"Біз біргемізге" қатысты ең қынжылтатыны - бұл оқиғаның қоғамдағы сенім деңгейін одан әрі төмендетуі. Біз онсыз да горизонтал байланысы әлсіз, атомизацияланған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сауалнамаларға сәйкес, адамдардың 70%на жуығы бөтен адамға аса сенбеймін деп жауап береді. Сондықтан, бізде не көп - нотариус пен күзетші көп. Танымайтын адам көрсе сескеніп қараймыз, біреу бір нәрсе ұсынса - алаяқ шығар деген үрей тұрады, ал балаларымызға ешкімге сенбе деп үйретеміз.
Ал қайрымдылық бұл тек мұқтаж жандарға қолдау көрсету ғана емес, қоғамды біріктіруші маңызды әлеуметтік институт. Адамдар көмектесу арқылы діни, моральдық борышын өтеп қана қоймай, өзара қарым-қатынас тәжірибесін алады, өзін кеңірек қауымдастыққа тиістілігін сезінеді, осылайша қоғамда көзге көрінбейтін мыңдаған горизонтал байланыстар орнайды. Азаматтық қоғамның фундаменті - осы байланыс пен сенім.
Бұл жағдайды билікке жақын күштер азаматтық қоғам институттарын қаралау үшін пайдаланатыны анық. Алайда, мәселенің түпкі себебі тереңде жатыр. "Біз біргеміз" қоры - GONGO (үкіметтік емес үкіметтік ұйымдар) секторының типтік өкілі. Соңғы 20 жыл ішінде мұндай ұйымдар азаматтық қоғамды имитациялау ғана емес, бюджеттік және қоғамдық қаражатты игерудің құралына айналды. Сондықтан, қазіргі жағдайды қайырымдылық саласын мемлекеттік бақылауды күшейту тұрғысынан емес, керісінше, билік құрған немесе қолдау көрсететін қорлар мен ұйымдардың қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету тұрғысынан қарастырған жөн.