Аударма by Ziyadin


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Әдебиет фанаты жүргізетін әуесқой аударма каналы. Автормен достасу: https://facebook.com/aliziyadin
Байланыс: @aliziyadin

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


ХАУАРД Ф.ЛАВКРАФТ. АЙ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ ӘЛДЕНЕ

Сәлем, оқырман. Сенің мені сағынғаныңды білмеймін, өзімнің сені сағынғаным анық :)

Бүгін Лавкраттың "Ай астындағы әлдене" атты әңгімесін ұсынып отырмын.

Каналдың жаңа өмірі осы шығармамен басталды деп сенейік.

Оқығаныңа, таратқаныңа, донат тастағаныңа рахмет.


ХАУАРД Ф.ЛАВКРАФТ. ҰЛТАРДАҒЫ МЫСЫҚТАР

Мысық жақсы көретінімді байқаған боларсыз:) Бүгін әйгілі Хауард Лавкрафтың бір әңгімесін ұсынып отырмын.

Оқуға ұсынамын. Ұнатқан-ұнатпағаныңызды мені бір жерден (мысалы, Facebook-тен) ұстап алып, айтып кетсеңіздер болады:)

Донатпен қолдау білдірген Нұрланға, Ақмаралға, Айданаға, Гүлбүбіге, Әсел алғысым шексіз.


РИЧАРД МЭТИСОН. БАСТЫМ, БАСТЫМ

Тағы бір шағын аударма. Баяғыда бастап кетіп едім, сосын созғылап, жұлмалап жүріп аяқтадым әрең дегенде.

Ала отырыңыздар.


НИЛ ГЕЙМАН. ҚҰН

Жаңа аударма. Бұл жолы Нил Гейманнан көрейік.

Өзімде қара мысық болған соң ба, бұл әңгіме біртүрлы жақын көрінді.

Оқып, ұнаса, сілтемесін бөлісе отырыңыздар.

Апта сәтті өтсін!


Қысқа бір әңгіменің аудармасы келе жатыр сіздерге. Ертең.

Әзірге жұмбақ: бұл шығарманың бас кейіпкері қай хайуан, қалай ойлайсыздар?




ХАУАРД ЛАВКРАФТ. ҚОРҚЫНЫШТЫ ШАЛ

Сәлем! Жаңа жылға сыйлық ретінде шағын әңгіме ұсынып отырмын. Лавкрафт әлемінің үрейі мен атмосферасын сезіне отырыңыздар. Оқып болған соң 2020 жылмен параллель жүргіземін дегендер болса, мархаббат 😊

Достар, сіздерге көп рахмет. Оқып, қолдағандарыңызға. Келер жылы да осылай ұсынып отыруға тырысамын, тіпті бұдан үлкен, бұдан жақсы жобалар болатын шығар:)

Аман-сау болыңыздар. Береке-бақыт тілеймін. Сосын аяқты жылы ұстаңыздар.

Құрметпен, qisyq


СТИВЕН КИНГ. ЕСІК


"Бұ канал тірі ме еді?" деп шегіншектеп барып, шалқалай құламаңыз😂

Стивен Кингтің «Есік» атты әңгімесін аудардым. Шығарма Шолпанға барып-қайтқан экспедицияға қатысқан, апатқа ұшырап, мүгедек болып қалған Артур есімді астронавт жайлы. Жерге оралған соң ол бөгдепланеталық тіршілік иелерімен ойламаған жағдайда, күтпеген сәтте жолығып қалады.

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ.


@aliziyadin/%D0%B4%D0%B6%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B6-%D0%BC%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BD-%D2%9B%D0%B0%D0%BF-%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0-%D1%82%D2%AF%D0%BD%D0%B5%D0%BA-%D0%B5%D0%B4%D1%96-%D1%82%D1%83%D0%BD%D0%BD%D0%B5%D0%BB%D1%8C-%D1%96%D1%88%D1%96-763f5528211a' rel='nofollow'> ДЖОРДЖ МАРТИН. ҚАП-ҚАРА ТҮНЕК ЕДІ ТУННЕЛЬ ІШІ

Джордж Мартинді көбіміз білеміз. «Тақтар таласы» сериалын қараған шығарсыздар? Міне, сол кітапты жазған адам.

Бүгін сіздерге осы автордың 1971 жылы жазылған әңгімесін аударып, ұсынып отырмын.

Қысқаша желісі мынау: Жер бетінде ядролық соғыс болып, адамзат қырылады. Тек Ай бетіндегі колонияның азын-аулақ мүшесі ғана тірі қалады. Солардың ұрпағы 500 жыл өткен Жерге оралады. Мақсаттарының бірі — аман қалған адам табу.

Қабыл алыңыздар. Туған күнімде сіздерге жасаған сыйлығым болсын:)

Игіліктеріңізге.


