнсіз жүрек, үнсіз ғана сезеді.
Ай шыққанда сен көшеге шықпашы,
Менсіз, менсіз...

Бәрін маған жылап айтып береді,
Біз көрмеген көктем ай...
Көктегі - Ай!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


"Жайымды
айтсам
жасырмай"

Кит секілді жағалауға ұрынған,
Менің халім мүшкіл халді бұрыннан.
Сыр іздегім, келмегендей жырыңнан,
Гүл іздегім, келмегендей қырыңнан.
Соңымнан сөз шұбырған...
Халім менің мүшкіл еді бұрыннан.

Таңданғанмен заманаға зулаған,
Жылы шырай танытпаған ол маған.
Арманымды қайтсем екен алдаған.
Бақ құсымды қайтсем екен қонбаған.
Дұғам қайда арнаған?
Менің жолым жолсыздық па таңдаған?...

Тұман түнгі тағдырындай тамшының,
Жан түсінбес жұмбақ па едің жан сырым?
Менде бәрі жақсы сынды... ал шыным:
Санасызға ақын емес малшымын,
Саңырауға дауысы жоқ әншімін.

Мен кім едім ұқпағанда жағдайын,
Мұқағали Төлеген мен Шәмшінің...

Мейрамбек Абдіқалиев
(Архив)

https://t.me/Meyrambek_poeziya


Сен жоғыңнан

Таңғы Алматы мұнар - мұнар көк түтін,
Көк түтінге айдап салар жоқ күтім.
Мен барымды алмасар ем дәл қазір,
Мейірімге бір жұтым.

Таңғы Алматы асыққан ел кептеліс,
Кептелісте айтылады көп сөгіс.
Мен барлығын бастар едім басынан,
Оралмайды өткен іс.

Таңғы Алматы қу тіршілік күн суық.
Жылылықпен жүрегіме жетші үміт.
Қыр соңымнан ере бермей жалғыздық,
Аламанның арасына кет сіңіп!

Көктем келер ертең ақ гүл жамылған,
Арылармын мүмкін мен бұл жырымнан.
Алматыда ән қылар ештеңе жоқ,
Әрине ол - Сен жоғыңнан...

Қайдасың?!

Мейрамбек Абдіқалиев

https://t.me/Meyrambek_poeziya


Саған жазған хаттардан...

Араны суытасың,
Күн өтіп ұмытасың.
Өзгені жылытасың.
Білемін.

Ұқсап бір ертегіге,
Ене алмай ертеңіңе.
Кешігіп түстеріңе.
Кіремін.

Жалынды оттай тегі,
Сезімнің шоқтай кені.
Ешкімге айтпай сені.
Сүйемін.

Қинаса естеліктер,
Еркіңді ескеріп көр.
Еш емес кеш келіп көр.
Тағы.

Сақтаулы саған жазған,
Сағыныш жыр хаттарым.
Желіден тексеріп көр...
Жаным!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Не істеп жүрсін дейтіндерге бірер сөз

Ағыл - тегіл таппасамда теңгені,
Жетер маған жаратқанның бергені.
Мені Алматы өзгерткен жоқ сене бер,
Өзгертпедім мен де оны.

Өміріме енгізбек боп шұғыл іс,
Жасағанмын талай - талай бұрылыс.
Үкім алдан өлең үшін жол сілтеп,
Күтіп алған құрылыс...

Көргеннен соң тіршіліктің көп сынын,
Тілге көшкен жүректегі тек шыным.
Дәу қалаға өлең қуып келгенмен,
Дәу қоймада жүкшімін...

Дегенмен сапар аздап биіктетті,
Кезегінде - сүйдірді сүйікті етті.
Көңілім кей күндерде көтеріліп.
Кей кезде күйіп кетті...

Мен де пенде қарапайым жердегі,
Қызықтырмас кейбір орын төрдегі.
Мені Алматы сағына ма білмеймін,
Сағынады бірақ туған жер мені.
Сағынамын мен де оны!

Жақында жолға шығам бұйырса.

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya






1 - Наурыз

Сағат түнгі он екіден бір кетті.
Біздің жүрек, біздің жүрек дір етті.
Ақпан кетті, көктем келер күлімдеп.
Көктем келер көкке орап жер көкті!

Жасыра алмай жанардағы күлкіні.
Көп ойландым, төсегімде сол түні.
Таңда дала тұратындай түрленіп.
Гүлін ашып теректердің бүртігі.

Сағат бірден, жоқ екіден он кетті.
Өткен жайлы, көктем жайлы ой кетті.
Өлең жазғым келгені ме білмедім.
Шимайладым қалам алып бір бетті.

Шабыт деген шалқытатын шарап па?
Не жазбақпын сонда мынау параққа?
Ерте ояндым...
Ауа - райы: сұп-суық.
Көптен Күткен Көктем деген сол - ақ па?!

(Архив 01.03.2018)
Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya


Өзгерген жыл мезгілі

Сағынтқанмен жылылық, көктем лебі.
Жібергісі келмейді өткен мені.
Өзге жанды тапты деп ойлап жүрсең,
Жүрегім мекен емес көп бөлмелі!

Көктем келіп, шығарған қыстан аман,
Тағдырыма қалайша сұстана алам.
Кездесесің,
Сүйесің,
Қоштасасың.
Махаббат тұрады екен үш қадамнан.

Сен сезесің, білесің күйімді осы.
Шарасыздық ең ауыр қиын тұсы.
Жыл мезгілі мен үшін екеу ғана,
Бірі - сен бар,
Жалғыздық кейінгісі!

Ендеше ертең ештеңе өзгермейді...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


"Ертең көктем келеді"

Оқыған: Ақбота Сәрсенбаева
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Ертең көктем келеді!

Оқыған: Айгүл Тұралова

https://t.me/Meyrambek_poeziya

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.