DoctOrazbek


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Tibbiyot


Админ: https://t.me/doctorazbekk
👨‍⚕️ 🩺 Врач | Медик-блогер
📍 Германия | Frankfurt am Main
🎓 Студенттен дәрігерге дейін бірге жетеміз
🔹 Медицинадағы мүмкіндік, тәжірибе және мотивация
📊 Анализдер, курстар.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


НЕТВОРКИНГ ол біреуден пайдалану не пайда көру емес !

Ол тап таза мүмкіндік. Қарым-қатынас. Алу-беру.

Витамин Б дегенді естіппедіңіз? Вот сол нетворкингтың синонимы.

Таныс-біліс деген тек Кз да бар деп ойласаңыз қатты қателесіз😅. Европаның бәрінде сол. Түріктер жамааан пайдаланады сол мүмкіндікті.

Мысалға бір больницада врачқа не мед персоналға жұмыс орыны босаса, сразу түріктер өз таныс, дос, бауырларын тартады. Ал жұмыс тапқан адам, жаңа жұмысын қалай тапты? Жауап сол НЕТВОРКИНГ арқылы. Ал жұмысқа тартқан адаммен қалай танысты? Мүмкін бірге оқыған шығар, мүмкін конференцияда танысқан шығар, мүмкін бірге курсқа барған шығар кім білсін? Бастысы ол дегеніне жетті.

Сол үшін мидағы ТАНЫС ТАМЫР жаман деген ойдан арылып, нетворкингты күшейтіңіздер.

Арамызда өз группаластарын менсінбейтіндер бар) ол тура тупизм. Неге? Өйткені олар қазір студент болғанымен, болашақта бірі кардиолог, бірі невролог, бірі педиатр болады, бір жерді тіреп тұрады, сол кез басыңыз айналып жұмысыңыз түскенде ұятқа қалатын сол кезінде менсінбегендер.

Адаммен сонда пайда үшін араласасыңба не? Деп шығатын ақылдылар бар…. Сол адамдар ойланып көрсін мен ең жақын досыммен неге араласамын? Деп. Мүмкін жанын түсінетін сол досы шығар, қолдау көрсететінде сол досы шығар ия? Қолдау көрсету=Пайда беру бірдей емеспе? Пайда көріп отқан жоқпа?

Неге онда мықты адамдар бәрі бір ортада болу керек, тренингтерге, конференцияларға бару керек деп айтады, өйткені ол жақта жаңа адамдар, жаңа таныс, жаңа нетворкинг болады.

Сондықтан ойды дұрыстап, барын жақсы жағынан қабылдап, нетворкингты күштейтейік достар.

П.с. Германияға келем деп танысқан, білген коллегаларыма менде пайдалы болуға тырысамын, көмектесемін. Но мен оларға “Менімен тек пайда үшін араласасың” демеймін😁.

Дендеріңізге саулық коллеги❤️


📌 Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады…

Өзімізді қанша бос қойсақ, сонша артқа кетеміз бе деймін? 🤔 Бүгін “сәл ұйықтай салайын” деген едім, қазір басым ауырып, сол СӘӘЛ ұйқы мазамды алып жатыр. 😅

Кейде өзімізді аяп, “демалайыншы” деп жүреміз, бірақ шын мәнінде, қозғалыс тоқтағанда, энергия да азаяды. 🔄 Нағыз күш ашынған кезде келеді, ал өнімділік — тәртіп пен тұрақты еңбектің жемісі.

🔥 Демек, өзімізді аямау керек! Ең бастысы – әрекетте болу! 💪

Сен қалай ойлайсың? Келісесің бе? 🤨👇


Мен осы суреттердегі мәтіндерді өңдеп, дұрыстап қайта жазып бере аламын. Бір сәт күтіңіз, барлығын талдап, реттеп дайындаймын.

Айсана: «Арманға апарар жол»

1-бөлім

Менің есімім – Айсана. Жасым – 22-де.
Менің өмірім күрделі әрі қиындықтарға толы болды. Анам маған жүкті кезінде түрлі аурулармен ауырып, мен дүниеге келгенде әлсіз әрі салмағым аз болды. Анам өзінің жүкті екенін кеш білді, себебі жүктілік кезінде ешқандай таксикоз байқалмаған.