@aliziyadin/%D0%B3%D0%B0%D0%B1%D1%80%D0%B8%D0%B5%D0%BB-%D0%B3%D0%B0%D1%80%D1%81%D0%B8%D0%B0-%D0%BC%D0%B0%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%81-%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BF-%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B-%D0%BA%D3%99%D1%80%D1%96-%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC-17b4889ce08d' rel='nofollow'>ГАБРИЕЛ ГАРСИЯ МАРКЕС. АЛЫП ҚАНАТТЫ КӘРІ АДАМ

“Сиқырлы реализм” деген, құпия, ғажайып дүниелердің күнделікті күйбең тірлікпен өріліп берілуі суреттелетін жанр Габриел Гарсия Маркестен қалған.

Бүгін “Алып қанатты кәрі адам” атты әңгімесін аударып ұсынып отырмын.

Игіліктеріңізге.

Айтпақшы, қазақстандық режиссер Қуат Ахметов осы әңгіменің желісі бойынша “Жел-адам” деген фильм түсірген екен.


Үйден шықпай, сарылып отқан қауым, амансыздар ма?

«Жақсы болды ғой, карантин кезінде, ой, бір аудармадан аударма жасамасам» деген ойым күл-талқан болғаны рас – жұмыстың жұмысы бұрынғыдан да көбейіп кетті. Сондықтан, сериал қарап, демалып, жүйке тынықтырып жатырмын дейтін замандастарыма қызыға қараймын:)

Әйтсе де, бүгін әңгіме ала келдім.

Мистика, хоррор һәм фентези бағыттарында жазған, әлем әдебиетінің қазіргі кейпінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы авторлардың бірі, АҚШ жазушысы Хауард Филлипс Лавкрафтың @aliziyadin/%D1%85-%D1%84-%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%84%D1%82-%D0%B5%D1%81%D0%BA%D1%96-%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82-79638e645f30' rel='nofollow'>«Ескі кітаптағы сурет» дейтін еңбегін аудардым.

Enjoy.

P.S. Иә, үйде болып, оқшаулану ережелерін сақтаңыздар.


РЕЙ БРЕДБЕРИ. КҮН КҮРКІРЕДІ

Көбелектің қанат қаққаны іркес-тіркес үлкенді-кішілі оқиғаларға әкеліп, ақыры алапат дауыл тудыра алады дегенді естуіңіз бар шығар? Бүгін сіздерге осы тақырыпта жазылған ең әйгілі шығармалардың бірі, Рей Бредберидің @aliziyadin/рей-бредбери-күн-күркіреді-4008157c30df' rel='nofollow'>"Күн күркіреді" атты әңгімесін әңгімесін ұсынып отырмын.

Америка жазушысы Рей Бредбери бұл шығарманы 1952 жылы жариялапты. Жалпы, бұл автор көпшілікке керек болмай, жетім баланың күйін кешіп қалған фентези һәм ғылыми фантастиканы қайта тірілтті дейді. Бір сол үшін ғана құрметтеуге болады:)

Очм, enjoy. Алып-қосарларыңыз болса, әлеуметтік желілерде күтемін.


Синоптиктер алдағы екі апта бойы ақпарат кеңістігіндегі ауа райы Harry Potter болады деп болжап отыр. Себебі жақын арада Steppe & WORLD Publishing баспасы қазақшаға аударған «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының таныстырылымы өтеді. Қазір алдын-ала тапсырыс қабылданып жатыр екен.

Бүгін осы кітаптың Baribar.kz сайты бірінші тарауын жариялапты. Сіздермен бөлісе отырайын, себебі аударма деп аталатын ортақ істің бір бөлігі ғой бұл да.

Оқып, ой түйіп, әсер аларсыздар.

Мен қара түнектен, торығу мен жабығудан тұратын Стивен Кингіме оралайын:)


"Үмітін гүл, үрейін күл қылып, пәнидің қызығы мен бақидың құзірі арасын жол қылған қымбатты оқырманым" деп әлгі дырау ақын, жалбыр шаш жазушылар сияқты әңгіме бастап кетейін десем, ұялам құрысын 😂

Жә, көптен көрінбей кеттім, оным үшін кешірім өтінемін. "Мен ұрлық қылған түні ай жарық болғанын қарашы" деп әппақ сақалы беліне түскен бір шал айтпақшы, аударма каналын аша қойып едім, қосымша жобалар күрт көбейіп кетті.

Бірақ бүгін құр қол емеспін. Қытайда туған, АҚШ-та ер жетіп, адам болған Кен Лю атты жазушының "Қағаз аңдар қонысы" атты әңгімесін аударып, ұсынып отырмын.

Әсерлі дүние. Бір-екі адамға оқытып едім, сықсыңдап жылап қалды.

Enjoy.

P.S. Телеграфтан Уордпрестегі блогыма қайта оралдым. Әзірге аударма салудың қолайлы жолы осы болып тұр. Сілтеме бәріңізде бірдей жылдам ашылмауы мүмкін, түсіністікпен қарарсыздар. Алдағы уақытта материалдың тез ашылып, жайлы оқылуын қамтамасыз етуге тырысамын.




