Almaty_akimdigi


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Ruscha


Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы
Официальный канал акимата Алматы
Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Ruscha
Statistika
Postlar filtri


Almaty_Joly dan repost
Алматы расширяет авиасообщение с Китаем

Меморандум об оказании содействия в открытии рейсов подписан между акиматом Алматы и национальным авиаперевозчиком КНР Air China.

Документ подписан акимом Алматы Ерболатом Досаевым в ходе его рабочего визита в Китай и встречи с президентом China National Aviation Holding Company г-ном Ма Чонсянем.

Предполагается, что будут открыты новые авиарейсы, включая дополнительный «Алматы – Пекин» и новый «Алматы – Чэнду».

В этом году ожидается рост туристического потока из Китая, что важно для развития Алматы как культурного и делового центра. Запуск новых маршрутов намечен на июнь этого года.

Алматы продолжает модернизировать свою транспортную инфраструктуру, ожидая в этом году 2,3 млн туристов, в том числе 700 тыс. иностранных гостей. В прошлом году Алматы посетило более 95,3 тыс. туристов из Китая с ростом на 54%.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Almaty_Joly dan repost
Алматы Қытаймен әуе қатынасын кеңейтеді

Алматы әкімдігі мен Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы Air China арасында рейстерді ашуға жәрдемдесу туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында және China National Aviation Holding Company президенті Ма Чонсянь мырзамен кездесу кезінде қол қойды.

«Алматы – Бейжің» және «Алматы – Чэнду» жаңа әуе рейстері ашылады деп күтіліп отыр.

Биыл Қытайдан туристік ағынның өсуі күтілуде, бұл Алматының мәдени және іскерлік орталық ретінде дамуы үшін маңызды. Жаңа бағыттарды іске қосу маусым айына жоспарланған.

Алматы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастырып отыр. Биыл қалаға 2,3 миллион турист, оның ішінде 700 мың шетелдік қонақ келеді деп болжанған. Өткен жылы Алматыға Қытайдан 95,3 мыңнан астам турист келген, бұл 54%-ға өскенін көрсетеді.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Интеллектуальную транспортную систему внедрят в Алматы

Аким Алматы Ерболат Досаев встретился с руководством Inspur Group, одним из лидеров в области цифровых технологий, во время своей рабочей поездки в Китай.

Стороны обсудили сотрудничество в цифровизации городской инфраструктуры и внедрении умных решений для транспорта.

Inspur Group планирует создать в Алматы командный центр управления транспортом и внедрить интеллектуальную транспортную систему (ITS), что поможет улучшить координацию дорожного движения.

Также обсуждается открытие научно-исследовательского центра для разработки технологий в различных сферах, включая здравоохранение и охрану водных ресурсов.

Inspur Group – разработчик технологий для умных городов, систем управления движением, налогового контроля и цифрового образования в более чем 120 странах мира.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Алматыға зияткерлік көлік жүйесі енгізіледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында цифрлық технология саласындағы көшбасшылардың бірі Inspur Group басшылығымен кездесті.

Тараптар қалалық инфрақұрылымды цифрландыру және көлікке арналған ақылды шешімдерді енгізу бойынша ынтымақтастықты талқылады.

Inspur Group Алматыда көлік басқарудың командалық орталығын құрып, зияткерлік көлік жүйесін (ITS) енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жол қозғалысын үйлестіруді жақсартуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау және су ресурстарын қорғау салаларын қамтитын ғылыми-зерттеу орталығын ашу мәселесі қарастырылуда.

Inspur Group — ақылды қалалар, қозғалысты басқару жүйелері, салықтық бақылау және цифрлық білім беру технологияларын әзірлеуші. Компанияның шешімдері 120-дан астам елде қолданылады.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Алматы изучает опыт Пекина в градостроительстве

Аким Алматы Ерболат Досаев в рамках официального визита в Китай ознакомился с работой Пекинского центра городского планирования. Это уникальное учреждение демонстрирует современные методы градостроительства и развития города.

Ерболат Досаев изучил ключевые аспекты Генерального плана Пекина на 2016–2035 годы, включая экологические и градостроительные вопросы. Он отметил, что Алматы и Пекин придерживаются схожего полицентричного развития, которое помогает равномерно распределить нагрузку между центром и районами.

