Алмат Жайлаубаев


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Кітапты сүйсең, менше сүй 😁

1-ші кітап керемет әсер еткен еді маған. Түрікшеден аударғанда “Үздіксіз үйрену”. Сонау 2003 жылы оқыған кітабым.

Құрметпен


📣Жаңалық - жаңа пост📣

Достар, әр жаңа шыққан пост - кітаптың бір тақырыбы сияқты. Ешқандай сылдыр сусыз - тек пайдалы ақпарат.

“Проблеманы шешудің тиімді жолы”.
Оқып шығыңыз, бір кәдеңізге жарап қалар. Ал қолдансаңыз 100% жұмыс жасайды, Алланың қалауымен.

Ал кеттік ⬇️

https://www.instagram.com/p/CuqTvhHtefG/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==




‼️Ештеңе сатылмайды.
‼️Тек пайдалы ақпараттар.


Достар, сәлем.

Long time no see - көп болды осы жерге жазбағалы. Екінші кітабымды жазу үстіндемін. Сол жерден үзінділерді осы жерге ғана жіберіп тұрсам деген ниет бар.

Ал қалған жаңалық, мықты инсайт/лайфхак/формулалар мен пайдалы ақпараттарды менің инстаграм парақшамнан көре аласыздар. ⬇️

https://instagram.com/almatzhai?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

‼️Ештеңе сатылмайды.
‼️Тек пайдалы ақпараттар.


​​ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ
Әдептің 4 Негізі

Әдеп – ілімнен бұрын келеді.

Әдептілік ізеттіліктің, құрметтіліктің негізі. Адам әдептілігімен әдемі. Бабаларымыз медресе ашса да сол медреселерге әдепсіз адамды кіргізбеген. Әуелі дінді емес, діндегі ораза немесе намазды емес, әдепті үйреткен. Шариғаттың заңдарын тек қана әдепті білетін. Оны өміріне енгізген «әдепті бала» атанған кезде ғана үйрететін болған. Өйткені әдепсіз адамға, әдепсіз жас буынға шариғатты үйрету жалаң қолмен қызған темірді ұстатқанмен бірдей.

Сол секілді әдепсізге шариғатты үйретсең елді адастырып, елді діннен бездіреді. Әдеп – құлшылықтың мәйегі, өзегі, өмірдегі көрінісі.
Әдеп – ауқымы кең тақырып. Таңертең ұйқыдан ояну әдебінен бастап жуынып-шайыну әдебі, дастархан жаю әдебі, ас жеу әдебі, сөйлеу әдебі, адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі т.б.

Әдеп ол бір ауыз сөзбен айтқанда ұлттық ұстаным. Ата- бабаларымыз әдепті төрт негізге топтастырған.
1) Елден, халықтан, адамнан кемшілік іздемеу.
2) Ақыл айтуға құмартпау.
3) Ерегіспеу, сағдаласпау.
4) Тартыстан аулақ болу.

Осы төрт қасиетті бойына сіңірген адам әдепті болады. Осы 4 қасиеттің негізі – өзгеден кемшілік көрмеуде жатыр. Осыны бабамыз Қожа Ахмет Яссауи:

«Кәпірге де қастық қылма жаралар,
Ол Құдайдан безумен барабар.
Тозақ дайын талақ қылсаң сүннетті,
Менен бұрын мұны айтқан даналар», – деп жырлаған.

Пайғамбарымыздың да ең үлкен сүннеті – кісіден кемшілік көрмей, оларға мейіріммен қарау. Хакім Абай: «Адамды сүй, Алланың хикметін сез» деген. Өзгелерден кемшілік көрген адам қызмет жасай алмайды. Адамға қызмет етпеу, олардан кемшілік көру адамды тәкаппарлыққа жетелейді.

Тәкаппарлық - сыншылдық, міншілдікке, яғни адамды жалғыздық жарына итермелейді. Өзін жалғыз сезінген адам бақыттың дәмін сезе алмайды. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» деп бекер айтылмаған болса керек.

Сондықтан әдептен озбайық. Даму мен кемелдену жолында сапарымыз сәтті болсын, достар!

«Ментор» кітабынан.


​​Өмірлік жеңімпаздың 5 әдеті

Бір салада жетістікке жетіп қана қоймай, сол саланың шыңында ұзақ мерзім тұра білген тұлғалардың өмірін зерттеп қарасаңыз, бәріне ортақ әдеттерді көре аласыз.

Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да, ұқсап бақ», яғни жоғарыда жазылған тұлғалардың әдеттерін қайталау/жасау арқылы, әр адам өз шыңына жете алады. «Fake it, until you make it» - дейді ағылшынша. Сонымен өмірлік жеңімпаздың ортақ 5 әдетімен танысайық.

1.Әдет: Ерте тұру

Үздіксіз даму мен кемелдену үстінде болып, жетістікке жеткен тұлғалардың өміріне үңілер болсақ, ерте тұру мен су ішу бір ұғымда екенін байқаймыз. Адам екеуінсіз де өмір сүре алмайды. Кей адамдар ерте тұрмайтын адамды тірі өлік деп санаған екен. Қызық ия?

Пайғамбарымыздан бастап мықты тұлғалардың өмірлеріне бір көз жүгіртіп көріңізші. Таң қалатын көп нәрсеге куә боласыз. Сол үшін атақты тұлғалардың өмір баянын оқып тұрған дұрыс. Негізі әр адам ар-ожданында ерте тұрудың маңызын біледі ғой, бірақ көбісі жасай алмайды.

Ал ерте тұрдық, енді не істейік?!

2.Әдет: Мақсаттарды жазу

Ғаламды кішірейтіп-кішірейтіп жіберсе адам болады, адамды үлкейтіп-үлкейтіп жіберсе ғалам болады. Демек адамның бойында жаратылыстың тылсым қасиеттері бар. Соның бірі жазу. Неге дейсіз ғой? Өйткені Құранда Алла қаламға және оның жазғандарына ант етемін дейді Қалам сүресі, 1-аят. «Алла тағаланың алғаш жаратқан нәрсесі ол - қалам еді…» - деп басталатын хадис те бар.