Дүниеге келген соң мені босанғаннан кейін анам екеуіміз де өте әлсіз болдық. Бірақ уақыт өте анам өзіне келді, ал менің ерекше қасиеттерім байқалды. Өкінішке орай, мен қалыпты балалар сияқты сөйлей де, жүре де алмадым. Бірақ отбасым мені шипажайға алып барып, жаңа мүмкіндіктер беруге тырысты.

Дәрігерлер менің 8 айлық шала туылғанымды біліп, таңғалды. Олар маған ДЦП диагнозын қойды. Бұл диагноз менің өмірімдегі алғашқы қиындықтардың бірі болды. Бірақ бала болсам да, өмір сүруге талпыныс жасап, қиындықтардан бас тартпадым. Үш жасымда жүріп, төрт жасымда сөйлей бастадым.

2-бөлім

Айсана білім алу үшін күресті жалғастырды. Сабақтарымды алдын ала оқып, әртүрлі ақпарат көздерінен білім жинадым. Алтыншы сыныпта дәрігерлерден өз диагнозым туралы сұрап, оны зерттей бастадым. Осы жағдайлардан кейін дәрігер болуды армандап, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін колледжге түсуге бел будым.

11-сыныпта карантин уақытына сәйкес ҰБТ-ға өз бетімше дайындалдым. Бірақ отбасылық қиындықтарға байланысты ҰБТ-ға қатыса алмадым. Соған қарамастан, достарымның қолдауы маған ерекше мотивация берді.

3-бөлім

Оқуым да, отбасым да қиындықтарға тап болды. Анамды қолдау үшін оқуды тастап, еден жуушы болып жұмыс жасадым. Сонымен қатар, 2024 жылы екі жақын досымнан айырылып, бұл мен үшін үлкен қайғы болды.

Мен тағы бір ота жасатып, жаңа өмірге қадам бастым. Дәрігер болу арманымнан бас тартпадым.

Қорытынды

Мен барлық қиындықтарға қарамастан, дәрігер болуға деген мақсатымнан ешқашан бас тартқан жоқпын. Менің арманым мен табандылығым мені үлкен жетістіктерге жетелейді.

Бұл оқиға менің өмірімнің айнасы іспетті. Мен сенің ішкі ойларыңды түсінемін. Оқуыңды ешқашан тастама. Менің өмірім саған мотивация болсын. Мықты дәрігер бола аласың!

Осыдан кейін де оқуға желанием жоқ дейсіңбе?

Айсана🍀👇🏻
https://www.instagram.com/just_ai.sana?igsh=eDg5djd5bnJ3YnA3

Осы қыздан үйренейік талпыныс дегенді


ВОП жайлы (зп, жұмыс уақыты, ауылда 10🍋)

2023 жылғы ақпараттармен бөлісейін. Салыстырып ой түйсеңіздер🙃.

Ақпараттар ескірген болуы мүмкін.


Сәлеметсіздер ме?!
Жалақысы ең көп медицинадағы қандай сала? Ойларыңызды айта кетесіздер ма?

Стоматологтардан жақсы табыс табатын мамандықтар.

Пластика ? Әлде ЛОР ?


оскэ русс.zip
2.9Mb
2023 ОСКЭ русс





2.3k 0 23 14 36

Әке.pdf
5.7Mb
©️ Жұлдыз Қайратқызы
📒Әке


Қызым, əр күн саған берілген сый! Соны бағалай біл. Өзіңді тірі жүргенде өлексе етпе. Жалқаулық, үмітсіздік, ұйқышылдық сені басқарып кетпесін. Əр күніңді əсем етуге əрекет ет! Арманыңа ұмтыл, жаныңдағыларға жақсылық жаса! Күлімсіре! Құдайға шүкір ет.

Адамдармен қарым-қатынасыңа мəн бер. Біреуді ренжітуге, біреудің ар-намысын таптауға ешкімнің құқығы жоқ. Сыйла оларды. Адамзатты сүй! Өміріңе енген əрбір жан – сенің ұстазың. Жақсысы да, жаманы да.

Жұлдыз Қайратқызының «Әке» кітабынан үзінді…


#Жиі_қойылатын_сұрақтарға_жауаптар
#1-бөлім_Медицина

✍️ Қазақстанда бакалаврды бітіріп, Германияда интернатура оқуға бола ма?
– Жоқ! Германияда интернатура деген ұғым жоқ.

