Қалай бастаған жөн?
Әуелі, араб тілін үйренушілерді екі топқа бөліп алайық:
1) Араб тілін арнайы медреседе, универде немесе арнайы орталықта оқып жүрген шәкірт.
2) Араб тілін қосымша, яғни жұмыс істеп жүріп немесе араб тілін оқытпайтын басқа бір оқу орнында оқи тұра араб тілін үйреніп жүрген шәкірт.
Екіншіден, қазіргі таңда араб тілін оқытудағы кең тараған жүйелерді тілге тиек етіп, танысып өтейік:
1) Бастауыш шәкіртті араб тіліне бірден грамматика есігінен кіргізу. Бұл жолмен де жетістікке жетесіз. Мен де осылай үйренгендердің қатарынанмын. Бірақ, бұл - ұзақ және қиын жол.
2) Шәкіртті тек сөйлеумен әлек етіп қою. Тіпті әдеби араб тілінен бөлек, болмайтын ‘аммияларды да (көше тілін) үйрету арқылы тілмаш ету. Бұл - шариғи білім оқимын деген шәкіртке түсу керек емес жол екені айтпаса да белгілі шығар.
3) Шәкіртке араб тілін тіл ретінде үйретіп бастап, ақырын грамматикаға кіргізу. Және менің ойымша қазіргі таңда ең тиімді методология осы.
Енді 1-ші жүйе кімге сай келетіндігі туралы сөйлесейік.
Бұл жүйе 1-ші топтағы шәкірттерге -абсолютті түрде демеймін- бәлки 2-ші топтағы шәкірттермен салыстырғанда көбірек сай келеді. Себебі, сарф және нахвумен бастау (араб т. грамматикасы) алғашқы уақытта қатты көңіл бөлуді және сол нәрсеге көп уақыт арнауды талап етеді. Ал бұл нәрсе өздерінің оқу не жұмыстарына байланысты 2-ші топтағы шәкірттерге қиынға соғады. Оқуы да, жұмысы да араб тілі болған 1-ші топтағы шәкірттер сияқты емес. Өйткені, олардың бар уақыты онсыз да араб тілін үйренуге жұмсалады.
Егер сіз осы топтағы (1-ші топтағы) шәкірттерден болсаңыз, және сізде араб грамматикасынан басқа ешқандай оқитын дүниеңіз болмаса, өзіңізге сөйлеп үйрену дағдысына жұмыс жасауды міндеттеп алыңыз. Сол кезде үйреніп жатқан грамматикаңыздың қалай іске асқанын көріп, шабыттанып әрі қарай ұшасыз.
Ал, 3-ші жүйе кімге сай келеді? Бұл жүйе барлығына бірдей сай келеді. Әсіресе, 2-ші топтағы шәкірттерге өте ыңғайлы. Сіз 1-2 ай, әрі кетсе 3 ай тілді тіл ретінде ұғынып үйренесіз, жаттайтын жерлерін жаттайсыз да тілді ақырын түсіне бастайсыз. Осы кезде грамматикаға кіріскенде грамматика сізге жеңілдеу кіреді. Оп-оңай болады демеймін. Бірақ, бірден грамматикаға кіріп оқығаннан әлде қайда жеңіл болады. Оған сөз беремін:)
Жалпы сөйлеуге жұмыс жасау сатылы түрде қалай болады?
Алғашында 85-90% жаттаумен болады. Контекстпен сөз жаттаудың пайдасын алдыңғы посттарда айтқанбыз. Сол пайдаларға қоса жаттау сізді бастапқыда қиналып, қате сөйлем құрап, қате арабша тіркестің басыңызда қалып қоюынан сақтайды. Және сізге сенімділік пен әрі қарай жүруге мотивация сыйлайды.
Сонымен,
1. Диалогтар жаттау. Өз-өзін таныстыру тексттерін жаттау. Кішігірім қисса-оқиғалар жаттау. Жаңа тіркестер жаттау(3-6ай жалғасу керек кем дегенде)
2. Әжептеуір тіркестерді бойыңызға жинаған соң оқыған нәрсеңізді арабша мазмұндауға көшіңіз. (Кем дегенде 3 ай. Әрине, өзіңіз білесіз.) Және жүрген-тұрған жерлеріңізде көрген-білген нәрселеріңізді арабша сипаттап, сол туралы айтып жүріңіз.
3. Мазмұндап үйренгеннен кейін шығармалар жазып бастаңыз. (Осы кезеңде кітапта, ютубта, фильм-мультфильмде немесе тікелей арабтардан естіген жаңа тіркестерді де түртіп жүріңіз. Сосын тыңдауды тоқтатпаңыз. Арабша сабақтар, подкасттар және фильм-мультфильмдер көріп жүріңіз).
Грамматика жағын қалай дамытамыз?
Грамматиканы яғни, нахвуды сөссіз иғробтау арқылы дамытасыз. Сатылай емес жалпы жасалу керек болған нәрселер мынау:
1. Әр өткен сабағыңызды түсінбей әрі қарай өтпеуге тырысыңыз. Сол күнгі алынған сабақты қайталаңыз. Соның мысалдарын талдаңыз.
2. Бастапқы деңдейде нахву ілімін бір оқып шыққаннан бастап (жаңа кітап бастасаңыз да) оқыған, естіген және өзіңіз сөйлеген барлық нәрсені иғробтап жүріңіз. Бұл нәрсе сізді нахвуда сөссіз мықты етеді.
3. Кітап оқығанда, баннер, коммент немесе телефонға келген хат бәрінің соңғы харекеттерін қойып оқуға дағдыланыңыз. Және не үшін олай харекет қойғаныңызға да жауап беріп отырыңыз.
4. Соңына харекет қойылған жерлердің бәрінде өз-өзіңізге сұрақ қойып жүріңіз. Неге олай болды? Не үшін бұл харекет? деген сынды сұрақтар.
Және соған жауап беріңіз.