Ендеше жазуда бір кие бар деген сөз. Тіпті «Қалам мен Қағаз терапиясы» деген нәрсе бар. бұл туралы алда шығатын кітабымда айтатын боламын. Сол үшін ұлы тұлғалар мақсат қойып, олардың бәрін қағаз бетіне түсіріп отырады екен. Күн сайын!

3.Әдет: Жаттығу жасау

Денсаулық бізге берілген бір аманат. Ал аманатқа қиянат жасау - үлкен күнә. Сол денсаулыққа дұрыс қараудың бір жолы: жаттығу жасау, спортпен шұғылдану. Мен өзіме мынандай нәрсе жазып қойғам: 4Ж ЖЖЖЖ - жаттығу жасау, жылдам жүру, жүгіру немесе жүзу.

Күн сайын тұра салып 15 минут жаттығу жасау өте маңызды. Өйткені мидың жұмысына да әсер етеді. Сондықтан жетістікке жеткен адамдар жаттығуларын тастамайды. Тағы бір бонус: «Контрасный душ». Өзім жасап, ләззат аламын. Мейлі бұл туралы кейін жазармын.

4.Әдет: Кітап оқу

Оқу туралы көп жазбай-ақ қояйын. Бәрін өзіңіз де білесіз! Аз болса да, үздіксіз жасалған амалдарды Алланың өзі сүйеді екен. Сондықтан болса керек, жетістікке жеткен адамдардың қолынан кітаптар түспейді.

«Халыққа қызмет мінезден» - деп Әлихан Бөкейхан атамыз бекер айтпаса керек. Кітап оқу арқылы мінез қалыптасады. Мінезді адамдардан сатқындық, парақорлық сияқты жаман қасиеттер шықпайды. Кітап оқу жайлы бәрі айтып жатыр, ал сіз бастап кетіңіз де, еш тастамаңыз!

5.Әдет: Дұрыс ұйқы мен тағам

Дұрыс ұйқы мен тағамның бір-біріне тығыз байланысы бар. Бұл жерде ұйқы туралы Шон Стивенсонның «Здоровый сон» деген кітабын кеңес беремін. Айтуға оңай, істеуге қиын болған соң да осы тақырыптар күн тәртібінен түспей келе жатыр. Істегендер берекетін көреді.

Қазіргі аурулырдың 10/9-ы онда тоғызы тамақтан дейді. Тағамдарды аса талғаммен таңдап, аш болмай дастарханға отырмай және тоймай жеуді әдет қылу керек. Бір Гандидің өмірін оқыңызшы. Бір адам Үндістанның тәуелсіздігін алуына себепші бола алған.

Бонус Әдет: Ментор табу

Әр жетістікке жеткен тұлғаның өз менторы болады. Сол үшін де Пайғамбарымыз: «Сахабаларым көктегі жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңіз де тура жолды табасыз» деп, менторлықтың маңыздылығын меңзеп өткендей.

Бәрі шабуылдап, қамалын алалмаған қаланы 21 жасында Константинополь-ды Сұлтан Мехмет (Фатих) алады. Алайда Мехметті Мехмет еткен Акшемсетдин деген ұстазы/менторы. Әр ірі тұлғаның артында бір менторы болады. Ұстаздан шәкірт озғанда ғана Ментор шынайы ментор болады!

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, достарым!


Итс Бритни, битч dan repost
Аналитики вместе со специалистами по психологическому здоровью проанализировали 500 роликов с тегами #mentalhealthtips и #mentalhealthadvice и выяснили, что:

- 83,7% советов по психическому здоровью в Тиктоке вводят в заблуждение, а 14,2% видео содержат потенциально опасный контент.

- Только 9% консультирующих на платформе «психологов» имели соответствующую квалификацию.

- 54% советов содержали точную информацию, но 31% видео содержали категорически неверную информацию.

- 99% процентов видео не содержат дисклеймеров о том, что советы транслируются не специалистом и могут не подойти вам.

- Каждый 7-й совет в Тиктоке по психологическому здоровью может нанести вам вред.

- 100% попавших в выборку видео про СДВГ несли в себе вводящую в заблуждение информацию.

💘 Пожалуйста, не ставьте себе диагнозы по Тиктоку.


Дөрекі адаммен қарым-қатынас

Қоғамда көшеде, жұмыста, паркте түрлі адамдарға жолығамыз. Солардың арасында өз-өзінен сізге соқтығып, ашуыңызға тиетін адамдар да кезігеді. Егер сіз
сезімтал болсаңыз, өмірлік тәжірибеңіз аз болса, осындай сәтте қиналып қалуыңыз мүмкін. Осы мәселеге қатысты бірнеше кеңес айталық.

Мұндай кезде ең әуелі салқынқандылық танытуыңыз қажет. Біреу ит болды екен деп, адамдықтан кетті екен деп, сіздің де итке ұқсауыңыз қателік. Адамдықтан аттаудың қажеті жоқ. Ондай түсінікпен ешнәрсе ұтпайсыз, керісінше ұтыласыз.

Өткенде бір кісімен сөйлестім. Өте көп қателік жасағанын, сол себепті абақтыда жылдар бойы отырып шыққанын айтты. Қалай болғанын сұрағанымда: «Біреумен ерегісіп қалдым. Былай қарасаң, бос нәрсе. Ол маған ашуланып жаман сөздер айтты. Менің де еркектік намысым жібермей, былапыт сөздер айтып, ақырында оған пышақ сұқтым», – деді.

