Azattyq - Азаттық


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Ruscha


Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Ruscha
Statistika
Postlar filtri


💬 Астанада "әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр

Бүгін жәбірленуші тарап өкілдері сөйлейді. Салтанат Нүкенованың бауыры Айтбек Амангелді сот отырысында марқұмның былтыр өзіне жіберген суретін көрсетті. Онда Нүкенованың көзі көгеріп тұрғаны көрінеді.

Процесс Қазақстан Жоғарғы сотының YouTube-арнасында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


⚡️ 29 наурызда Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданында да төтенше жағдай жарияланды

Бүгін осы аудандағы Екпетал ауылын толық су басты.

Тасқын су Ойыл ауданындағы Қаратал, Қарасу, Көптоғай ауылдарына да қауіп төндіріп тұр.

Тас жолдарды тасқын бұзып кеткендіктен Ойылмен көлік қатынасы тоқтаған. Төрт ауыл жарықсыз отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🔴 Қазақстанның он облысын су басты. Дайындық "шартты түрде" болғанын премьер де мойындады

Тасыған су бірнеше бас жылқы мен сиырды жаңқадай ағызып әкетіп барады. Екпіні тракторды қайықтай қалқытады. Ал үйінің бел ортасына дейін су басып, қара жолдан күдер үзіп, кеш батқанша шатырда тұрып көмек күткен адамдар әуедегі тікұшаққа жанұшыра қол созады. Бұл – бірнеше елді мекенін қарғын су алған Қостанай облысындағы ахуал.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, дәл осы облыста жағдай өте күрделі. Жалпы қазір елдің 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланған.

🗣 "Бір үйді су алса да үлкен қайғы, ал қазір жарты миллион адамның өмірі қыл үстінде тұр" деді мәжіліс депутаты Сергей Пономарев 27 наурызда үкімет мүшелеріне су тасқынына байланысты жолдаған депутаттық сауалында. Ол үкімет пен әкімдіктерді көктемгі табиғи апатқа дайын емес деп сынады.

🗣 Ал агросарапшы Кирилл Павлов "Қазақстанда су тапшы дегенді айғай салып айтамыз, бірақ көктемде топан судан зардап шегеміз. Яғни суды басқаруды, сақтауды үйрене алмай келеміз" деді Азаттық тілшісіне.

Қарғын су елдің көп бөлігіндегі жұртқа материалдық шығын келтіріп жатыр. Тасқын неге жыл сайын қайталанады? Билік өткен жылдардан сабақ алды ма? Үкімет апаттың алдын алып, шығынды азайту үшін барлық шараны уақтылы қолданып жатыр ма?

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Алқабилер Бишімбаевты ақтай ма?

"Әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді" деп қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "қылмысты жасырып қалды" деп күдікке ілінген оның туысы Бақытжан Байжановтың ісін судья алқабилермен бірге қарап жатыр. Іске алқабилерді араластыру – Бишімбаевтың өтініші.

Сонымен, алқаби деген кім? Бишімбаев неге оларға жүгінді?

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


📹 Абай облысы Ақсуат ауданынан оқырман жіберген видео. Салт атты адам судан қалай зорға өткені де көрінеді.

Мұнда Боғас өзені тасып, Кіндікті ауылына апаратын жолды су шайған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 "Крокус сити холға" шабуыл жасады деген күдіктінің әкесі: Ұлым таяуда елге ораламын деген

Душанбе шетіндегі Рудаки ауданының тұрғыны, 32 жастағы Далержон Мирзоев Мәскеу облысы Красногорск қаласында 143 адам қайтыс болып, ондаған адам жарақат алған терактіге күдікті төрт адамның бірі. Оның Брянск облысында ұсталғаны хабарланған.

🔸 Далержонның әкесі Баротали Мирзоев 28 наурызда Озоди радиосына берген сұхбатында ұлының Ресейге былтыр қазан айында кетіп, ол жақта жүргізуші болып істегенін айтты.

Әкесінің айтуынша, Далержон анасымен соңғы рет 20 наурызда сөйлескен.

🗣 "Ол 20 наурызда анасымен сөйлескенде кезде, жағдайы нашар екенін, 24 наурызда үйіне оралатынын жеткізген. Оның жүріп-тұруынан күдікті ештеңе байқамадық" деді әкесі.

Тәжікстан билігі Далержон Мирзоевтың туыстарын тергеуге алып кеткен. 27 наурызда әке-шешесін босатқан. Қалғандары қамауда қалған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


📹 Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылында да ахуал қиын

Су басқан ауылда тұрғындар бір трактор және бір қайықпен өздері эвакуация жасап, мектепке жиналған. Айтуларынша, бүкіл ауыл суға кеткен. Тұрғындар суықтан балалар ауырып қалды дейді.