Это позволяет создать комфортные условия для жизни и развивать инфраструктуру с учетом экологии. Аким подчеркнул важность переноса лучших практик из Пекина в Алматы для устойчивого развития нашего города.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Алматы Бейжіңнің қала құрылысы тәжірибесін зерттеп жатыр

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға ресми сапары аясында Бейжің қалалық жоспарлау орталығының жұмысымен танысты. Бұл бірегей мекеме заманауи қала құрылысы мен даму әдістерін көрсетеді.

Ерболат Досаев 2016–2035 жылдарға арналған Бейжіңнің Бас жоспарының негізгі аспектілерін, соның ішінде экологиялық және қала құрылысы мәселелерін зерттеді. Ол Алматы мен Бейжіңнің көпорталықты даму моделін ұстанатынын атап өтті, бұл қала орталығы мен аудандар арасындағы жүктемені тең бөлуге көмектеседі.

Бұл тұрғындарға жайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды экологиялық талаптарды ескере отырып дамытуға мүмкіндік береді. Әкім Бейжіңнің озық тәжірибесін Алматыға енгізудің маңыздылығын атап, қаламыздың тұрақты дамуына ықпал ететінін айтты.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Алматыда 15-16 ақпанда қайда баруға болады?

Қыстың ызғарлы күндері әлі қайтар емес. Айнала аппақ қар, еритін түрі жоқ. Десек те, көктем қыр астында, ал қала тірлігі қашанда қарбалас! Түрлі іс-шаралар жетіп артылады. Алдағы демалыс күндері көңіл көтеріп, рухани азық алатын мәдени мазмұнды жобалардан құр қалмаңыздар!

*Толық ақпарат пен іс-шаралардың бағасын ұйымдастырушылардан біле аласыз
***
Куда сходить в Алматы 15–16 февраля?

Зима не спешит покидать нас — всё вокруг окутано её магией: холодно и снег ещё не растаял. Но весна уже близко, и в нашем городе жизнь кипит! Череда ярких мероприятий продолжается, и мы с радостью приглашаем вас стать частью весёлой атмосферы в предстоящие выходные.

*Подробности и стоимость посещения мероприятий уточняйте у организаторов

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Новые спектакли: чем удивит театр «Алатау»

Театр традиционного искусства «Алатау» готовит зрителей к настоящему культурному празднику. Осенью 2025 года на сцене пройдут премьеры, посвящённые 180-летию Абая Кунанбайулы и 100-летию Нургисы Тлендиева. Одной из главных премьер станет музыкальная драма «Естайдың Қорланы», основанная на истории вечной любви.

В текущем VIII сезоне театра появились четыре новые постановки: «Mamluk. Султан Бейбарыс», феерия QULAN, музыкальная комедия Alatau FM radiosy и спектакль-реквием «Темиртас». В прошлом году театр посетили 62 тысячи человек — это рекордный показатель за последние 3 года.

Спектакли театра сопровождаются живым исполнением этно-фольклорного ансамбля. В составе труппы — танцевальный ансамбль, акыны, исполнители традиционных песен и талантливые актёры.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok


Жаңа қойылымдар: «Алатау» театры несімен таңғалдырады

«Алатау» дәстүрлі өнер театры көрермендерді нағыз мәдени мерекеге дайындауда. 2025 жылдың күзіне жоспарланған премьералар Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналады. Басты жаңалықтың бірі – «Естайдың Қорланы» музыкалық драмасы, ол мәңгілік махаббат туралы аңызға негізделген.

Театрдың VIII маусымында төрт жаңа қойылым көрермен назарына ұсынылды: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс», QULAN феериясы, «Alatau FM radiosy» музыкалық комедиясы, «Теміртас» спектакль-реквиемі. Өткен жылы театрға 62 мың көрермен келген, бұл соңғы үш жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Театр қойылымдары этно-фольклорлық ансамбльдің жанды сүйемелдеуімен өтеді. Труппа құрамында би ансамблі, ақындар, дәстүрлі ән орындаушылары және талантты актерлер бар.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok

9 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.