Түскі ас ішіп алсаңыздар, сонау 1954 жылы жазылған мына бір кішкентай фантастикалық әңгімені оқып шығуды ұсынамын. Әлгі сендердің гампұтірлерің мен ғұғылдарың түбі осыған алып келеді, көр де тұр.

ФРЕДРИК БРАУН. ЖАУАП

Дуар Ев қайнаған алтын құйып, соңғы контактіні салтанатты түрмен бекітіп тастады. Бақандай он екі камера мұның әр қимылын бағып, түсіріп, таратып жатыр – трансляцияны бүкіл галактика көріп отырған болатын.

Бойын тіктеді де, Дуар Рейнге қарап, басын изеді. Сосын сәлден кейін бүкіл тізбекті «тірілтетін» қосылғыштың жанына барды. Бұл құрал қыбырлаған адамы бар бүкіл планетадағы, басқаша айтқанда тоқсан алты миллион әлемдегі компьютер атаулының бәрін бір сәтте супержеліге біріктіреді. Ақыры адамзат ғасырлар бойы жинаған, арғы-бергі тарихқа белгілі даналық пен білім-ғылымды бүге-шігесіне дейін игерген суперкомпьютер – біртұтас кибернетикалық машина дүниеге келеді.

Дуар Рейн миллиардаған көрерменге арнап қысқа ғана құттықтау сөзін айтты. Сосын сәл кідірді де:

– Баста, Дуар Ев! – деді.

Дуар Ев қосылғышты басып қалды. Аса жойқын гүжіл естілді. Тоқсан алты миллион планетаның қуаты дүрілдеді. Шет-шегі жоқ ұзын пульт түрлі-түсті шамдарын кезек-кезек ойнатты.

Дуар Ев сәл шегінді де:

– Бірінші сұрақты қою құрметі өзіңізде, Дуар Рейн! – деді.

– Рахмет, - деді Дуар Рейн. – Бұл бірде-бір компьютер жауап бере алмаған сауал болмақ.

Пультке бұрылды.

– Құдай бар ма?

Өктем дауыс көп ойланбады:

– ИӘ. ҚҰДАЙ ЕНДІ БАР!

Күтпеген үрей мен қорқыныш Дуар Евті қысып ала жөнелді. Қосылғышқа тұра ұмтылды.

Қоңырайған бір бұлты жоқ ашық аспаннан кенет найзағай ұрды да, Дуар Евті күйдіріп өтіп, күл қылып, қосылғышқа жабыстыра салды.


СТИВЕН КИНГ. ШАЙҚАС

Мына әңгімені алғаш оқығанда түрім әлгі Колин Фаррелл бар мемдегі сияқты болды - "НЕЕЕ??? НЯҒЫЛДИТ! НЕ ДЕП ҚУЫП КЕТТІҢ, СТИВЕН АҒА?"

Бірақ өте қызық болды, қалай "жұтып" қойғанымды сезбедім. Осындай басы жоқ, аяғы жоқ, дымды да түсіндірмейтін, бірақ сипатталып жатқан оқиғалар экшн түрде жүретін шығармалар қатты ұнайды.

Қысқасы, нағыз демалыстық "оқиво", сенбі-жексенбі екеніне қарамастан оқып шығуға уақыт табасыздар деп үміттенемін.

Enjoy.


НИЛ ГЕЙМАН. ҚАРТ НИКОЛАС

Әдебиет саласындағы Хьюгосы бар, Ньюбериі бар, әйтеуір толып жатқан жүлде-премияларды қырып алған; "Жұлдыз шаңы", "Америка құдайлары" секілді шығармалардың авторы Нил Гейман деген фантаст жазушының "Қарт Николас" атты шағын әңгімесін оқуды ұсынамын.

Оригинал мәтінде тура 100 сөз бар екен, мен де тура жүз қылдым 😂


Дүйсенбі ғой, сондықтан Стивен Кинг 😂

Түпнұсқада "Boogeyman", орысша "И пришел Бука" деген атпен белгілі бұл әңгімеге "Бүжәй" деп ат қойып алдым. Өзіме ұнайтыны осы, аударып отырғанда алуан түрлі сезімді бастан кешірдім. Кішкентай баласы барларға әсіресе ерекше әсер етеді деп ойлаймын, бастан өткен.

P.S. Жатарда шкафтың ішін бір тексеріп қойыңыздар 😁


Стивен Кингтің бұл шағын әңгімесі 1994 жылы жарияланған екен. Алпысыншы жылдары жарық көрген «I’ve Got to Get Away» («Бұл жерден шығуым керек») әңгімесінің өңделген нұсқасы. "Қанішер" деп дұрыс бермеген сияқтымын, алда-жалда кітап қылып шығарып жатсам (ымбхаха), өзгертем ғой.

Оқып шыққан соң, ойыңызды айтыңызшы, әңгіме атауының қазіргі аудармасы келе ме, келмей ме?

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

955

obunachilar
Kanal statistikasi