Мен оған: «Итпен ит болу қашаннан бері еркектің намысының қорғалуы болған еді?» – деген едім, әлгі кісі: «Әттеген-ай, сол сәт қайта берілсе не айтса да шыдап тұрар едім», – деп жауап берді. Мұны атам қазақ «жалған намыс» дейді. Кейбір жігіттер жалған намыс пен нағыз намысты ажырата алмай өмірін қор етеді.

Өз орны мен тұлғалығын білетін адам өзін қор етпейді. Демек, біреу ашуланған кезде салқынқандылық танытқаныңыз жөн. «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» дегеніміз осы. Психологтар «Сабырлық таныта алмай жатсаң, онда сол кезде дереу ішіңнен отыз не елуге дейін сана, немесе айналаңдағы түрлі түстерге назар сал» деген тәсілді айтады.

Менің айтарым, іштей тіліңізді кәлимаға келтіріп тұрыңыз. Шайтаннан Аллаға сиыныңыз. Білетін дұғаларды оқыған жөн. Сонда келеңсіз жағдайларға түспейтін боласыз.

Есіңізде болсын адамда рух болады, жүрек болады, нәпсі болады. Бойдағы нәпсіні қазақ «ит» деп сипаттаған. Аталарымыз бұрын ашуланғанда «иттің баласы» дегені бойында ит-нәпсісі бар дегені. Енді осы нәпсі кейде миды қолға алып, рух пен жүрекке бой бермей өзі сөйлеп кетеді.

Нәпсінің сөйлеуі – өзін ақтап, қызғыштай қорғай жөнелуі. Мұндай жағдайда салқынқандылық танытып, оның не деп тұрғанына ақылмен назар салу керек. Мұндай кезде өзін ақтап, басқа кісілерді төрелікке шақырып жатса, пайда бар. Ең дұрысы бұрылып кете беру. Бәрі де салқынқандылықпен шешілген дұрыс. Сонда сіз ұтасыз.

“Ментор” кітабынан үзінді

https://t.me/almatzhai


Өзіңді 5 түрлі жолмен ынталандыр

Өміріміз жүректің қағысын өлшейтін ЭКГ-нің сызықтары тәрізді. Әрдайым жоғары-төмен, жоғары-төмен. Егер өмір түзу бір сызық болса, ол жерде даму мен кемелдену жоқ деген сөз (өмір де жоқ). Қай жерде болмасын, өмір болған соң адам баласы бір жоғары, бір төмен жүріп дами бермекші.

Адам баласын жетістік, қуаныш сияқты жағымды сәттер әрдайым ынталандырады. Бұл жүрек қағысының жоғарғы кезін көрсетіп тұрған ЭКГ сияқты. Алайда, төменгі қағыстарда біз өзімізге және қабілетімізге күмән келтіре бастаймыз. Осындай уақытта кейде жақындарымыздың өзінен қолдау ала алмаймыз. Санамыз мұнарланып, айналамыздағының бәрі ыдырап, әр басқан қадамымыз бізді одан әрі төмен тартып жатқандай көрінуі мүмкін. Мұндай сәтте өзімізді жігерсіз сезініп, мақсатымызға қарай қадам жасаудан қорқып жатамыз.

Өз басымнан осындай кезеңдерді көп өткіздім. Осыған орай “Ментор” кітабымда “Тормоз болмау” атты бөлім жазған едім қалайда оқып алыңыз. Сонымен қатар қиын кезеңде өзімді жігерлендіру мен ынталандырудың түрлі жолдарын көрдім. Өзіме деген сенімді қайта көтерген, рухымды асқақтатқан және ЫНТАЛАНДЫРА түскен бірнеше жолымен бөлісейін.

1. Сізді алаңдатып жүрген ойларыңыздың бәрін жазып шығыңыз. Әрине жазу - ынтаңызды арттырып жібермейді. Алайда, ойдағыны қағазға түсіру арқылы миыңыз біршама жеңілдеп қалады. Осылайша нақты әрі жүйелі ойлауға мүмкіндік туады.

2. Босаңсу режиміне түсіңіз. Бүкіл ішек-құрылыс, бұлшық ет және буындарды босаңсыту қажет. Сонымен қатар керексіз уайым-қайғы мен бос үрейлерден арылған дұрыс. Ал ол үшін медитация мықты құрал. Медитация жасау бастапқыда қиын болуы мүмкін, бірақ қалдырмаңыз. Алғашқы аптасында күн сайын 2 реттен жасап, кейін бірге түсіресіз. Миыңызда тыныштық, бүкіл денеңіз босаңсыған кезде, тың идеялар келіп, өмірге деген ынтаңыз арта түседі.

3. Бұрында жетістікке жеткен бір кезіңізді еске алыңыз. Мейлі ол қиын тесттен өту болсын, мейлі бір спорт түрінен орын алғаныңыз болсын, бәрібір. Болмаса, өзіңізге немесе жақыныңызға қымбат зат алып, сыйлық жасаған кезіңіз де болады. Ең бастысы қолымнан келмейді деп ойлап, соған қол жеткізген - кез келген оқиғаны еске алу. Бұндай еске алу өзіңізге деген сенімді оятады әрі сізді әрекетке итермелейді. Қолыңыздан кез келген нәрсе келетінін түсінесіз!

4. Мақсатыңызды суреттеп, жазып қою тиімді екен. Қазір қандай жағдайдасыз және қандай нәтижеге жеткіңіз келетінін суретпен салыңыз. Сол мақсатты көріп, соған сеніп, әрекет жасаңыз. Салынған суретті жататын жеріңізге іліп қойсаңыз: МАҚСАТЫҢЫЗБЕН ЖАТЫП, МАҚСАТЫҢЫЗБЕН ОЯНАСЫЗ.

5. Ең соңғысы, GALLUP тест тапсырып, білікті маманға талдату. Бұл тест арқылы өзіңіздің ең күшті 10 қабілетіңіз бен ең әлсіз тұстарыңызды айқындайсыз. Сол күшті жақтарды одан әрі дамыту арқылы жетістікке тез жетуге болады екен.

