aspire to inspire


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


көркем мінез ізденушісі ⚘
• ханафи, матуриди
• әр сөзім алдымен өзіме арналады

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


becoming🖇 dan repost
Ассаляму алейкум✨
Могу обратиться за помощью?


получила весть, что маме все хуже и нужна еще одна операция, но уже на мозг, которую перенести может быть очень сложно…

хочу разделить салауат ан-нарият, кол-во чтения 4444 раз🌹
кто и сколько может прочитать?
можете написать ниже в комментариях.

намерение: Маргуба Ахметқызының отасы жеңіл өтсін, Алла шипасын бергей, тезірек өз қалпына келсін🤲🏻


“Мен өмірімде шарап ішетін, намаз оқымайтын және т.б. күнәларды істеп жүрген Мұхаммед пайғамбар (ﷺ) үмбетінің көптеген ұлдарын көрдім. Бірақ қашан оларға Алланы айтсаңыз, Құдайға деген қорқыныштан көңілдері қасіретке толып, істеп жүрген істеріне өкініп, көздеріне жас үйіріледі. Олардың көпшілігінің жүректерінің кең екенін және жүректері ізгілік дәнін егуге құнарлы екенін көрдім, бірақ өкінішке орай, сол дәнді жүректеріне себетін жақсы егінші табылмаған. Олардың ондай жолға түсулерінің бірден-бір себебі насихат оларды айтар, мейірбандық танытып, қор көрмейтін әлдебіреудің болмауы. Ендеше оларды емес, олардың істеген күнәларын жеккөріңдер. Егер оларды қолдарынан ұстап Аллаға қарай жетектеп апара алатындықтарыңа сенімді болсаңдар, оларды жалғыз қалдырмаңдар!...”

Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын)


للنساء فقط dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Алла елшісі ﷺ секілді қыз баласын ешкім құрметтемеген ❤️‍🩹

(с) Шейх Әдһам әл-Асыми حفظه الله

🔗 linnisa


о Господь, не поселяй в мое сердце ожидание того, что не придет.


don’t give Quran your free time, give your best time.

сен Құранға бос уақытыңды емес, ең жақсы уақытыңды бер.

(с) ustath Jamal


өзіңді өзгертуге әлі кеш емес!
дұрыс шешім қабылдауға әлі кеш емес!
бәрін басынан бастауға әлі кеш емес!
бірақ, әлі ерте де емес.


Kalima dan repost
Араб тіліндегі رَجُلٌ (ер адам) сөзінің көпше түрі (дәл сол түбірден) رِجَالٌ. Ал إمْرَأَةٌ (әйел) сөзінің дәл сол түбірден көпше түрі жоқ.

Әйел баласының менмендігі мен тәкәппарлығына таңым бар!
Тіпті тілде де дара болғысы келеді!

(яғни әйелдің өмірде бір жанның дарасы, жалғызы болуды қалайтыны секілді...)


اللَّهُمَّ لَا تُعِقْنَا عَنِ الْعِلْمِ بِعَائِقٍ، وَلَا تَمْنَعْنَا عَنْهُ بِمَانِعٍ

‘Аллаһым, ілімнен тосып қоятын амалдарды бізден алшақ қылғайсың’


ең үлкен нығмет ол - білім.
қандай білім?
құлды Жаратушысына жақындататын білім..

Раббымыз біздерді білім жолында тұрақты және ықыласты етсін 🤲🏻💔


Мұсылман қыз - ол бөтеннің көзінен, онымен еркін сөйлесе алуынан ада, қолжетімсіз қазына сияқты.
Оның сұлулығы басқалардан жасырын, оының дауысы, шын болмысы, қылықтары, бәрі бәрі жасырын..
Оны тек лайықты адам ғана басындағы бағы ете алады.
Мұсылман қыз, Аллаһтың Өзі көтеріп қойған дәрежеңді түсірмеші..💌


Ойлап қарашы, сенің болашақ жарың сенің кім көрінгенмен сөйлескеніңе разы болар ма еді? Саған басқа адамдар емін-еркін қарап, сұлулығыңа тамсанатынына қуанып жүрсің бе? Сен өзіңді қызғанбайсың ба?


өзіңді жақсы амалдар жасауға итермелемесең, ешкім саған ақыретте өз сауабын бергісі келмейтіні анық.
оян, өзіңді қолға ал, уақытыңды, тағы бір күн мүмкіндігіңді құр босқа жіберіп алма.

#reminder


Құранмен өмір сүру және оны терең түсініп оқып-үйрену – екі дүниенің де шынайы рақаты. Мұны тек сол рақатты сезінгендер ғана түсіне алады. Біздің уақытымыз шектеулі, күндеріміз бізді белгіленген күнге қарай асықтыруда. Сондықтан Құранды өзіңе серік, жұбаныш және осы жолдың басшысы ет. Өмірдегі ең құнды нәрсе – Құранмен бірге болу. Өміріңнің қадірін біл.

[📖 Халал сиқыр]


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


что может лучше верующих мужа и жены которые поклоняются Аллаху и не придают Ему сотоварищей и любят друг друга ради Аллаха стремятся к Его довольству и сражаясь на Его пути.❤️‍🩹


Сен қай топтағы адамнан болғың келеді?

Жүрегінде Құраннан ешқандай үлесі жоқ, “қираған үй” сияқты жан болғың келе ме?
Әлде, Жәннатта: “дүниеде қалай көркем оқыдың, тура солай оқы да, жоғарыла!” делінген ‘Құранның серігі’ болған жан болғың келе ме?
Сен қайсы жолды таңдайсың?


Оның разылығына ұмтылу сені разы етпейді ме?
Шынайы мұсылман тек Раббысына толық бойсұна алғанда ғана өзін толық сезінетіні анық.. бірақ бұл му’миннің өмір бойы ұмтылуы керек жол..


Ең қорқынышты нәрсе: Аллаһты жоғалтып алу, жүрегіңнен.. ал басқа өткінші нәрселер үшін, адамдар үшін уайымдама. Аллаһ жүрегіңде бар болса, басқа дүниелік нәрселерде өз орнын табады, өздері саған келеді..


Бірде бір кісі Әбу Хазимге келіп: «Уа, имам! Айнала толған қымбатшылық болып кетті. Бұған не дейсің?» дейді.
Сол кезде ол:
«Оның несіне мұңаясың?!
Арзаншылық кезде ризық берген Алла, қымбатшылық кезде де ризығын жаудыра береді» деп жауап берген екен.
[Хилятул әулиә 1/526]


Әбу Хазим (рахимаһулла) дүние жайлы көптеген сөздер қалдырған. Ол өзінің бір сөзінде: “Алла Тағала дүниені дүние болғандығы үшін сөккен емес. Дүниені жақсы көру – адамның табиғи болмысының бір көрінісі. Алла адамды солай етіп жаратты. Ендігі кезекте дүниенің қай қыры ұнамсыз?
Дүниенің ұнамсыз тұсы – сол бір дүние үшін Аллаға ұнамсыз амал жасап, Алланың бұйырғанын орындамау. Дүниенің қамы үшін құлшылықты шегеру. Қу дүниенің қамы үшін Алла разылығын ұмыту” деген.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.