Зардап шеккендерге Оралдағы қарапайым азаматтар қол ұшын созып, көмектесіп жатыр. Жүк көлігінде азық-түлік, киім-кешек бар.

Қазір ауыл адамдарын ауданға тікұшақпен көшіріп жатқаны айтылды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🔴 29 наурызға қараған түні таңғы сағат 4-ке дейін Елек өзені жағалауынан 1193 адам (468-і — бала) көшірілді

Бау-бақша ұжымдарынан эвакуацияланғандар Ақтөбедегі 35 мектепке орналастырылған. Тұрғындарды көшіруге әкімдік бөлген 80 автобус пен құтқарушылардан өзге қарапайым қала тұрғындары, таксистер де ат салысқан.

Өткен түні Ақтөбедегі Елек өзені тасып, саяжай ұжымдарындағы жүздеген үйді су басқан. Қанша үйдің су астында қалғаны нақтыланып жатыр деп хабарлады Ақтөбе қаласының әкімдігі.

❗️ Қаланы қатерден сақтау үшін Ақтөбе су қоймасынан Елек өзеніне секундына 600 текше метр су жіберу туралы шешім қабылданған. Елек — шағын өзен, арнасындағы мұз толық еріген жоқ. Сондықтан өзен арнасына сыймай, тасыған су жағалаудағы бау-бақша ұжымдарын басып жатыр.

Ақтөбе су қоймасының сыйымдылығы — 245 млн текше метр. Тасқын салдарынан қоймаға 260 млн текше метр су жиналған.

Видео: Ақтөбе қаласының әкімдігі

❤️Азаттыққа жазылыңыз


⚡️ Тасқын суға байланысты Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды

Мұның алдында өңір басшылары шұғыл жиын өткізіп, Елек пен Қарғалы өзені жағалауындағы 906 отбасын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдаған.

– Ақтөбе су қоймасына бір тәулікте 150 млн текше метрден астам су құйылған. Су қоймасы мұндай көп мөлшердегі суды сиғыза алмайды. Қалаға қауіп төніп тұр. Сол себепті Ақтөбе су қоймасына жиналған суды Елек өзеніне жіберу туралы шешім қабылданды, – деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті Елек пен Қарғалы өзенінің жағалауындағы тұрғындарды жұмаға қараған түні эвакуациялай бастады. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін бірден 80 автобус жіберілген. Қала әкімдігі Ақтөбедегі 18 мектепте эвакуация орталығы әзірленгенін хабарлады.

Тасқын басталған екі тәулік ішінде Ақтөбе қаласындағы 73 үйді су басқан. Қарғын су астында қалған үйлерден 155 тұрғын эвакуацияланған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


⚡️ Қазақстанның Украинадағы елшілігі “шиеленіс өршуіне, қауіпсіздік ахуалының тұрақсыздығына байланысты” ел азаматтарын Украинаның Харьков және Одесса облысынан кетуге шақырды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз




⚡️⚡️⚡️ Ақтөбе облысының Қобда және Мұғалжар аудандарында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевтің сөзіне қарағанда, жексенбі, 24 наурызда күн күрт жылынып, қар ери бастаған. Ал сәрсенбі күні кешкілік Қобда өзені арнасынан тасып, ауылдың батыс бөлігіндегі 97 үйді су басып қалды. Тұрғын үйлерден бөлек он шақты ғимарат суда тұр. Оның арасында бизнес және әлеуметтік нысандар бар.

Тасқынның беті әлі де қайтпай тұр. Сондықтан су басқан үйлер мен ғимараттар саны әлі де көбейе түсуі мүмкін. Бір жақсысы, мал-жан аман, – дейді Ізгілік Тынымгереев.

Әкімдіктің мәліметінше, Мұғалжар ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғын үй саны Қобдадағыдай көп емес. Ресми деректе 15 үйге су кіргені айтылады. Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайдың жариялануын тасқын салдарынан республикалық маңызы бар тас жолдағы екі көпірдің бүлінуімен байланыстырып отыр.

Қарғын судан Ақтөбе облысындағы 12 ауданның Қарғалыдан өзгесі түгел зардап шеккен. Әсіресе Қобда ауданындағы ахуал қиын.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 28 наурызда Астанада Майқайыңда шұңқырға құлаған автобус бойынша сот басталды. Павлодар облысында алтын өндіретін "Майқайың алтын" арнайы комиссияның апатқа 100 пайыз компания кінәлі деген ұйғарымына келіспейді

Майқайыңдағы үйінді астында қалған құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шаймерден компания мен билік арасында сот жүріп жатқанда, күйеуі мен оның әріптесін іздейтін уақыт өтіп жатыр дейді.