Бонус: Бір дәптер алып, сізді жақсы танитын адамдарға өзіңіздің күшті жақтарыңыз бен мықты қабілеттеріңізді жаздырып алыңыз. Өзіңіз байқамай жүрген қабілеттердің болуы мүмкін ғой. Сонымен қатар жазғандарды оқып, көңіліңіз көтеріліп, сол қабілеттің біреуін дамытуыңызға болады.

Бұл тәсілдер мені ынталандырып, алға жылжуыма себеп болып жатыр. Өзіңіз үшін ыңғайлысын алып, басқа тәсілдер қосып, одан әрі дами түсіңіз!

https://t.me/almatzhai


‼️СҰРАҚ‼️

Инстаграмда болсын, ТикТок болсын, барлық әлеуметтік желілерде неге білім, кітап тақырыбы болғанда көп қаралым болмайды да, ал өсек-төсек тақырыбы болғанда масқара қаралым болып жатады?

❗️өтініш астына қалайда жауап жазып өтіңізші, жазып жатқан екінші кітабыма керек еді❗️

Рақмет ✊


​​❗️Өзім жайлы бір-екі сөз❗️

Жасым 35-те. Аллаға шүкір, осы жасыма дейін 15 ел аралап, 4 елде қызмет атқарыппын. Үздіксіз үйрену деп әлі күнге дейін білім алып келем. Өйткені үйрену - мен үшін рахат бір сезім, ал үйренген дүниеммен бөлісу өмірлік миссиям десем де болады.

Сонау 2006 жылы «Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің» менеджмент мамандығын тәмамдаған кезімде, адамның ойлау қабілеті мен өмірін түбегейлі өзгертуі, сана мен түпсана жайлы тақырыпқа қызыға бастадым. «Ибраһим» сүресінде: «Ол сендерге өзінен сұрағанның бәрін берді» - делінгендей 2,5 жыл тоқтамай дайындалып, Түркияның «Bogazici» университетіне түстім. Ыстамбұл қаласында білім алып, елге қызмет ету мақсатында қайта оралдым.

2010 жылы Түркияның сол кездегі ең мықты «Kaynak» атты холдингінің Қазақстан филиалында қаржы директоры, артынша басқарушы директоры болып істедім. Адам ұзақ уақыт бойы не жайлы көп ойласа, соған айналады дейтін сөз рас. АҚШ-қа баруды армандаған шығарсыз. Менің де арманым еді. 2012 жылы алғаш АҚШ-қа сапар шегіп, Нью-Йоркты көріп келдім. Осы жылы Мәскеуде танымал бизнесмендермен кездесіп, Ташкентте бірге бизнес аштық. Компаниямыз «Atlantic Group» деп аталды. Ресей, Әзербайжан мен Өзбекстанның атақты бизнесмендерімен осылайша серіктес болдым. Ол кісілермен әлі күнге дейін қарым-қатынастамын.

Осы аралықта Сүлеймен Демирел атындағы университетте менеджмент мамандығының магистранты атандым. Оқып жүріп қаржы және экономика пәндерінен 1 жыл бойы келіп-кетіп жүріп сабақ та бердім. Білімімді әрдайым арттырып отырмасам, өзімді артта қалып бара жатқандай сезінем.

2016 жылы Бостон қаласына біліктілігімді арттыру мақсатымен сапарға шықтым. Сол жерде Гарвард университетінің магистранты Жанат досыммен бірігіп «Ivy Standard» негізін Бостонда қаладық. Талай оқушылар мен бизнес саласындағы адамдарға осылайша көмектесіп келеміз. Осы компаниямызбен Қазақстанда алғаш рет “Ivy League Tour” жасадық, яғни АҚШ-тағы ең мықты оқу орындарымен бірге керемет қалаларды көрсеттік. Сөйтіп жанұяммен 1 жыл тұрып, білімімді арттырып, Қазақстанға оралдым.

2017 жылы «Білім Инновация» және «Білім орда» Халықаралық Қоғамдық қорларының қаржы вице-президенті болған едім. Білім саласында тер төгіп, сол кездегі білім министрінен алғыс хат та алған болатынмын.

2019 жылы Африка еліне, нақты айтатын болсам Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада Германияның «Stem Education» PLC компаниясында қаржы директоры болдым. Африка елі мүлдем басқа әлем ғой. Көкжиегім кеңейіп, жүрегім жұмсарған тұстар еді.

Позитив қалпымда табандылық танытып, өзімді өндіріс саласында сынап көргім келді. Осылайша 2020 жылы «Акнур Кабель» өндіріс компаниясында басқарушы болып тағайындалдым. Жаңа серпін, жаңа мүмкіндік пен шабыттың арқасында 1 жылдың ішінде Қазақстанда өз саласының 3-орын алатын өндіріс орнына айналды.

Басымды түрлі шектеулермен шырмап тастамай, еркін ойлау, дұрыс зейін мен еңбек арқасында 2021 жылы «INJU» баспасын аштық. Заман талабына сай бизнесімді басқару мақсатымен АҚШ-тың Бостон қаласында орналасқан «Northeastern» университетінде оқуды бастап та кеттім. Сонымен қатар кітап жазуды да қолға алдым. Міне, Алланың қалауымен жарыққа шыққалы отырған «МенТор» кітабын Мұхиддин Исаұлы ұстазбен бірге жазып шықтық. Алдыңғы жазбаларымда аталмыш кітап туралы ақпарат берген болатынмын: https://t.me/almatzhai/137

Құрметті оқырман, өзім туралы қысқаша таныстырып кетудегі мақсатым – сіздерге өзімді таныстыру және әйтеуір бір кісіге болса да шабыт берсе екен деген ой.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болғай!

https://t.me/almatzhai


70% проблемаңызды шешетін 7 қарапайым әдет

2022 жылды мүмкіндіктер жылы деп атадым. Ендеше даму мен кемелдену жолындағы сапарды тоқтатпаған жөн. Өйткені алдыдан шығар мүмкіндікті тек дайын болған адам ғана пайдалана алады. Дайын болу үшін дұрыс әдеттер қалыптастыруды қолға алу керек. Бүгінгі жазбам 70% проблемаңызды шешетін 7 қарапайым әдет туралы болмақ.

