Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Ta’lim


Дебат, қызық мол жылдар❤️
Админ: @YerkebulanKuanbay
87010802020
#Күнтізбе
#мүмкіндік
#қарарлар
#сауалнама
#қоғампікірі
#пікірсайыстүлегі
#qazaq
#дебатқызықмолжылдар
#ДебатОнлайн
#Азамат

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Мәжіліс депутаты квадроберлерге тыйым салу туралы ұсыныс айтты. Депуттаттың айтуынша, өзін жануарға теңеп, жануар сияқты ұстайтын жастар мәдени құлдырауға себеп болады. Квадробингке заңмен тыйым салу қажет пе? #сауалнама
So‘rovnoma
  •   Иа, бұл жат мәдениетке еліктеу, құлдырау, ұлттық бірегейлігімізді жоғалту, тезірек тыйым салу керек
  •   Жоқ, өйтіп жүрген жастар аз, әр балаға ата-анасы жауапты, ал депутат басқа маңызды нәрселерді айтсын
  •   Жауап беруге қиналамын
110 ta ovoz


Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
28 қарашада кинотеатрлардың бәрінде "Моана 2" анимациялық филмі шығады.

Бұл жолы Моана есейіп, сұлу бойжеткенге айналды. Есейген Моана алдында жаңа міндеттер пайда болып, ол қайтадан кемеге мінуге мәжбүр. Туған жерінен жырақтағы сапарында Моанаға баяғы достары - Мұхит, Мауи және Хей-хей жанында болмақ. Достардың сапары сәтті болар ма екен?

Қазақша дубляж жасалған!


ÖZGERIS✨
30-караша Өзгеріс пікірсайыс клубы
Ұйымдастыратын "Жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлік" атты турнир өтетінін
хабарлаймыз!
📅Өтетін күні-30 караша
📁Формат-АПФ
📈Мектеп + колледж
Орыс лига + Қазақ лига араларында өтетін
турнир
Турнир Автожол колледжінде өтеді
📍Гришина 7

🗯Қосымша ақпарат алу үшін:
8 778 5510780
(Арсен Мухамбетұлы)

👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻
https://www.instagram.com/p/DCpNsgNI2IH/?igsh=eHB4aWp3aXM5OXY0
#Күнтізбе


Мен ... #сауалнама
So‘rovnoma
  •   Оқушымын
  •   Студентпін
  •   Мектепте жетекшімін
  •   Пікірсайыс түлегімін
  •   Еркебұланның досымын😜
  •   Ешқайсысы, Пікірсайыс қозғалысына қызығатын адам
242 ta ovoz


Құрметті пікірсайысшылар мен дебат әуесқойлары🇰🇿

Назарларыңызға TURAN CUP республикалық пікірсайыс турнирінің ТЭБ-ін ұсынамыз👇

https://www.instagram.com/p/DCmPtIytdf3/


Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿 dan repost
КИБЕРПАНК ӘЛЕМІНЕ КӨМЕК КЕРЕК🇰🇿

Барлық дербес жүйелерге хабарлама! 🕶
Қалдарыңыз қалай, кибер кеңістіктің тұрғындары? Сіздермен байланыста «Конгресс» ИДК! 🛰 Семей галактикасындағы Шәкәрім планетасының Конгресс кибер әскеріне роботтар шабуыл жасауда.🤖 Сіздер роботтарды жеңу үшін турнирге қатысуға шақырамыз🌐

Дәстүрлі KONGRESS CUP X РЕСПУБЛИКАЛЫҚ пікірсайыс турниріне қатысуға, роботтармен күресуге барлығы дайын ба? 🕹Жер планетасының ең мықты пікірсайысшылары шақыруды қабылдауға әзір ме?

💥 Киберпанк әлемінің уақыты мен ғарыштағы сызықтар тура 30 қараша мен 1 желтоқсанға түсіп тұр. Бұл уақыт ерекше жаңалықтарға толы болады деп уәде етеміз! 🌟

🛠 Кіру нүктесі: Тіркелу үшін осы сілтеме арқылы кибер кеңістікте өз орныңызды алыңыз.
https://forms.gle/LzSLj3cs1uwPv57H6
#Күнтізбе


кейбір адамдар мені осы телеграм, инстаграмнан ақша табады деп ойлайды екен, бірақ шын мәнінде олай емес. Бұл пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған еркін жоба✅

мақсатым еліміздегі дебатты дамыту, пікірсайысшыларды дамуға, ұйымшылдыққа шақыру❤️

себебі осы әрекетім арқылы, пікірсайыс қозғалысының, пікірсайышылардың дамуына үлес қосу арқылы елімнің дамуына үлес қосып жатырмын деп есептеймін🇰🇿

әрине, әр адам өз еңбегінің бағаланғанын, нәтиже бергенін қалайды, бірақ қазіргі жағдайым осы. және мен оны қабылдаймын да, қолымнан келгенше пайдалы болуды жалғастыра беремін.
#Дебатқызықмолжылдар #пікірсайыстүлегі


Сәлем, оң жақтан санағанда екінші тұрған жігітті танып тұрған боларсыздар. Танымасаңыздар, аты Арнұр, пікірсайыс түлегі🇰🇿

Кезінде бірге дебат ойнағанбыз, қазір жасап жүрген жобаларын сырттай бақылап, қуанып, қызығып жүрмін.