🗣 "Іздестіру жұмыстары тоқтап тұрғанына бір айдан асты. Жолдасымды адам сияқты жерлегіміз келеді, жүргізуші екеуін шығарып беруді талап етеміз. Балаларым әкелерін сағынды. Тірі дейін десек, үйде жоқ, өлі дейін десек, бейіт басы жоқ. Ешкім өздеріне жауапкершілікті алғысы келмейді. Біз үшін бұл өте ауыр жағдай" деді Нұрсұлу Шаймерден.

Павлодар облысы Майқайың ауылында 4 қаңтарда кеніш аумағындағы шұңқырға құлаған автобус пен ішіндегі екі адам (Айдос Шаймерден мен құтқару қызметінің жүргізушісі Айып Тілеубергенов) әлі табылған жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


📹 Алматыда тасқын жоқ, бірақ әп-сәтте дауыл соғып, алай-дүлей болып кетті. Дауылдан жол бойындағы үлкен ағаш құлаған
 
Оқырмандар кей жерде үй шатыры және басқа да материалдар ұшып жатқанын айтты. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Дауылдан кейін нөсер жауын басталды. Алматы көшелерінде кептеліс көбейді.
 
ℹ️ "Қазгидрометтің" жауын туралы ескертуі негізінде қаланың төтенше жағдайлар департаменті 29  наурызда таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, дауыл соғатынын хабарлады. Қала тұрғындары мен қонақтарға тауға шықпауға кеңес берді.
 
❤️Азаттыққа жазылыңыз


28 наурыздағы негізгі жаңалықтар:

🔸 Қоянды халқы қарғын судан қалай құтыларын білмей дал

🔸 Ресейліктер теракт жайлы жазбалары үшін кешірім сұрап жатыр

🔸 Қырғызстанда қызылша жұқтырғандар 6,5 мыңнан асты

🔸 Орталық Азия елдерінің азаматтарын Шереметьево әуежайынан депортациялап жатқаны хабарланды

Назарларыңызға сайтымыздағы жаңа мақаланы ұсынамыз 👇🏻

🔺 Азаматтық алғысы келген қандасты уайымға салған апостиль

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Ақтөбе облысындағы Қобда ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Облыста 133 үйді су басқан, оның 60-ы аудандарда, 73-і қалада.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


📹 Батыс Қазақстан облысында су басқан Өлеңті ауылының тұрғындарын осылай қайықпен көшіріп жатыр

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
📹 Арман Жұманның адвокаты Оксана Мусохранова Азаттыққа "кассациялық шағым түсіреміз, жазықсыз адамның сотталғаны дұрыс емес, үкімге келіспейміз" деді.

"Жазықсыз адам жеті жылға сотталғанын естігенде қандай күйде болғаны айтпаса да түсінікті шығар. Бізге, адвокаттарға да, бұл үкім ауыр тиді. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Жоғарғы сотқа жүгінеміз. Себебі жазықсыз адам соттау деген... Мына үкімді түсіне алмай отырмын. Арман Жұманды бүгін СИЗО-ға әкетті. Сол жерде қай түрмеге жіберетінін анықтайды" деді адвокат.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан үкімге келіспейтінін айтты

"Іс "Билікті асыра пайдалану" емес, "Адам өлтіру" бабы бойынша тергелуі керек еді. 7 жыл деген не ол? Екі жылдан кейін-ақ шығып кетеді" деді ол Азаттыққа.

Бұған дейін бүлдіршіннің әкесі көлікке оқ атқан бес сарбаз екенін айтып, басқаларын табуды және істі "Адам өлтіру" бабымен жүргізуді талап еткен. Алайда тергеу "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша жүргізілді және бір ғана күдікті болды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🔴 Апелляция "Айкөркем ісі" бойынша айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманды 7 жылға бас бостандығынан айырды

28 наурызда Астанадағы әскери сот ақтау үкімінің күшін жойды.

❗️ Бұған қоса, сот қорғаныс министрлігіне жеке ұйғарым шығарған. Ол "қаруды пайдалану, блокпостарды ұйымдастыру, нұсқаулықтармен байланысты заңсыздықтарға" қатысты. Соның салдарынан "оқ ату" басталған.

Жұман "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталған.

Былтыр 15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты айыпталушының "іс-әрекетiнде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ" деп Жұманды ақтаған. Айкөркемнің әке-шешесі де, прокуратура да үкімнің үстінен шағым түсірген.

🔸 Қаңтар кезінде Айдос Мелдеханның балалары отырған көлікке оқ жауған. Оқиға кезінде оның 16 жастағы қызы жараланып, 4 жасар Айкөркем қаза болды. 8 жасар ұлы психологиялық шок алған.

🔸 Бұған дейін Жұман балалар отырған көлікке кім оқ атқанын білмейтінін, өзі көлікті көрмегенін айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.