АМАЛ ДӘПТЕР/МАҚСАТЫМЫЗ ЖАННАТ🕌🕋📚📌


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ضُرِبَ مَثَلٌ فَٱسۡتَمِعُواْ لَهُۥٓۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَن يَخۡلُقُواْ ذُبَابًا وَلَوِ ٱجۡتَمَعُواْ لَهُۥۖ وَإِن يَسۡلُبۡهُمُ ٱلذُّبَابُ شَيۡـًٔا لَّا يَسۡتَنقِذُوهُ مِنۡهُۚ ضَعُفَ ٱلطَّالِبُ وَٱلۡمَطۡلُوبُ
әл-Хаж: 73

йә әййуһән нәсу дурибә мәс̃әлун фәстәмиъуу ләһ иннәл ләз̃иинә тәдъуунә мин дууниллаһи ләй йәхлуқуу з̃убәбәу уәләуи жтәмәъуу ләһу уәий йәслубһумуз̃ з̃убәбу шәйәл лә йәстәнқиз̃ууһу минһ даъуфәт талибу уәлмәтлууб

Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар.


Үтір намазында құныт дұғасын ұмытқан адам намазын қалай аяқтайды ?

Сөздікте Аллаға ықыласпен құлшылық жасау, намаз бен дұғаны ұзату, үндемеу, дұға жасау, ғибадат ниетімен аяқта тұру сияқты мағыналарға келетін құныт, діни термин ретінде, намазда рукуғтан алдын немесе кейін дұға жасауды білдіреді.

Үтір намазында құныт дұғасын оқу - уәжіп. Сондықтан да құныт дұғасын оқымау немесе кешіктірген жағдайда сәһу сәждесін жасау керек.
(Хаддад, әл Сәуһәра 1,92)

Үтір намазын оқыған адам, ұмытып яки қателесіп құныт дұғасын оқымай рукуғқа барса, ол адам намазын жалғастырып, соңында сәһу сәждесін жасайды. Алайда ол адам, рукуғтан тұрғаннан кейін құныт дұғасын оқитын болса, кейіннен қайта рукуғ жасамай сәждеге барады да намаздың соңында сәһу сәждесін жасайды.

Кааани, Бәдай, 1,274; әл Фәтауал Хиндия 1,141.


قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّمَآ أَنَا۠ لَكُمۡ نَذِيرٌ مُّبِينٌ
әл-Хаж: 49

қул йә әййуһән нәсу иннәмә әнә ләкум нәз̃иирум мубиин

(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Уа, Адамдар! Мен (өз білгеніммен немесе сендердің айтқандарыңмен жүретін адам емеспін, мен уахиге сүйеніп) сендерге ашық түрде ескерту үшін келген ескертуші ғанамын», – деп айт.


Қайтыс болған адам жайлы жақсы сөз айтудың мәні мен үкімі не ?

Әрбір мұсылман дүние салғанда артынан жақсы сөз айтылуы үшін соған лайықты түрде өмір сүруі қажет. Сонымен бірге марқұмды танитын адамдардың ол жайлы жақсы сөз айтуының оған пайдасы тиетіні үміт етіледі.

Хазіреті Пайғамбарымыз соллаллаһу әләйһи уә сәләм былай деген: "бір мұсылман дүниеден өткенде жақын көршілерінен төрт адам ол адам жайлы: Мұның жамандығын көрмедік, жақсы адам еді", деп куә болса, Алла Тағала былай бұйырады:
"Ей мүміндер! Сендер танитын, мына адам жайлы куәліктеріңді қабыл еттім, сендердің білмейтін кемшіліктеріңді кешірдім".

Имам Ахмад ибн Ханбал, әл Мүснад ××1, 174.

Жаназа намазынан алдын немесе кейін "Бұл кісі қандай адам еді? " деп сұралғанда, жақсы екенін білетіндер "жақсы адам" деп куәлік еткені, ал жаман екенін білетіндер үндемегені, ал танымайтындар болса, "Алла мейіріміне алсын " деп айтқандары дұрыс. Өйткені Хазіреті Пайғамбар соллаллаһу әләйһи уә сәлләм былай деген: "Өлген адамдарды жақсы жағымен еске алыңдар, жамандықтары жайлы айтпаңдар".

