JUDO әлемі🥋🌍


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Judo әлеміндегі жаңалықтар және халықаралық турнирлер

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri






International Judo Federation dan repost
📢 Honored to welcome 🇰🇿 President Kassym-Jomart Tokayev to the IJF HQ in Budapest!

Kazakhstan is a vital part of the judo family, and we're excited for the 2027 Judo World Championships in Astana. Together, we advance judo's values of respect, unity, and excellence 🥋🌏

Follow @ijudo


Қазіргі уақытта Қазақстанның үздік 2 дзюдошысы депті.

Келісесіздер ме?








16 жыл Ресей дзюдосы үшін жұмыс істеген Гамба бізге керек пе?
1 ай бұрын ғана Ресейде қызметтен кетті. Эцио Гамба 2016 жылдан бері Ресей азаматы. Қазіргі уақытта Италия паспорты болуы да мүмкін.
16 жыл ішінде Путиннен барлық атақты алды. Путин өзі дзюдошы. Ол дегеніміз Гамбаны сол қолдап, 16 жыл қол астында ұстап келген. Яғни екеуі жақын қарым-қатынаста болған.
Қысқасы, бұл Гамбаны суқаным сүймей тұр


Дәл осы дзюдоға шетелдік маман керек пе? Бұған дейін француз мамандар келген. Енді міне төртеу.
Бұларсыз біздің елден Олимпиада және әлем чемпионы шыққан жоқ па еді. Өз мамандарымыз құрамадан орын таппай жүргенде бұларды қосқандары қалай кетті. Түсіне алмадым. Бұларды түсінбей өтетін шығармыз


Италия аңызы, белгілі жаттықтырушы Эцио Гамба Қазақстан құрамасына көмектеседі

Даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы, Олимпиаданың күміс жүлдегері және әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр.

Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға ие болған.

Айта кету керек, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде.


Моңғолия қазағы Кәдірбекұлы Ёлка Tokyo Grand Slam жарысына қатысады. Ол 60 келіде Моңғолия чемпионатында 2023 жылы қола, 2024 жылы күміс медаль алған.
2023 жылы Ulaanbaatar Grand Slam де 7-орынмен аяқтаған.
Сол жылы Душанбеде алғашқы айналымда жеңілген


Жансай Смағұлов мансабын аяқтады.
Жансай енді жаттықтырушы қызметін атқармақ.
Ол Рио, Токио Олимпиадалына қатысқан. Гран При жарыстарында 3 рет топ жарған.
Соңғы рет наурыз айында Аустрия Гран При жарысына қатысып, жарақат алған.


Ресейлік маман дзюдодан Қазақстан дзюдосына консультант болмақ

Ресейлік дзюдошы Роберт Мшвидобадзе Қазақстанға консультант ретінде шақырылды. Француздардың кесірінен өзіміздің мамандар құрамадан шеттеліп жүргенде бұны не істемекші 🤦‍♂️
Бұл кімге, не үшін керек болды? Осы спортта Елдос Сметов тарих жазып тастады, ешбір шетелдік мамансыз ақ. Елдос бұнымен 6 рет күресіп, 4 рет басым түскен. Енді ол қалай Елдостарға консультант болады?

Кезінде Роберт әлем чемпионатының күміс жүлдесін, Еуропа, Мастерс, Гран Слэм жарыстарында алтын медаль алған. 35 жаста. Бапкерлік карьерасын кеше ғана бастаған. Ол
бұған дейін Қытайдың әйелдер құрамасында бапкерлік қызмет атқарған. Қытай қыздары бұның арқасында әлемдік додаларда кереметтей өнер көрсетпеді. Олар өздерінің ғылымдарының арқасында арасында кейбір салмақтарда жетістікерге жетті. Баяғыдан солай болып келген.




Tokyo Grand Slam турниріне қатысуға қазақстандық 6 дзюдошы өтінім берді.

Турнир 7-8 желтоқсан күндері өтеді


Қазақстан чемпионатының соңғы күні

Аралас командалық сайыстың қорытындысы:

🥇 Алматы қаласы
🥈Алматы облысы
🥉Атырау облысы
🥉Қарағанды облысы


Қазіргі уақытта Абай облысы командасында моңғолиялық Бүүвэйбаатар Хичигбаяр бапкерлік қызмет атқарады. Бұл маман елімізде біраз уақыттан бері бапкер болып істейді. Арасында бір-екі жыл үзіліс алды.
Ақтөбеде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Бүүвэйбаатардың жетекшілігімен барған Абай облысы командасының дзюдошылары жекелей сайыста 2 алтын, 3 күміс, 2 қола олжалап жалпы командалық есепте 2-орынға ие болды.


Грузияның 23 жасқа дейінгі дзюдошылары U23 Еуропа чемпионатында аралас командалық сайыста топ жарды 🏆
Күміс жүлдені Украина құрамасы алса, қоланы Германия мен Нидерланд құрамалары олжалады. Ал, азулы Франция құрамасы жүлдеден тыс қалды


+100 келінің жеңімпазы мен жүлдегерлері:

🥇Әділ Оразбаев (Абай облысы)
🥈Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)
🥉Мади Еділбаев (Алматы облысы)
🥉Жамбыл Тұрғыналиев (Жамбыл облысы)


+78 келінің жеңімпазы мен жүлдегерлері:

🥇Назгүл Маратова (СҚО)
🥈Айымзада Думанқызы (Атырау облысы)
🥉 Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)
🥉 Айдана Ғазизқызы (Қызылорда облысы)

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.