Ескі сурет


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Тарихымыздағы құнды суреттер
Байланыс үшін @arshatoraz

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


XX-ғасыр басы, Павлодар облысы.
Кедей лашығы алдында ойнаған балалар

@eskisuret


Осы суретте Жетісу қазақтары жазалаушы отрядпен қақтығыстан кейін өлтірілген, 1916 ж. ресей мұражайынан алынған сурет

Azat Nrg


1879. Сәнді киінген бай отбасы

@eskisuret


1980. Серік Қонақбаев пен бапкері Юрий Цхай.

@eskisuret


kerim eken dan repost
Розаның жас кезі. Жанынан өтіп бара жатыр едім, байқамай фотоаппараттың батырмасын басып қалыппын, суретке түсуге дайындықсыз отырған Роза осылай түсіп қапты. "Әлияны" орындап жүрген кезі еді.

Болат Омарәлиев

🔗 Facebook


Yerzhan Kumyssov dan repost
Маңғыстау, Сұмса. 1969 жыл. Шай құйып отырған келін


Шәй ішіп отырған малшылардың түрлі түске айналдырылған суреті

@eskisuret


Ораз Қаңлыбаев – Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері, конькимен алыс қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның 12 дүркін чемпионы және ел рекордын 7 мәрте жаңартқан. Кеңес Одағы құрамасына енген тұңғыш қазақ спортшысы (1952-53 жылдары өнер көрсетті). 1931 жылғы.
Дереккөз: massaget.kz


© Facebook: Абай Мырза

👉Алаш-Орда бастығы Әлихан Бөкейхан атамыздың бұйырқтары...

📜Жоғары жағына: **"Бек тығыз"** деп жазылған...

12.06.1918
Нөмер 2 бұйрық

Семей үйезінің земски управасының бастығы Ахметжан Қозыбағар ұғылына

Семей үйезінен болыс басына 30 милисионер алуға қаулы қылынды. Осы жігіттерді тоқтаусыз жиясыз, жеткілікті атымен.
Жиылған ат, азамат Семейге келеді.
АЛАШ ОРДА БАСТЫҒЫ
ҒАЛИХАН.


Роза Бағланова. 1955
@eskisuret


Күләш Байсейітова. 1939.

@eskisuret


Мәскеуде 2012 жылы болған оппозицияның соңғы бас көтеруі. Бұл толқу әлемге #ОккупайАбай деген хэштегпен тарады.

"...Воровство в степи не прекращается... депті ғұлама. Замандасымыз ғой мына Абай!" деп жазады бір белсенді, сол күндері.


YerlanGo - 44+ dan repost
Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме...

Бүгін, Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл.


1914. Түркістан қаласындағы қонақүй
@eskisuret


1893. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің төбесінен қарағандағы Түркістан
@eskisuret


1913. Арал вокзалы алдындағы қазақтар
@eskisuret


© Facebook: Серікбол Хасан

Кенжеғали Айшуақұлы. 1871 жылы Бөкей ордасының Бірінші Теңіз жағалауы округінде дүниеге келген. 1899 жылы Бірінші Теңіз жағалауы округі 4-старшындығының имамы болып сайланған.

Сурет Астрахан облысының мемлекеттік архивінен алынды. Фото авторы – С.Климашевская. Астрахан, 1900 жыл.


Шымкент, қорғасын зауыт елді-мекені. 1939 жыл.


Шұбарқұдық кенішінің жұмысшысы К. Бегембетова, 1943 жыл.


Теңіз мұнай кенішінің №37 шыңырауындағы өрт, 1985 жыл. Өрт 398 (үш жүз тоқсан сегіз) тәулікке созылды.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.