✍️ Қазақстанда интернатураны бітіріп, Германияда резидентура оқуға бола ма?
– Иә, бірақ басқаша форматта. Германияда кардиолог, ЛОР, гинеколог сияқты мамандықтарды игеру үшін 4-6 жылдық Weiterbildung бағдарламасынан өту керек. Бұл кезеңде сізге айлық төленеді. Ал магистратура тек микробиология, эпидемиология сияқты тар бағыттарға арналған.

✍️ Қазақстаннан тікелей дәрігер ретінде жұмыс визасымен Германияға баруға бола ма?
– Жоқ. Германияда дәрігер ретінде жұмыс істеу үшін FSP атты емтихан тапсыру қажет, ал бұл емтиханды тек Германияда тапсыруға болады. Сондықтан алдымен FSJ, BFD, Hospitation, Ausbildung немесе Sprachkurs сияқты бағдарламалардың бірі арқылы Германияға бару керек. Емтиханды сәтті тапсырған соң ғана жұмыс істеу мүмкіндігіңіз болады.

✍️ Оқуда жақсы баға алмадым, енді Германияда жұмыс істеу мүмкіндігім жоқ па?
– Жоқ, жұмыс істеуге болады. Германияда “бағаларыңыз 4 немесе 5 болуы керек” деген талап жоқ. Егер жақсы баға алған болсаңыз, бұл болашақта жұмыс табуға көмектеседі. Жұмыс беруші бірнеше кандидат арасынан тәжірибесіне және бағаларына қарай таңдайды.

✍️ Тек ағылшын тілін біліп, Германияда дәрігер болуға бола ма?
– Жоқ. Германияда дәрігер болу үшін неміс тілін кемінде B2 деңгейінде білу керек. Одан кейін FSP емтиханын тапсыру қажет.

✍️ Қазақстанда педиатрияны бітірдім. Өзім қалаған салада Weiterbildung жасай аламын ба?
– Иә. Қазақстанда емдеу ісі немесе педиатрия факультетін бітірген болсаңыз да, мүмкіндіктер бірдей.

✍️ Мен оқыған университет Германияда мойындала ма?
– Иә, егер ол мемлекеттік университет болса. Барлық мемлекеттік университеттер және олардың филиалдары мойындалады. Мойындалу статусын AnaBin сайтынан тексеруге болады.

✍️ Германияда дәрігерлердің айлығы қанша?
– Орташа есеппен бакалаврды енді бітірген дәрігерлер 4500-5300€ брутто табыс табады. Тәжірибесі мен дәрежесіне байланысты бұл көрсеткіш өседі.

✍️ Мен гигиена және эпидемиология мамандығын оқыдым. Германияда дәрігер болып жұмыс істей аламын ба?
– Жоқ.

✍️ Германияға дәрігер ретінде бару үшін жас ерекшелігі маңызды ма?
– Маңызы жоқ.

✍️ Германияда медицина саласында оқу тегін бе? Ағылшын тілінде оқуға бола ма?
– Тегін деп айтуға болады. Жылына 200-700€ шамасында тек Semesterbeitrag төленеді. Оқу неміс тілінде өтеді, оны кемінде C1 деңгейінде білу қажет.

✍️ Медицина бойынша оқуымды Германияға ауыстыруға бола ма?
– Иә, бірақ неміс тілін C1 деңгейінде білу қажет. Сонымен қатар виза үшін 13 000$ шамасында қаражат керек. Көп жағдайда 1-курстан бастауға тура келеді. Ең көбі 3-курстан бастауға мүмкіндік бар.

📌 Осы ақпарат сізге пайдалы болса, сақтап алыңыз және бөлісуді ұмытпаңыз! 😊


Бәрімізге қызыққой? Неге ұшаққа 100 мл ден артық сұйықтық тыйым салынуы.

Себебі:

Самолетке 100 мл-ден артық сұйықтықты алып өтуге тыйым салу авиациялық қауіпсіздік шараларымен байланысты. Бұл шектеу 2006 жылы Еуропада жоспарланған террористік шабуылдарды болдырмау мақсатында енгізілген. Сол уақытта лаңкестер ұшақта жарылғыш заттарды сұйықтық түрінде жасап, оны бөлек контейнерлерде алып өтпек болған.

