ArshatGo


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


Былтырғыдай күтпеген жерден дайындықсыз бола қоймас. Бірақ біраз жерде су тасқыны болу ықтималдығы бар. Былтырғыдан сабақ алмаған өңірлер де болуы мүмкін.
Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша, мына облыстарда су басу қаупі жоғары екен:

Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ақмола, СҚО, Қостанай, Ақтөбе, БҚО, Атырау, Жетісу, Павлодар


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Ресей пропагандасына пародия.

Upd. Соғысқа дейін шыққан екен. Бәсе, қазір көттері тұрмас еді


Туған күнімде осындай сыйлық алдым бір досымнан. Өте сирек, коллекциялық 10 мың теңге.
Бірнеше жылдан кейін әлбетте бағасы бірнеше есе болады


- Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар, - деді ағай біраздан кейін. - Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп! Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!

Баламның мектебіндегі асханада осы жазу тұр


44 жасқа келіп, Ютубыр болып жатырмын.
Істеп жатқан нәрсеміз паткас емес бірақ. Қызық бір шоу түсірдік. Өзімізге қызық әйтеуір 😁

Иә, иә, бүгін туған күнім 😊




Қазақша куиздан ел чемпионатының 1-тур нәтижелері мында. 9 қала, 109 қала қатысты

https://t.me/qazaqshaquiz


Кешеден бері қоғам Астанада лифтте болған оқиғаны талқылап жатыр. Соған басқа қырдан қарап көрсек?

Иә, жұрт енді бала қауіпсіздігін күшейтеді, тұрғын үйлерде камералар қойыла бастайды.

Мен баланың ата-анасын аяймын. Оларға онсыз да ондай баланы бағу да оңай емес. Кешегі оқиғадан кейін одан сайын ауыр. Бәлкім ол баланы арнайы интернат, ауруханаға жатқызар? Мүмкін ауруынан айығып кетер, қосымша көмек алар үкіметтен немесе қолдаушы қорлардан? Қалай болғанда да жақсы болып кеткенін қалаймын. Зәбір көрген кішкентай бала да травма алмай, психикасына зақым келмесе екен деймін.

Ал қоғам ерекше балаларға енді енді толерант болып келе жатыр еді. Енді қайтадан біртүрлі қарайтын болады. Солай болмаса екен...


Бір досым аудионы мәтінге айналдыру сайтын көрсетті. Егер дыбыс таза болса, жақсы шығарады екен. Журналистерге пайдалы құрал
https://writer.voicy.tech/


Қыздың даусымен күштірек сияқты


Анекдотты мәтінді аудиоға айналдыру ботымен оқытып көрдім

@kztts_bot


La vie en Afrique dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Камерун үйлерінде асхана болмайды😏.

Ойлаш далада 30-35 градус, сен оған қоса үйде тамақ пісірсең не болады үй? Қыстың өзінде Қазақстанда үй жылып есік ашып отырамыз. Енді мына кісілерді түсіне беріңіз.

Адамдар үйге тек жату үшін келеді. Тамақтарды әйелдер көшеде қазанға пісіріп сатады. Әйелдер көбіне жесір қалған, баласы арқасына байланған. Адамдар толассыз келгендіктен олар күні бойы пісіре береді, оған қарамастан күн көріс үшін құрылыс болып жатқан жерлерге, мемлекеттік мекемелерге, мектеп, базарға жақын жерлерде сатуға тырысады. Шаршау деген жоқ батыр аналарда.

Эхх жергілікті тамақты жей алсам мен де кезекте тұрушы едім деп айта алмаймын.😂😂😂


Бүгін футзалға бардық. Жеңдік, бәрі әдемі. Тек ұнамағаны - келген адамдардың темекілерін алып алуы. Оттықтар онсыз да алынады бұрыннан. Темекінің не кінәсі бар?
Меніңше темекіге қарсы бір жасырын акция бар. Ол денсаулықты ойлағаннан емес. Электрон темекінің лоббиі бар. Солардың жарнамасы жүр барлық жерде. Кафелерде темекі тартатындарға солар келіп, ми жейді. Интернетте солардың баннерлері шығады, арнайы ақпараттық сайттар да жасап қойған. Көп жерде темекі шегуге шектеу бар, ал э-темекіге рұқсат етеді.
Сондай бір соғыс жүріп жатыр. Темекішілер жеңілмейміз! Құрысын э-темекі!




Берік, Асқар, Жеңіс, Серік, Арман деген кішкентай балаларды танисыз ба? Айнұр, Гүлнұр, Әйгерім, Ләззат, Махаббат, Жанар деген қыздар ше? Бұл таза қазақы либерал атаулар.

Мұхтар, Сырым, Исатай, Абай, Абылай, Дина, Ботагөз, Роза, Күләш, Гүлфайруз деген тұлғалардың құрметіне қойылған аттар да жоқ.

Қазір діни бағытта көбейіп бара жатыр. Таза қазақша ат есту қиын. Ең болмаса Тұран, Білге, Едіге, Шыңғыс, Егемен сияқты түрки аттар болса дейсің...

553 0 1 15 21

Соңғы кезде мен де аудио жіберетін болыппын. Аудио келе берсе адам сондай болып кететін сияқты. Бірақ мен тек ұзақ нәрсе айтатын болсам ғана жіберемін. 2-3 секундтық емес әрине. Ондайлар зайбал шынымен.
Сосын менде көз проблемасы бар, жақыннан нашар көремін


Шетелдегі қазақтар туралы видеолар қараймын кейде. Жақында сол тақырыпта бір видео кездесіп қалды. seyfa_dagi деген ноғай жігіт Дағыстандағы қазақтар туралы түсіріпті.
Біраз ел бар екен оларда да. 1935 жылдары коллективизациядан қашқан бай ұрпақтары екен. Тілдері сәл ноғайша Й-лап кетсе де әдет-ғұрыптарын ұмытпаған. Қазақстанда туысқандары, құдалары бар екенін мақтанышпен айтатын сияқты.
Ноғай жігіт сосын өзінің туған ауылындағы қазақтарды да көрсетеді. Содан кейін қызық болыпты. Дағыстанға келін болып барған 2 қазақ апай комент жазып, видеодағы қазақтарды тауып алыпты. Оларға қонаққа барады, туыстарындай қарсы алады. Ол апайлар Дағыстанда жергілікті қазақтар барын ешқашан білмепті
https://www.youtube.com/@ko4evnik1983/videos


Төбелессе қайсылары жеңеді?
So‘rovnoma
  •   Телеграм премиумы барлар
  •   Chatgpt ақылысы барлар
53 ta ovoz


Соғыста өлген украин солдатының Гуглда соңғы іздеген нәрселері. Аудармасыз да түсінікті сияқты.
Соғыстан шаршады бұл ел. Тездетіп келіссөздер болып, бітсе енді биыл


5 ақпан, 19:30-да Астанада футзал. Қазақстан Данияны ұтады ірі есеппен.
Соған билет алып қойдым. Аз қалыпты, онда да тек қақпа артында.
Балаларды апаруға жақсы нәрсе. Анық жеңетін, қуанатын, рухтанатын матч.
Билеттер Тикетонда бар, әзірше...

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.