🔖Өлгеннен соң не болады?Өміріңіздің соңын қысқаша былай айтсақ болады. Не болады, білесіз бе? Қайтыс болғаныңызда, адамдар бірнеше күн бойы көңіл айтады. Ең жақын деген туысқандарыңыз жылайды. Достарыңыздың көп бөлігі, кейбір сылтаулармен келе алмай қалады. Бірнеше күннен кейін ең жақын деген адамдарыңыздың өзі үйреніседі. Өлгенмен бірге өлмек жоқ.
Тірі адам тірлігін жасайды деп, артынан дұға етейік дейді. 7-сі оқылады, 40-ы оқылады. Бұдан кейін сен қабірдегі бір өлісің. Уаллаһи, сіз өлген соң артыңыздағы бітпей қалған дүниелік істеріңізді өзгелер жасайды. Ал бірақ, оқымаған намазыңызды ешкім сіз үшін қазасын өтей алмайтын болады.
Жартылай қалған жұмыстар, бітпей қалған сауда-саттық, бұлардың барлығын өзгелер жасай алады ма, жалғастыра алады ма?! Иә, жасай алады басқалары. Бірақ оқымаған намаз, ұстамаған оразаларыңды ешкім сен үшін өтеп бере алмайды…
Адамзат бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі күн жалтылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойлан, шырақ.
Я Раббым, тек мұсылман болған хәлде жанымызды ал! Тозақтың отынан, қабірдің азабынан сақтағайсың!