1-ӘДЕТ: Өзіңізге тән “таңғы рәсіміңіз” болсын.

Күніңіз берекелі болсын десеңіз ЕРТЕ ТҰРЫҢЫЗ. “Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң алдыңнан түн шығады” “Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” “Ерте тұрған елден озар” “Ерте жат та, ерте тұр, Бір піспекті артық ұр”! Сондықтан 5:00-де тұрудан бастаңыз. Қиналуыңыз мүмкін, бірақ өлмейсіз. Осы уақытқа дейін ерте тұрып өліпті деген адам естімеппін.

Ми мен дененің саулығы үшін ЖАТТЫҒУ ЖАСАУ өте маңызды. Кемінде 15 минут болғаны дұрыс. YouTube-те сан алуан жаттығу түрлері бар. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай таңдап алыңыз.

Адамдар медитация деп жатады, мен БОСАҢСУ деймін. Кемінде 10 минут ештеңеге алаңдамай, ешнәрсе ойламай, терең тыныс алып, босаңсу күйін кешіңіз. Сылдыр су мен оттың сытыр үнін, немесе орман мен құстардың дауысын қосып қойса да болады.

КІТАП ОҚУ. 20-30 минут кітап оқу өте маңызды. Әр уақытымыз санаулы. Сол санаулы уақыт берекелі болсын десеңіз, кітап досыңыз болсын. Кітапсыз бұл дүние бос болар еді. Кітап оқудың маңызы болмаса, Құран кітап ретінде түсер ме еді?!

Неғұрлым таңғы рәсімді көп жасаған сайын, соғұрлым өмір гүлденіп, құлпыра түседі екен.

2-ӘДЕТ: Әлеуметтік желіні азайту.

Телефонға үңіліп отырған уақытты санап көріңіз. Не өзіңізге, не өзгеге пайдасы жоқ өмірдің бос кеткен уақыттары. Соған байланысты Инстаграм, Фейсбук, ТикТок дегендерді азайту керек. “Күн сайын 30 минут қана қараймын” деп, телефонда шектеу қойған дұрыс. Сонда уақыт табылып, өзіңізді дамытатын, ақша әкелетін істерді жасай бастайсыз. Ең болмаса күн сайын 2 сағат телефонсыз пайдалы іс жасап көруге тырысыңыз.

3-ӘДЕТ: Жасалуы парыз істеріңіз болсын.

Өліп бара жатсаңыз да жасауыңыз керек тапсырмалар мен істерңіздің болуы деген сөз. Күн сайын жасалмаса болмайтын, өзіңізге ПАРЫЗ етіп алған істердің мысалын келтірейік: [әркім өз ыңғайына қарай жасап алғаны абзал, бұл мысал ғана]


Таңғы уақыттағы жасалуы парыз істер:
15 минут жаттығу;
10 минут босаңсу;
Суық душқа түсу;
30 минут жазу…

Кешкі уақыттағы жасалуы парыз істер:
Ұйықтар алдында 1 сағат бойы телефон, телевизор, компьютер қарамау;
Жатар алдында 2 сағат бойы ешнәрсе жемеу;
30 минут кітап оқу…

4-ӘДЕТ: 5 минут заңын еңгізу.

5 минут заңы - егер бір іске 5 минут немесе одан да аз уақыт кететін болса, бірден жасаңыз. Аяқтауға 5 минуттан аз уақыт істерді дереу жасап тастаған дұрыс. Кейінге қалған іс, болмайтын іс деген сөз. Осы қарапайым әдетті қалыптастыру арқылы кейінге қалатын істер мен стресстердің алдын алған боласыз.

5-ӘДЕТ: Сапалы демалу.

Егер әрдайым шаршап жүрсеңіз, өмірден ләззат ала алмайсыз деген сөз. Одан кейін ашуланшақ болып, зейініңіз шашыраңқы болады. Сондықтан демалу маңызды. Істеріңізді жақсы атқару үшін денеңіз бен миыңыз жақсы тынығуы керек. Сапалы демалудың жолдарын іздестіріңіз. Мысалы: 22:00-де жатып, 5:00-де тұру - өте пайдалы. Сонымен қатар түсте тамақтан кейін 45 минут мызғып алсаңыз тіпті керемет. Немесе тұратын қалаңыздың ауасы лас болса, ауа тазартып, ылғалдандырып тұратын құрылғы жататын бөлмеге қойып қою қажет.

6-ӘДЕТ: Істерді 80/20 заңдылығымен жасау.

Энергия мен уақытыңыздың көп бөлігін өміріңізді жақсартатын және өнімділікті арттыратын істерге жұмсаңыз. Яғни 20% күш жұмсап, 80% нәтиже алудың жолдарын қарастырыңыз. Сонда бос уақыт деген әңгіме болмайды.

7-ӘДЕТ: Ертеңгі күніңді бүгін жоспарлау.

Жатар алдында ертеңгі күніңізді жоспарлауды әдетке айналдырыңыз. Жоспарларды қағаз бетіне жазып, миыңызды босатыңыз. Сонда жоғарыда айтылған демалу да сапалы болары анық. Таң ертеңгі жоспарыңызға керекті нәрселерді де дайындап қойыңыз. Дайын тұрған нәрсеге бәрі құмар, ми да қиналмайды.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!

https://t.me/almatzhai


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Достар, 1 ай бұрын барып қайтқан АҚШ-қа сапарымнан бір көрініс. Қосымша: Принстон университетінің көрінісі. Сонымен қатар әдемі өлеңмен керемет естелік болды. Сіздерге мотивация болсын деп бөлісіп отырмын! ✊✊✊


Сәлем достар.