Негізгі себептері:
1. Жарылғыш заттардың қаупі: Кейбір жарылғыш заттарды сұйықтық ретінде тасымалдауға болады. Оларды араластыру арқылы бортта жарылыс ұйымдастыру мүмкіндігі бар.
2. Шектеулердің бірегейлігі: Әрбір жолаушының өзімен бірге тексерістен өтуі керек. Көп көлемдегі сұйықтықтарды тексеру қиын және көп уақытты алады.
3. Халықаралық стандарт: Бұл ереже Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) тарапынан ұсынылған және көптеген елдерде қолданылады.

Дегенмен, бұл шектеу тек қол жүгіне қатысты. Тіркелген багажда сұйықтықтарға мұндай шектеу жоқ.


Әдемі жер, әдемі көңіл күй, әдемі жанмен🫶🏻


ангиология конспект doctorazbek.pdf
134.2Kb
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН !!!

БҰЛ МЕНІҢ «doctorazbek» БЛОКНОТҚА ЖАЗҒАН КОНСПЕКТІМНЕН КӨШІРІП ШЫҚҚАН АНАТОМИЯДАН ЖАЗҒАНДАРЫМ.

Жазуым түсініксіз
болмауы үшін PDF қылып жазып шықтым.
АРАСЫНДА ТҮСІНІКСІЗ ЖАЙТТАР БОЛСА АЙЫПҚА БҰЙЫРМАҢЫЗДАР.

Конспект болған
соң қысқартып, маңызды жерлерін түртіп қойғаным.
Пайдаңызға жарасын !!!


Инстаграмнан бір әйел жазды:

Сәлеметсіз бе мен сізді, менің балам осындай Германияда медицинада оқыса екен деген арманмен қарап жүрмін, қазір балам частный школада химбио бөлімінде 10 сынып оқып жатыр, бізге қандай кеңес берер едіңіз.

Мен жазғаным:

Кеңесім: Баланы мал бағатын емес, мал табатын етіп өсіріңіздер.

Мал табу деген ол ризық. Ризық адамдар ризалығы арқылы келеді. Ал адамдар әрқашан өз ризашылығын өмірін аман алып қалған Ақ халатты абзал жанға білдіреді.

Алдымен оқуға түссін, баға үшін емес білім үшін оқысын. Тіл үйренсін. Әлемдік тіл ол ағылшын.

Мал табамын деп оңай ақша табатын жұмысқа басымен кіріп кетпесін. Ұзақ мерзімді жоспармен, білім арқылы мал табуға талпынсын. Смм, мобилограф бәрі далбаса дүниелер.

Қажетіне қарай неміс тілін үйренсін, Германияда дәрігер болу есігін ашады. Мұнда мүмкіндіктер көп.

құмар ойын, ставка, ішу деген заттардан алыс болсын деп айтар едім. Жақсы қыз жолығады егер сол талапқа жігіт сай болса, үйленетін уақыты келсе. Ал ол уақытқа дейін сүйдім-күйдім деу қажет емес.

Сосын рахмет деді:

Керемет рақмет, келіншегіңмен өніп өсе бер, көбейе беріңдер, бақытты болыңдар. Ата- анаңа рақмет.


Германияда нейрохирург 5 жыл резидент врач болып жүрген Өзбекістандық докторды танимын. Кешегінде сторис қойды:

Менде бір проблема болып тұр деп бастағанғой... Сөйтсем BMW X6 или X5 қай бірін таңдасам екен? деген проблемағой😅... Артынан Merc алсамба деп армандап жүрген көліктерімді қойды, соңында көп ойланып ақ Гелик алды. Врачтарға ақ машина жарасады деп. сторис соңынан: Барлықтарыңызға осындай проблема жұғысты болсын жазып қойды.

Ішімнен Аумин дедім...

Ризық деген кітапты оқып жүрмін. Білім алу ол ризық. Физикалық жұмыстан, ақылмен тапқан несібе құнды. Алғыс алу ризықтың ең жоғарысы. Былай қарап тұрсақ медицина бәрін қамтиды. Науқастардың ризалығын алып, ризыққа кенеліп, гелик те жүреберейік.