Имам Әбу Дәуід. Әдеп, 49.
Имам Тирмизи. Жәнәйыз, 34.


Парыз намаздарымен бірге оқылатын сүннеттерді оқымауға бола ма ?

Парыз намаздарынан бұрын және кейін оқылатын сүннеттер мүәккәд және ғайримүәккәд сүннеттер ретінде екіге бөлінеді. Мүәккәд сүннет Хазіреті Пайғамбардың соллаллаһу әләйһи уә сәлләм үздіксіз, бірақ міндетке айналдырып алмау мақсатында кейде оқымаған сүннет. Ғайримүәккәд сүннет кейде оқып, кейде оқымаған сүннет. Ғайримүәккәд сүннеттерді мұстахаб деп те атайды. Мүәккәд сүннеттерді ешқандай да себебсіз тастау дұрыс емес. Себебті жағдайларға байланысты болса, кемшілік әрі қателікке жатады. Бірақ ол үшін азап жоқ. Ғайримүәккәд сүннеттерді ешқандай себебсіз де тастауға болады.

Ибн Абидин, Рәддул мұхатр, 1,218-221;2,170, 450-453.


Аллаһ елшісі оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: ібіліске сені кім қуанышқа бөлейді? – деп сұрады.

Ібіліс: «Намаздарын әдейі, біле тұра оқымағандар» – деді
де:

  «Менің Атәмә есімді бір балам бар. Бір мұсылман құптан намазын оқымастап ұйықтайтын болса, әлгі балам оның құлағына барып кіші дәрет сындырады. Егер адамдар намаздарын оқымай жатпаса, ол бұлай жасамас еді» – деген.

Намаз діннің тірегі кітабынан үзінді.


وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَعۡبُدُ ٱللَّهَ عَلَىٰ حَرۡفٍۖ فَإِنۡ أَصَابَهُۥ خَيۡرٌ ٱطۡمَأَنَّ بِهِۦۖ وَإِنۡ أَصَابَتۡهُ فِتۡنَةٌ ٱنقَلَبَ عَلَىٰ وَجۡهِهِۦ خَسِرَ ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡاٰخِرَةَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡخُسۡرَانُ ٱلۡمُبِينُ
әл-Хаж: 11

уәминән нәси мәй йәъбудуллаһа ъалә хәрфин фәин әсабәһу хайрун тмәәннә биһи уәин әсабәтһу фитнәтун нқаләбә ъалә уәжһиһи хасирәд дунйә уәләхирә з̃әликә һууәл хусрәнул мубиин

Адамдар арасында Аллаға тек қара басының пайдасы үшін сүлесоқ құлшылық ететіндер бар. Мұндай адам мақсатына жетіп, жақсылыққа кенелсе, жаны жай тауып, мәз болады. Ал қандай да бір сынаққа, қиындыққа тап болса, бірден сырт айналып, жалтара қалады. Сөйтіп, дүниеде де, ақиретте де бар жақсылықтан қағылып, оңбай зиян шегеді. Міне, оңбай зиян шегу деген – осы.


يَوۡمَ تَرَوۡنَهَا تَذۡهَلُ كُلُّ مُرۡضِعَةٍ عَمَّآ أَرۡضَعَتۡ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمۡلٍ حَمۡلَهَا وَتَرَى ٱلنَّاسَ سُكَـٰرَىٰ وَمَا هُم بِسُكَـٰرَىٰ وَلَـٰكِنَّ عَذَابَ ٱللَّهِ شَدِيدٌ
әл-Хаж: 2

йәумә тәрәунәһә тәз̃һәлу куллу мурдиъатин ъаммә әрдаъат уәтәдаъу куллу з̃әти хәмлин хәмләһә уәтәрән нәсә сукәрә уәмә һум бисукәрә уәләкиннә ъаз̃әбаллаһи шәдиид

Сол күні бала емізетін әр ананың (қатты қорыққаннан) баласын ұмытқанын, әрбір жүкті әйелдің (және буаз жануардың) іш тастағанын көресің. Сондай-ақ адамдардың бәрін ес-түсінен айрылып теңселген мас күйде көресің, асылында, олар мас емес. Алайда Алланың азабы тым қатты.


يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱتَّقُواْ رَبَّكُمۡۚ إِنَّ زَلۡزَلَةَ ٱلسَّاعَةِ شَيۡءٌ عَظِيمٌ
әл-Хаж: 1

йә әййуһән нәсут тәқуу раббәкум иннә зәлзәләтәс сәъати шәйун ъазиим

Уа, адамдар! Раббыларыңа асылық қылып, қаһарына ұшыраудан сақтаныңдар! (Біліп қойың-дар!) Шүбәсіз, қиямет күнінің зілзаласы – алапат құбылыс.




Ислам нұры (نور الاسلام) dan repost
https://t.me/kuransunna2023




ИСЛАМ/БІР ҮМБЕТ 📚🕌 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Діни сауатты болу.

https://t.me/birymbet2024


ИСЛАМ/БІР ҮМБЕТ 📚🕌 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Диструктивті діни ағым өкілдерінің Қазақстан қоғамына келтірер қауіпі қандай?

https://t.me/birymbet2024


ИСЛАМ/БІР ҮМБЕТ 📚🕌 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Диструктивті діни ағымдар

https://t.me/birymbet2024


ИСЛАМ/БІР ҮМБЕТ 📚🕌 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Уаххабизм идеологиясы

https://t.me/birymbet2024


ИСЛАМ/БІР ҮМБЕТ 📚🕌 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Уаххабизм ағымының қауіпі

https://t.me/birymbet2024


Ассалаумағалейкум
Кіріп келген күндердің сұлтаны Жұма мубарак болсын !
Алла тағала отбасыңызға амандық , деніңізде саулық , жүрекке иман , рызыққа молшылық берсін .
Алла Тағала қасиетті Құранның «Хұжырат» сүресі, 11-аятында:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَومٌ مِنْ قَوْمٍ عَسَى أَنْ يَكُونُوا خَيْرًا مِنْهُمْ وَلَا نِسَاءٌ مِنْ نِسَاءٍ عَسَى أَنْ يَكُنَّ خَيْرًا مِنْهُنَّ
«Уа, иман келтіргендер! Бір топ еркектер басқа еркектерді мазақ етпесін! Мазақ етілгендер өздерінен де қайырлы болып шығады. Бір топ әйелдер де басқа әйелдерді мазақ етпесін! Мазақ етілгендер өздерінен де қайырлы болып шығады», – деп айтқан.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!


Адал рызық табуға ұмтылу.

Алладан өзге табынғандарың, сендерге рызық бере алмайды. Ендеше рызықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар.

Анкәбут сүресі 17 аят.

Хазіреті Али одан Алла разы болсын жеткен риуаятқа қарағанда, Алла Елшісі соллаллаһу әләйһи уә сәлләм былай деген: Аллаһым! Үмбетімнің таңертеңнен бастаған еңбегін берекелі қыла гөр!

Имам Ибн Ханбал.

Дұға.

Аллаһым! Сенен кәміл иман, дұрыс сенім, мол әрі адал рызық, жылы жүрек, сені зікір ететін тіл, берік тәубе мен пайдалы білім сұраймын.

Даналар дариясы.

Дүнияда айтпа өсекті,
Арамнан жұтпа кесекті.
Таза сақта, таза жүр,
Киім, тәнің, төсекті.
Жеті мүшең сау болса,
Берерсің сонда есепті.
Аузыңа салма арамды,
Әдет қылма сараңды.

ӘбуБәкір Кердері.

Мұсылманның бір жылы.


Сұрақ - жауап.

Әйелдер әшекей бұйымдарының зекетін беру керек пе?

Алтын және күмістен жасалған бұйымдарының зекеті Ханафи мәзһабы бойынша берілуі керек. Сондықтан да алтыннан жасалған әшекей бұйымдары 80.18 гр. немесе одан артық әрі бір жыл өткен болса қырықтан бірінің зекеті беріледі. Алтын мен күмістен басқа асыл тастардан жасалған бұйымдардың зекеті берілмейді.

Имам Ибн Нүжәйім, әл Бахр 2/ 243.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.