АҚШ-тың Грин Картасына тапсыру басталғанын білесіздер. Негізі бәрі тегін.

Тапсыру оп-оңай. Егер ізденіп, видеосын көріп, өздігінен тапсыра алмаған адам - АҚШ-қа бармай-ақ қойғаны дұрыс. Өзіне обал болады.

Ал негізі бәрінің қолынан келеді. Сол үшін Бостон Университетіне түскен шәкіртімнің Грин Картаға қалай тапсыруға болатыны жайлы қысқа видео-нұсқауын жарияладым.

Сілтемеге өтіп, көріп, тапсырсаңыздар болады. 9.11.2021-ге дейін уақыттарыңыз бар.

Сілтеме: https://www.instagram.com/tv/CVDiS6IL4eB/?utm_medium=copy_link

Құрметпен


КЕЗ КЕЛГЕН ІСТІ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОЛЫ

“Кемелден» Оқырмандар Клубының мүшесі Айжамал ханымның 2-ші Вебинардан кейінгі түйіні. [Ешнәрсесін өзгертпей салып отырмын.]

Соңына дейін оқып, өз пайдаңызға қолданыңыз, досым!

“Сәлеметсіздерме.
Менің жазу стилім өте қарапайым болғандықтан, алдын ала кешірім сұраймын. Мен 6 сынып қана қазақша оқыдым. Менікі фишка, инсайт емес, конспект сияқты болып көрінді өзіме.

Бастаған істі соңына дейін жеткізу

Қазіргі таңда ең трендовый тақырыптардың бірі - бұл қалай энергиямызды толық бір іске арнап, соны соңына дейін жеткізу болып табылады. Алмат мырза өткізген екінші вебинарда 4 қажетті нәрсені айтып өтті.

1. Фокус - яғни, адам өзінің күшті қасиетін тауып, соған фокус қойып, соны дамыту. Мысалы, мен халықаралық қатынастар саласын қатты жақсы көремін. Бүгін бір имейл жазсам, ертең кездесуді белгілесем, үшінші күні кездессем, келіссөздер жүргізіп, бір келісім- шартқа қол қойылса, осы менің жетістігім болады. Фокусты жоғалтпай, бастаған іске күнде бір қадам жақындау.

2. Темірдей тәртіп. Адам ерте тұруды алдына мақсат етіп қойды ма, бірден ертесіне таңғы 5 те тұрып алып, тірлік бастап кетсек, ол денсаулыққа зиян болып қалуы мүмкін. Сондықтан, бұл дағдыны ақырындап дамыту керек. Әр апта сайын 15 минутқа ерте тұру. Сонда 1 айда 1 сағатқа ерте тұра алатындай организм үйренеді екен.

3. Әрекет. Мақсаттың екі түрі бар екен. Ұзақ мерзімді және 1 жылдық. Сол мақсаттарымызды қойып алғасын, оның орындалуы үшін әрекет жасау керек. Таңертең тұрғанда терезені ашып, миды, денені ояту үшін таза ауа жұтыңыз. Су ішу керек. Миды, денені дайындап алсақ, әрекетке көшу керек.

4. Табандылық, қайсарлық, ерік-жігер. Алдымызға қойған мақсатқа жету үшін бізге ең қажетті қасиет - табандылық. Бүгін 25 бет кітап оқуым керек дедік пе, оқу керек. Достар шақырып қалса, жоқ деп айта білу керек. Кейде бізге дискомфорт жасайтын жағдайлар шығады, сонда табандылық көрсете білген адам, бастаған ісін соңына дейін жеткізе алады.

Енді осы қасиеттерді адам ретінде елестетсек, фокус - адамның басы. Темірдей тәртіп - бұл омыртқа. Әрекет - аяқ пен қол. Табандылық - жүрек.

Бір істі соңына дейін жеткізу үшін осы 4 нәрсе керек.

Неге біз бір істі соңына дейін жеткізе алмаймыз? Өйткені бізде блоктар бар, яғни бұғаттау жолдары:

1. Дұрыс емес мақсат қою. Біреудің мақсатымен өмір сүру. Өзіңізге қажетті емес нәрсе үшін ұмтылу.

2. Кейінге қалдыру. Ол бәрінде бар қасиет. Кейін жасай саламын деп, көп нәрсе өз уақытында орындалмай қалады.

3. Ойын сауық пен әлеуметтік желілерге көп көңіл бөлу.

4. Нашар time management. Яғни ең берекелі уақытты дұрыс пайдаланбау. Біздің ең берекелі уақытымыз таң намазынан 15.00-16.00’ге дейін. Сол уақытты біз инстаграмға, кино көруге, өсек айтуға жұмсап қойсақ, ісіміздің мүлдем берекесі болмайды екен. Инстаграм қарауға болмайды емес, болады, бірақ ми шаршағанда, яғни кешке. Ал таңертеңнен түстен кейінгі уақытқа дейін табандылық танытып, пайдалы жұмыстарды істеп тастау керек екен.

Психологиялық кедергілер:

1. "Жұрт не дейді?" Менімше қазақтың дамуын ең үлкен кедергі болып жатқан осы нәрсе. Бұл біздің кішкентай кезімізден миымызға, денемізге, сүйегімізге дейін сіңіп кеткен түсінік. Басқалардың пікірі бізге өте маңызды. Солар не дейді деп, қажетсіз шығындар жасау, яғни кредитке той жасау. Жоқ тойларды да жасау, тілашар, пенсия той, юбилей... Ел не демейді, есек не жемейді, деп бекер айтылмаған екен. Біз осы психологиялық кедергіден құтылуымыз керек.