Әлі күнге таң қалатыным, пранк жасайтын, вайнерлерге, ыржың-ыржың контентке құмарлық. Сол пранк түсіретіндерге жазылмасаң да алдыңнан видеосы шыға береді. Қалаулымның жыртыңдаған видеолары да сумаңдап шыға келеді. Оны рекке шығаратын халық қой. Аяйсың… Қаншама зая кетіп жатқан уақыт, күш жігер. Сол күштің бәрін білімге, тағы бір кәсіп меңгеруге, дамуға, спортқа жұмсау… жоқ-жоқ, одан да пранк көрген оңай.

Адам өмірге келген соң тынбай даму керек деп білем. Үздіксіз. Сонда ғана ел, ұлт, қоғам дамиды.

Пранк, күлкімен дамыған елді естімедім…

Ruslan Medelbek…

https://www.instagram.com/channel/AbaNTw7KRicZGUEk/


Жаңа жыл жақындап, семестр аяқталып жатыр. Ал ҰБТ есік қағып тұр.

Бұл – өміріңіздің ең маңызды кезеңдерінің бірі.

Мектеп бітірушілерге:
Сіздер болашақ бағыттарыңызды таңдап қойдыңыздар, бірақ осы жолды қайтадан саралап көріңіз. Уақыт әлі де бар. Шын мәнінде, бұл бағытта дами аласыз ба? Осы сұрақты өзіңізге қойыңыз.

1-курс студенттеріне:
Сіздер енді ғана өз жолдарыңызды бастадыңыздар. Енді алдымен мына екі жолдың бірін таңдауыңыз керек:
1. Өз үстіңізде жұмыс жасап, білім алып, болашағыңызға инвестиция салу.
2. Екі-үш жалқау дос тауып, төрт жылды босқа өткізу немесе университеттің мағынасыз шараларына қатысып, студенттік өмірді текке жіберу.

Қарындасым, бауырым! Саған оқу керек! Ойын-сауық ешқайда қашпайды. Университеттегі шараларға қатысқаның үшін ешкім сенің қабілетіңді жоғары бағаламайды. Керісінше, осы уақытыңды өз мамандығыңды меңгеруге жұмсасаң, нағыз мықты маман боласың. Қазақстанға сен сияқты мамандар өте қажет! Жәй ғана диплом үшін оқыма!

Тәрбие мен еңбек

Джордж Маклорин – 1948 жылы Оклахома университетіне қабылданған алғашқы қара нәсілді студент. Оны ақ нәсілділерден бөлек отырғызуға мәжбүр еткен. Бірақ ол университет тарихындағы ең үздік үш студенттің қатарынан орын ала білді.

Маклорин:
“Курстастарыма мен аң сияқты көрінетінмін. Ешкім менімен сөйлеспейтін, мұғалімдер де мені елемейтін. Сұрақ қойсам, жауап бермейтін. Бірақ мен бар күшімді жұмсап, барлық студенттерден озып кеттім. Енді олар білмегендерін менен сұрауға мәжбүр болды. Адам бәрін армандай алады, бірақ табысқа тек еңбекпен жетеді.”

Сыртыңызға қарап кемсітетіндер болса, бетіңізге күн мен айдай жарқырайтын тәрбие мен білімді жаныңызға серік етіңіз. Бәрі жақсы болады!

Карлес Пуйоль айтқан екен:
Студенттік өмір дегеніміз – университет логотипін профиліңе қойып, төрт (медицинада 6-10 жыл) жылды бос өткізу емес.”

Не үшін оқып жүргеніңізді түсініңіз. Бүгінгі қимылыңыз ертеңгі күніңізді анықтайды.


“Табысты болуға ниеттің болмауы - табыссыз болуға ниет етумен бірдей”


Ниет – табыстың алғашқы қадамы

Тазалықты сақтамасақ, денеміз де, айналамыз да ластанып, жайсыз күйге түсетіні сияқты, табысқа жету үшін де ниет пен шешім қажет. Әрбір жетістіктің бастауы – адамның өз мақсатына шынайы сеніп, оған қол жеткізуге деген талпынысы.

Өзіміз қалаған өмірді қалыптастыру үшін алдымен шешім қабылдап, әрекет етпесек, жағдай бізге қарсы жұмыс істеуі мүмкін. Сондықтан ниет пен тілектің күшін елемей, уақытты босқа өткізу – ең үлкен қателік.

Жетістігіңізге сеніңіз, ниет етіңіз, және әрекет етіңіз. Өйткені нақты мақсат пен шынайы талпыныс әрбір істің сәтті болуының кепілі.

