Бірге тексерейік!


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri








Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
АҚШ саясаткері педофилияны «қылмыс емес» деді ме?

“Педофилия — қылмыс емес. Бұл жеке идентификацияның бір түрі”.
Желіде тараған ақпарат

Үкім: Манипуляция

Конгресумен Кэти Портер педофилияны «қылмыс емес» деген жоқ, сондай-ақ педофил болу «гендерлік идентификацияның бір түрі» деп те айтқан жоқ. Бұл ақпарат Портер сөйлеп тұрған видеоның контекстінен жұлынып алынып, бұрмаланған. Шын мәнінде саясаткер ЛГБТК+ өкілдерін балаларға «қауіп» ретінде танытатын қате нарративтерді талқылады.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/faktchek/ajash-sayasatkerja-pedofiliyany-jaylmys-emes-dedja-me/


DALA INSIDE dan repost
✍️ ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігі қазақша телеграм ашты

Енді ҚазТАГ-тың экзклюзивті жаңалықтары мен сараптамалары қазақ тілінде де қолжетімді.

"Қазақтілді аудитория - жылдан-жылға өсіп келе жатқан, перспективасы айқын кеңістік. Біз қазақша хабар тарата бастағанымызбен мақтанамыз және оқырман көңілінен шығамыз деп сенеміз" - деді, ҚазТАГ Бас директоры Әсет Матаев.


ҚазТАГ-тың қазақша телеграмына жазылыңыздар 👇

https://t.me/kaztag_qaz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Испанияда ЛГБТК+ шеруіне балалар қатысқаны рас па?

Үкім: Манипуляция

Шын мәнінде видеодағы топ — Испаниядағы Торревьежа карнавалына қатысқан «Осадия» группасы. Олар феминизм мен LGBTIQA+ топтарына қатысты саяси және әлеуметтік идеологияны сатиралауды, соның ішінде оңшыл саяси топтар тудырған мизогиния мен гомофобияға қарсылық білідіруді мақсат еткен. Испания ұлттық газеті «El Pais» дерегіне сай, әр қатысушы оңшыл және солшыл партиялар мен олардың гендерлік проблемалар бойынша ой-көзқарасына қатысты жалаушаларды алып шыққан.

Толығырақ🌐 - https://factcheck.kz/kaz/faktchek/ispaniyada-lgbtk-sherujane-balalar-jaatysjaany-ras-pa/














🎉 Factcheck.kz фактчекиң бойынша негізгі дағдыларды арттыруға арналған FactCheck Dive онлайн-курсына шақырады!

Сізді:
⭐️ 10 тақырыптық модуль
⭐️ Live-форматта 90 минуттан 14 сабақ
⭐️ Материалды бекіту үшін 13 практикалық жаттығу
⭐️ Саланың практиктері
⭐️ Курс барысында тренерлермен ашық чат
⭐️ Базалық курсты аяқтағаны туралы сертификат
⭐️ Курс аяқталған соң Алматыда өтетін фактчекиң тренерлеріне арналған офлайн трениңге қатысу мүмкіндігі күтеді.

Толығырақ medianet.ngo сайтында.

❗️Курсқа тіркелу үшін сілтемедегі форманы 2024 жылғы 12 наурызына дейін толтырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdwgUdfbPsFGUflzMRFGUhgT1ArKIb4rwmoixy3XAynKpFNpQ/viewform?usp=sf_link
Кері байланыс үшін электронды поштаңыз бен телефон нөміріңізді дұрыс толтыруды сұраймыз. Іріктелген қатысушыларға 2024 жылғы 20 наурызға дейін жауап береміз.

FactCheck Dive онлайн-курсты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Factcheck.kz Nippon Foundation қаржылай қолдауымен ұйымдастырып жатыр.

Қосымша ақпарат: Алена Кошкина alyona@MediaNet.ngo, +7747 987 9879 (WhatsApp/Telegram/signal, тек мәтін жіберіңіз).










Неміс тележүргізушісі «Қырым — Ресейдікі» деді ме?

Үкім: Манипуляция

Біз видеоның түпнұсқасын таптық. Иә, неміс тележүргізушісі Карен Миосга 2014 жылдың 25 ақпанында «Tagesschau» кешкі жаңалықтарында осындай мәлімдеме жасағаны рас. Дегенмен, ресейшіл медиа шамамен бес минутқа созылған репортаждың тек бір минутын контекстен жұлынған мәліметтер негізінде ұсынған.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/ukrainefacts-kaz/nemjas-telezhjargjazushjasja-jayrym-reseydjakja-dedja-me/


Ресейде адыраспанға тыйым салынды ма?

Үкім: Шындық

Ресей Үкіметінің 7 ақпандағы қаулысына сәйкес, Ресей Федерациясында бақыланатын құрамында есірткі не психотроптық заттар я болмаса олардың прекурсорлары бар өсімдіктердің тізбесіне адыраспан да (Peganum тұқымдас өсімдік) қосылған.

Құжаттың мәтініне сәйкес, Ресей Үкіметінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 934 қаулысына енгізіліп отырған өзгерістерге сай, енді Ресейде Қылмыстық кодекстің 231-бабының мақсаттары үшін адыраспан өсіру заң жүзінде қудаланады. Себебі Ресейдің ҚК 231-бабында құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін жауапкершілік көзделген. Нақтырақ айтсақ, ҚК 231-бабында адыраспанды көп немесе аса көп көлемде заңсыз өсіруге айыппұл салудан бастап, бас бостандығынан айырылуға дейін жаза қарастырылған.

Тыйым салынған өсімдіктердің ішіне шырмауық гүл де енгізілген.



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.