Қазір негізгі жұмысынан бөлек тұлғалық даму, әдет қалыптастыру, кітап оқу бойынша Qorzhyn деген блог жүргізеді. Инстаграм, Тиктокта 100 мыңнан астам оқырманы бар.

Жақында пайдалы кітаптардың шағын мазмұнын дайындап, телеграм-бот жасап шығарыпты @qorzhyn_books_bot. Көріп қуанып қалдым, тамаша❤️

Шынымды айтсам, кезінде дебат ойнаған адамдардың жетістігін көріп қатты қызығамын, кеудемді бір қуаныш, мақтаныш кернейді❤️‍🔥
#Дебатқызықмолжылдар #пікірсайыстүлегі


Сәлем, кітап-сүйер қауым!📚✨

Біз сізді Qorzhynym қысқаша мазмұндар қорында көргенімізге қуаныштымыз.😍 Уақытыңызды үнемдеу, кітап оқуды ынталандыру, және әлемдік ресурсты қолжетімді ету мақсатында біздің топ апта сайын жаңа кітаптардың мазмұндарымен бөлісіп отырады.

Қызметіміздің бір айлық жазылым құны – 990 тг.(үш айға бірден жазылу 2490тг). Төлемді келесі сілтеме арқылы жасауыңызға болады: https://pay.kaspi.kz/pay/mnqkdag8

‼️Төлем жасалған соң, чекті осында тіркеп жіберуіңізді сұраймыз. Бірер уақытты төлем расталып, қоржынымыздағы барлық кітаптардың қысқаша мазмұнына қолжетімділік ашылады.

Сұрақтар, керіс байланыс бойынша +7 702 277 4650 вацап нөміріне жазуыңызға болады.


aruneq dan repost
бізде мәһр болмағаны рас, бірақ бұл оның маңыздылығын жоққа шығармайды. Қалың мал мен мәһр бір-бірінен бөлек ұғымдар. Қалың мал көбіне қыздың туыстарына берілсе,
мәһр – тікелей қалыңдыққа тиесілі.


aruneq dan repost
Мәһр – ислам шариғатында әйелдің құқығын қорғауға бағытталған маңызды институт. Оны алып тастау ұлттық құндылықтарды қорғау емес, керісінше, ислам дінінің түпкі мақсаттарын дұрыс түсінбеуге әкелуі мүмкін )


Шимай дәптер; dan repost
Мәһрдің алынып тасталуы – ұлттық құндылықтарды сақтаудың жолы

Мәһр – ислам шариғатының бір бөлігі ретінде қарастырылатын, қалыңдыққа берілетін сыйлық. Бірақ оның ұлттық дәстүрлерге қайшы келмейтін деңгейде болуы немесе мүлдем алынып тасталуы – қазіргі қоғамда маңызды әрі дұрыс шешім.

Себебі қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлері әрқашан жоғары бағалануы тиіс, ал дін сол дәстүрлермен үйлесім табуы керек.


Қазақ халқының салт-дәстүрінде мәһр міндетті түрде болған емес. Оның орнына қалың мал беріліп, той кезінде екі жақ та бір-біріне сый-сияпат жасаған.

Бұл дәстүр ұлттық бірегейлікті сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалды. Ұлттық болмысымызды сақтау үшін дәстүрлерімізге басымдық бергеніміз дұрыс. Мәһрді алынып тастау – ұлттық құндылықтардың артықшылығын мойындау.


Діннің негізгі мақсаты – адамдарды рухани дамыту, ал дәстүр ұлттың мәдениеті мен болмысын танытады. Егер дін мен дәстүр қайшылыққа түспей, бірін-бірі толықтырып отырса, қоғамның тұрақтылығы артады.

Мәһрді қалың малдың орнына алмастыру немесе мүлдем қажет емес деп санау – дәстүр мен шариғаттың үйлесіміне жол ашады.


Кейінгі жылдары мәһрдің шамадан тыс қымбат болуы көптеген жастардың отбасы құруын қиындатты.

Ал қалың мал – дәстүрімізге сай сый ретінде қарастырылғандықтан, оны мәһрдің орнына қалдыру әлдеқайда әділетті. Бұл шешім жастарға материалдық тұрғыдан жеңілдік береді және отбасылық құндылықтарды нығайтады.