2. Қателесуден қорқу. Бұны да бізге кішкентайымыздан миымызға құйып тастаған, қателессек 2 қойып, дұрыс айтса 5 қойып. Қателесуден қорықпау керек. Әр қателіктен біз бір тәжірибе аламыз. Қателесуден қорыққан адам ешқандай жетістікке жете алмайды. Сүрінбейтін тұяқ жоқ деп бекер айтпаған дана халқымыз.

3. Барлық нәрсе керемет болуын күту. Ешнәрсе топ етіп, керемет болып келмейді. Барлығы біртіндеп болады.

4. Өзіміздің табиғатымыздан хабарсыз болу. Яғни, біз не қалаймыз, не ұнайды біз біле бермейміз. Алдымен өз қалауымызды айқындап алуымыз керек.”


АҚША - МИКРОСКОП

Ақша – микроскоп сияқты. Түпсананың түбінде не жатқанын көрсетеді. Адамның шынайы жүзі күн бетіне шығады. Мысалы ақша көбейсе кей адамдар ашына [любовница] тауып, екінші әйел алып, құтыра бастайды. Демек ол адамның түпсанасында әйелқұмарлық жатқан.

Кейбіреуде тәкаппарлық пайда болады. Негізі пайда болмайды, ол оның түпсанасында бар болатын, тек ақша сол нәрсені қоздырады. Ал басқа кісіде жомарттық, шүкіршілік, мейірімділік арта бастайды.

Сондықтан түпсанаңыздың түбінде не жатқанын біліп алу керек. Бұл оңай шаруа емес. Өйткені ата-ана, туысқан, достар мен айналамыздың, онымен қоса көрген мультфильм мен кинолардың миға әбден сіңіріп, тастай қатырған бұрыс нәрселерін тауып, оларды дұрыс жаққа өзгерту керек. Кәдімгідей қан мен тер.

Негізі барлық бәле ақшада дейді. Дұрыс емес. Барлық бәле ақшаны құдайдай сүйгеннен шығады. Ақшаға тек ақша ретінде қарай білу керек. Әрине ақшаның көп болғаны жақсы.
Сол себепті ақшаға деген қарым-қатынасты біліп алған жөн. Әйтпесе өз түпсанамыздан таяқ жеп жүреміз.

Адамдардың 95 пайызында ақшаға деген құштарлық бар. Сондықтан мақсаттары көп ақша табу болып кеткен. Негізгі мақсат - өз сүйген ісімен айналысу болу керек қой. Ақша болса сол мақсатқа жетудің құралы. Яғни ақша дегеніміз ат. Оны тізгіндеп, мініп алу қажет. Сөйтіп әлгі мақсатқа қарай шаба жөнелеміз.

Әрдайым проблеманың көрінбейтін жағына мән беру керек. Көрінбейтін жағы – ол біздің түпсанамыз. Тоғыз сөздің тобықтай түйіні түпсанаңызбен жұмыс жасаңыз.

https://t.me/almatzhai


Шал мен бала

Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп есікке қарай бейімделді.

Орта тұста отырған бүкірлеу қаба сақал кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында тағамдар салған сумкасы. Кенет трамвайдың жүрісі күрт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағына таман тақыр бас кішкене бала түр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерге сүзе барып соғылатыны айқын еді.

— Рақмет, балам!

Тақыр бас бала шалды трамвайдың басқышынан да демеп, сүйеп түсірді.

Бұл — көз байланып қалған кешкі мезгіл еді. Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. Бұлтты аспан әлі де сыз бүркіп түнере салбырап тұр.

Трамвай қоңырауын тағы да шылдырлатып, келген ізіне қарап бұрыла жөнеп берді. Терезеден түсіп, жерді жарық етіп тұрған шаршы көзді сәулелер онымен бірге қозғалды. Енді маңайды қараңғы түнек басып кетті.

Шал шалшық судан қорынып, қалай қарай аяқ басарын бағдарлай алмай тұр.

— Ата, бері қарай жүріңіз, — деп тақыр бас бала шалды қайтадан келіп қолтықтады. -Сумкаңызды маған беріңіз. Мен алып жүрейін.

Бейтаныс баланын көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді.

— Балам, сен қай баласың?

— Мен сіздің үйдің жоғарғы жағындағы кешеде тұрамын. Сіздің Сашаңыз екеуіміз бірге, бір класта оқимыз, — деді бала.

— Жарайсың, балам. Азық-түлік алайын деп бағана базарға барып едім. Содан соң күн жауып, кешігіп қалғаным. Ал менің Сашам қалай оқиды, соны айтшы?

— Жақсы оқиды.

Класта тыныш отыра ма? Тәртіпсіздік қылықтары жоқ па?

— Жоқ.

— Міне, солай болу керек. Тәртіпті болып, жақсы оқу керек, — деп шал баланың қолтығында әңгіме соғып келеді.— Осында, біздің көшеде тәртіпсіз балалар да жоқ емес. Бөтен біреудің бауынан шие ұрлайды. Шиенің өзін ғана үзіп алса, ештеме емес қой. Ағаштың бұтағымен қоса сындырып әкетеді. Әнеукүнгі біреуін аңдып тұрып, ағашқа енді өрмелей бергенде ұстап алайын деп едім. Секіріп түсіп, ұстатпай кетті. Мына сен секілді ақылды бастар оларға айтуларың керек. Бұл істеп жүргенің тәртіптілікке жатпайды. Ұят қылық! Ұрлық істеу — ол жақсы адамның кәсібі емес деп ұялтып, қызартуларың керек. Солай емес пе?

— Иә, — деп бала міңгір еткен болды.

Осы кезде бұлардың алдынан бір бала қараңдап шыға келді. Ол шалдың немересі Саша еді. Атасын күтіп алмақ болып, трамвай аялдамасына қарай кетіп бара жатқан.

Үшеуі шалдың үйіне дейін бірге жүріп келді.

— Ал, ата, қош болыңыз, — деп тақыр бас бала шалға қош айтысты.

