QAZBILIM жобаларының 10 жылдық мерей тойына 10 пост
№4 пост.
QAZBILIM –нің 10 жылдық мерей тойына жеткендегі бұл білім тойымыз 10 жылға есеп беру, келесі он жылға жоспар құру ғой. Жай ақпараттық сайттан басталып, бүгінде 420 адам еңбек ететін, 6 бағытта 8 қалада жұмыс істейтін, білім саласындағы үлкен кәсіби компанияға айналуға дейінгі тарихы біраз бұралаң күнді бастан кешірді.
10 жылдық тарихта ұйқысыз түндер, күлкісіз күндер өтті. Талай табиғи да, адами да кедергілерді көрдік. Экономикалық қиындықтың алуан түрін бастан кешірдік. Талай рет жауып тастап, бір мектепте жай мұғалім болып жүруге ниет ете жаздап тәс қалдық. Бірақ шыдап, дамыттық бүгінгі деңгейге келді. Он жылда қанша тірлік атқарды ол алдағы посттың еншісінде.
Ал, осы 10 жылда осы деңгейге жетуі тек менің еңбегім емес, ол мені қолдайтын командамның қажымас қайсарлығы. Себебі, талай рет жалақы кешікті, сондайдың әсерінен талай рет кредиттерінің мерзімі өтіп кетті. Бірақ идеяға шын берілген командам ондай қиындықта мені жолда қалдырмады, сенді, қолдады. Бүгінде кей күндердегі қиындық ертегі секілді.
Ал, өңірлерден Республикалық QAZBILIM орталығы, QAZBILIM ұлттық лицейі ашыла бастағанда Астана, Алматыдағы жылы орындарын, бастарындағы баспаналарын тастап, QAZBILIM идеясы үшін өңірлерге мен көш деген бағытқа көшті. Кейбірі салт бас, кейбірі бала шаға отбасын алып, бір өңірден бір өңірге көшуі жай іс емес, үлкен қолдау еді.
Сол қолдаудың арқасында 8 қаланы бүгінде алаңсыз дамытып, бір QAZBILIM авторлық медтодикасымен білім беріп, бір идеямен жұмыс істеп жатырмыз.
Енді 10 жылдық мерей тойда сол жандардың мерейін өсіргім келді. Керемет мүмкіндігім, артылып бара жатқан байлығым жоқ, керісінше басымда толған кредит болса да, ұстаздың еңбегі бағалану керек. Өз қиындығым шешіледі, ұстаздарымның мерейі тасысын деген мақсатта он жылдыққа арнайы марапат дайындадым және оны концертте аты аталғанша ешқайсысына сен марапатталасың демедім. Сезінсін дегенім ғой.
Сонымен шамамызға қарай:
15 адамға 100 мың теңгеден,
8 адамға 200 мың теңгеден,
5 адамға 300 мың теңгеден,
5 адамға 500 мың теңгеден,
4 адамға бір миллион теңгеден ақшалай марапат;
Бір адамға бір бөлмелі пәтер сыйладық!
Және бұрын QAZBILIM- де көп еңбек етіп, қазіргі таңда белгілі себеппен жұмыстан қол үзген екі әріптесімізді, QAZBILIM жобаларымен серіктес боп, талай көмектескен 4 компанияны арнайы марпаттадық.
Бәріне сыйлықтан тыс, QAZBILIM жобаларына 10 жыл мерекелік төс белгісі және арнайы құрмет грамотасын ұсындық. Естелік болсын дегендегі ой ғой.
Иә. Бүгінге осындай ерен еңбекті серіктерім болмаса, жалғыздың үні, жалғыздың шаңы шықпас еді. Осындай ерен еңбекті әріптестеріме және 10 жылдан бері тілеулес боп қолдап келе жатқан барша жанашыр жақындарыма алғыс білдіремін!