Сәлем, Қазақ дебаты🇰🇿
5-6 желтоқсан күндері Атырауда директорлар арасында өтетін турнирдің қарарлары:

1. БП Қазақстан Республикасының жастар саясатының негізгі жұмыс бағыты басым көпшілік жастарды дамытудан (ақпараттандыру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, қосымша курстарға қатыстыру т.б.) қарағанда белсенділер мен көшбасшыларды ынталандыруға (бастамаларын қолдау, марапаттау, насихаттау) негізделуі керек деп есептейді.

2. БП блогингтің дамуына қарсы.

3. БП жасанды интеллекттің дамуын тоқтатады.

4. БП мектептерде бағасыз оқу моделін енгізеді.

5. БП мектеп басшыларының жалақысын өсіру білім сапасын арттырады деп есептейді.

6. БП жеке меншік мектептердің көптеп ашылуы білім саласындағы оң үрдіс деп есептейді.
#қарарлар
*толық ақпарат
'https://t.me/QazaqDebaters/2348?comment=68931' rel='nofollow'>комментарийдегі хатта


Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы "қалың малды" "мәһір" деп санауға болады деген шешім шығарыпты. Бұл шешімді қолдайсыз ба? #сауалнама
So‘rovnoma
  •   Иа, дұрыс, екеуі бір нәрсе, ұқсас, әйтпесе, соңғы кездері мәһір сән болып кетті
  •   Жоқ, қыздың мәһірі бөлек болуы тиіс, ары қарай қыз бас тартса, өз еркі
  •   Жауап беруге қиналамын
109 ta ovoz


Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков) dan repost
Әр қиындық – күштірек, ақылдырақ болуға мүмкіндік. Өз қабілеттеріңізге сеніңіз және табандылықтың күшін ешқашан төмен бағаламаңыз. Есіңізде болсын, жетістік ешқашан құламау емес, құлаған сайын қайта тұру жайлы.

Алға қарай жүре беріңіз, сіз мұны жасай аласыз! 💪✨


Сәлем,сәлем🇰🇿

🔥ORATOR CUP🔥

Оратор интеллектуалды пікірсайыс клубының 20 жылдығына орай ORATOR CUP турнирі болатынын жариялаймыз. 🤯🥳

✔️ТЭБ: 24 команда

🖊Формат: БПФ

📍Өтетін орны: Қажымұқан 11(ЕҰУ №5 корпусы)

🗓Өтетін күні: 01.12.24

Тіркелу 25 қарашаға дейін:https://forms.gle/Pj4hoomqArwU5bzE6

Сіздерді турнирде күтеміз.😍
#Күнтізбе




Қайырлы таң, пікірсайысшылар🇰🇿

⚜️Құрметті ағайын-туыс, құда-жекжат, нағашы-жиен, аға-әпке, іні-қарындастар!

Сіздерді аты аңызға айналған көк күмбезді, күннің шұғыласы шағылысқан Түркістан шаһарында TOIGʻA BARAMÝZ CUP I атты Тұран пікірсайыс орталығының тойына 🎉 шақырамыз.

🎩Format: ЛД.
🙋‍♀️Type: Жас буын (студенттерге оқушылар төрешілік етеді).
🕶Dress-code: Тойға киетін жалғыз көйлек.
Candidate: кез-келген студент (бакалавриант, колледж, магистр бітірген студенттерде қатыса алады).
📣Quota:40

🥁ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
•Ең үздік спикер-50,0001️⃣
•Үздік спикер-25,000₸2️⃣
•Үздік оратор-15,000₸3️⃣
•Үздік кандидат-10,000₸4️⃣

🔰Бағдарламаға байланысты:
•Краш спикер(dress-code👠)-5,000₸
•Тапқыр спикер(lottery🎫)-2,000₸
•Интеллигент спикер (dance🪗)-2,000₸

🕌Тұрандықтар арнайы сіздер үшін:
•Үлкен той🎡
•Керемет турнир🏆
•Интеллектуалды ойындар🎮
•Би жарыс(шәйнекке талас)💃
•Лотерея🎟
•Түскі дастархан🔔
•5-тің шайын, дайындайды☕️

⬇️Тіркелу: t.me/tpo_officially_turkestan/83

Баршаңызға сәттілік💙💙💙
#Күнтізбе


SHYĞYS CUP-2024 dan repost
ЛД 1/4
БК сыйластық махаббаттан жоғары деп есептейді


Депрессияда жүрсіз бе? #сауалнама
So‘rovnoma
  •   Жоқ, бәрі жақсы
  •   Жоқ, бәрі жақсы десем де болады
  •   Иа, аздап бар
  •   Иа, біраз депрессияда жүрмін
241 ta ovoz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.