Рақмет, балам. Саған көп рақмет. Сен болмағанда мен көшедегі мына шалшық сулардың талайының басын мыжитын едім. Жасың ұзақ болсын, шырағым.

Осы кезде шалдың немересі күліп:

— Ата, сіз әнеугүні бұны құйрыққа оңдырмай ұрып жіберіпсіз ғой? — деді.

— Қашан?

— Әнеугүні, шие үзейін деп жатқанда.

Шалдық үні бітіп қалғандай болды. Тақыр бас балаға тесіле қарап тұр.

— Әй, сол сен бе едің?

— Иә, мен едім, атай. Сіз сонда оңдырмадыңыз мені.

Баланы шал құшақтап, бауырына қысты:

— Кешір, айналайын. Мен сені ұрайын деп ұрған жоқпын ғой. Өзіңнен болды. Тұра қашпай-ақ кетсең де... Кешірім сұрасаң да, тимейтін едім ғой.

— Ата, сіз де кешіріңіз.

Үйге келгеннен кейін шал немересінен сұрап отыр.

— Аты кім жаңағы баланың?

— Аты Мәулен.

— Сабақты қалай оқиды?

— Класымыздағы ең бірінші отличнигіміз, — деді Саша.

— Қап, бекер ұрған екем. Бәсе, сондай үлгілі бала екені білініп тұр. Сотанақ бала болса, сол таяқ жеген бетінде менімен өштесіп кетер еді ғой. Ал мынаны қарашы. Қайта маған жақсылық істеп, балшыққа түсірмей, үйіме ертіп әкеле жатыр. Дегенмен, көргендінің аты көргенді - ау, шіркін. «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі ғой. Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі ғой» деп халық тегін айтты дейсің бе! [Бердібек Соқпақбаев]

Осы әңгімеден көп фишка мен инсайт шығаруымызға болады достар. Қазір адамгершілік бірінші орында. Сіз қалай ойлайсыз?


Достар, астындағы сілтемеге өтпес бұрын:

- Қалам мен қағаз алыңыз.
- Зейін қойып тыңдаңыз.
- Өміріңізді өзгертер фишкалар мен инсайттарды түртіп алыңыз.
- 2-3 рет қайта тыңдаңыз.
- Түртіп алған фишкалар мен инсайттарыңызды бірден іс жүзіне асырып кетіңіз.

Сілтеме міне:

https://www.instagram.com/tv/CSR3EaeBgJP/?utm_medium=copy_link

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, достар!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Достар, осы видеодағы 1 кеңесті ұстансаңыз, өміріңіз мәнді, айналаңыз сәнді болмақ! Бірақ бұл кеңесті адамдардың 1-3%-ы ғана істей алады. Таңдау сізде.


СЕРПІЛІС [Жаңа Бастама]

Досыммен диалог.

Досым, бүгін өз саласында Қазақстанның 3-ші ірі өндіріс орнының басшылық қызметінен өз еркіммен шықтым.

"Мыңдаған адамның арман болған жұмысынан неге шығып барасың?!" - деп сұрады досым. [негізі орысша қойды сұрақты :)] Оған берген жауабым 👇

45-50 жасқа келгенде артыма қарап: "неге сол кезде бастамадым екен?!" - деп өкінбеу үшін. Себебі:

Табиғатым шығармашылыққа жақын екен. Сол үшін ағартушылыққа 100% уақытымды жұмсауға бел будым. Кітап жазып, курстар дайындап, жастарды шет елге жоғарғы оқу орындарына дайындаумен айналысамын.

Адам жақсы көрген ісімен айналысқанда жан жағына энергия шашады. Ешқашан шаршамайды. "Өз ісін сүйген адам бір минут та жұмыс істемейді" заңдылығына сәйкес әрекет етуге бекіндім.

Досым: "Да, ты прав. Образование это благородное дело! Но почему?" - деп қайта сұрақ қойды. Менің жауабым 👇

Адамды әйтеуір бір шыңға шығарар екі қасиет айтайын. Ол 2 қасиет - өмірдің екі тірегі сияқты.

1. Үздіксіз үйренуден жалықпау,
2. Үздіксіз үйретуден аянбау.

1-ші қасиет бойынша.

Үздіксіз үйрену - инемен құдық қазғандай дейді. Ия, бірақ неге қиындатамыз?! Керісінше қызықтырып көрейікші. Үйрену - алтын алу үшін жерді қазғандай.

Бір тонна топырақтан кейде 50, кейде 300 грамм алтын шығады. Қазір алтынның нарықтағы бағасы: 1 грамм = 24 300 Тенге.
Сонда бір тоннадан кейде 1 215 000 Тенге, кейде 7 290 000 Тенге табыс деген сөз.

Ал бір тоннаны бір кітап деп санайық. Енді кітапты алтын табатындай санамен оқып көрейік. Өйткені артық білім кітапта. Білім болса алтыннан қымбат. Біліміңіз болмаса алтын шығаруды қайдан білмексіз?!

2-ші қасиет бойынша.

Тапқан алтыныңмен мұқтаж жандармен бөліспеу - сараңдық. Сараң адам қанша бай болса да өзге түгіл өзіне пайдасы жоқ. Көрге бір шұлығын да алып кете алмайды ғой.

Сондықтан жомарт болған абзал. Барымен бөлісіп, ел батасын алып, Алланың ризалығына бөленуден артық не бар бұл өмірде?! Сонда ғана ісіміз берекелі болып, өмірден ләззат ала түсеміз.

Үйренген дүниемізбен бөлісіп, үйрету керек. Сонда білім толығады, кемелденеді. Қателіктер мен кемшіліктерді байқап, оларды түзетеміз. Білім нығая түспек. Осылайша сараңдықтан құтылып, жомарт бола бастаймыз.

- Досым, ал өзің сүйген ісіңмен айналысып жүрсің бе?

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

1 217

obunachilar
Kanal statistikasi