Табысқа ұмтылу ережелері

Әрбір ісіміздің бастауында бізді алға жетелейтін себеп пен түрткі болатыны анық. Себепсіз әрекет ету – бағытсыз қозғалыспен тең. Сондықтан біздің мақсатымыз – алға қойған биік мұраттарға жетелейтін себептерді айқындау.

Бірінші және ең маңызды себеп – мақсат.
Мақсат – әр әрекетіміздің негізі. Ол біздің күнделікті өміріміздегі қарапайым істерден бастап, үлкен жетістіктерімізге дейін бағыт-бағдар береді. Мысалы, ерте тұрып, денсаулықты нығайту үшін жаттығу жасау – мақсат болса, өмірде бақытқа жету – үлкен мұрат.

Мұсылман дәстүрінде “фалах” (сәттілік, жетістік) деген ұғым мақсат пен бақытқа ұмтылуды білдіреді. Бұл сөздің астарында: әрекетсіз бақытқа жету мүмкін емес, ол тек еңбектің, ұмтылыстың нәтижесінде ғана келетінін ескерту жатыр.

Сондықтан, табысқа жету үшін тек армандап қою жеткіліксіз – оған нақты әрекетпен бару керек. Әрбір күніңізді мақсатқа жетелейтін жоспарлармен толықтырыңыз, сонда ғана өміріңіз бақыт пен жетістікке толы болмақ.


Жұмыс ол тек-маңдай терлетіп, таңнан кешке дейін мал табу емес. Медик студенттің алғашқыда оған уақыты да болмайды. Қажітін тапса жеткілікті, қалған уақытын оқуына арнағаны маңызды.

1) Ең алдымен стипендияңды ұстап қал, құлап қалма.

Бір көзге ол аз көрінгенімен, сенің базалық шығындарыңды жабады. Біздің кезде 21к стипендияның өзін 1 айға жеткізіп, үйіне салып отыратын студенттерді білем.

2) Алғашқы курстар үшін КУРАТОР болу таптырмас мүмкіндік.

Аз уақыт=жақсы табыс. Сабағыңа да кедергі келтірмейді, күніне 1 сағатыңды арнау әлде жеткілікті. Барып пол жуып, дежурствода барып кел, шауып келден әлде қайда артық.

Қайдан табам? Деп уайымдамаңыз. ҰБТ ға дайындалған орталығыңызға жазыңыз, мен куратор болуды қалаймын деп немесе онлайн оқыту орталықтарына тікелей, ұялмай жазыңыз, отказ бермейді егер сіз білікті әрі білімді оқушы болсаңыз.

3) Біліміңізді сатыңыз.

Инфоцыган болып емес, реально біліміңізді. Олар қандай білім не ұсыныс?

-Ағылшын тілін үйрету. Әрқашан сұраныстағы сала. Жеке үйренуші ол садиктегі бала не мектеп оқушысы айырмашылық жоқ. Онлайн күніне не аптасына 3 рет істеуге болады.
-Математикадан репетитор болу немесе басқа өзіңіз жақсы білетін сабақтан. Жеке оқушы алып, сабақ беру.
-Чек листтер ол анатомиялық, физиологиялық болсын айырмашылық жоқ. Бастысы сұранысқа жақсы ұсыныс болса болды. Электрон не қағаз түрінде олда өз еркіңіз.

4) Қызметіңізді ұсыныңыз. Медиа оған таптырмас мүмкіндік.

-Смм болып клиника, стоматология страницасын жүргізіңіз.
-Мобилография студенттер үшін. Қазір екінің бірі блогер болғысы келеді сұраныс көп.
-Фотограф болып фотосессия ұйымдастыру.

Қазір мүмкіндік көп, медиа ға сұраныс тым жоғары. Тек жұмыс жасауға ерінбеу, және ұялмау жеткілікті.

Ең бастысы жұмыс=сабақ баланста болу керек.

Мобилография да біраз тиын тауып, болды осы жол менікі екен деп қысқа уақыттық рахатқа бөленбей, оқып, маман болып, ел көріп, емдеп, рахмет естетін Дәрігер болып, ұзақ уақыттық каефты ойлау керек.

Ал сіздер тағыда қандай қосарларыңыз бар? Комментте жаза кетсеңіз.

Алдағы уақытта 2 часть шығарамын.

#медицина #врач #студентымедики #қазақстан #германия

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.