ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Мадиярдың түртіп алғандары... dan repost
📌 Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

(Әбу Дәуіт/1531)

📌 Пайғамбарымыз ﷺ:
«Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады», – деген

(имам Муслим).

📌 Пайғамбарымыз ﷺ:
«Кім маған бір салауат айтса, оған Алла он салауат айтады және оның он қателігін кешіреді әрі оның дәрежесін он есеге көтереді», – деген.

(имам Насаи).

📌 Пайғамбарымыз ﷺ:
«Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген.

(имам Тирмизи).

https://t.me/turtip_algandarym


♦️3️⃣7️⃣4️⃣-ХАДИС:

Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) умраға (кіші қажылыққа) бару үшін рұқсат сұрағанымда маған рұқсат етіп: «Бауырым! Дұға жасағаныңда бізді де ұмытпа», – деді (Басқа бір риуаятта: «Бауырым! Дұғаларыңа бізді де қос» – деп айтылған.) Сонда Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл сөзіне риза болғаным соншалық – сол сәтте бүкіл әлем менікі болса да, дәл солай қуанбас едім», – деп айтты .

(Әбу Дәуіт, уитр 23; Тирмизи, дағауат 109).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


📌 ЖОЛ ЖҮРІП БАРА ЖАТҚАН АДАММЕН ҚОШТАСЫП, ОҒАН ӨСИЕТ АЙТУ ЖӘНЕ ДҰҒА ЕТУІН ӨТІНУ

✅«Ибраһимнің (ғ.с.) бұл (дінді) өз ұлдарына өсиет еткені сияқты Жақып (ғ.с.) та ұлдарына: «Балаларым! Аллаһ тағала сендер үшін осы дінді таңдады. Ендеше, бұл дүниеден мұсылмандықтан өзге дінді ұстанып өтуші болмаңдар», – деп өсиет айтқан еді. Әлде, Жақып (ғ.с.) ажал жастығына бас қоярда ұлдарынан: «Мен дүние салғаннан кейін кімге құлшылық қыласыңдар?» – деп сұрағанда, сендер оның басы-қасында ма едіңдер? Сонда ұлдары: «Біз сенің Тәңіріңе, ата-бабаларың Ибраһим, Исмайыл және Исхақтың тәңірі болған жалғыз Құдайға табынамыз һәм біз Оған ғана бойсұнған шынайы мұсылманбыз», – деп жауап берген еді».
(«Бақара» сүресі, 132-133-аяттар).

♦️3️⃣7️⃣3️⃣-ХАДИС:

Зәйд ибн әл-Әрқам (р.а.): «Бір күні Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орнынан тұрып, бізге құтпа оқыды. Құтпасында алдымен Аллаһ тағалаға мадақ пен шүкіршілік айтып, содан кейін бізге біраз уағыз-насихат айтып, кейбір мәселелерді есімізге салды. Соңынан бізге: «Уа, жарандар! Мен де адаммын. Көп ұзамай бір күні маған да Раббымның елшісі (Әзірейіл періште) келгенде, сендерге екі құндылықты қалдырамын да, оған мойынсұнып, араларыңнан кетемін. Алғашқысы: іші һидаят (125) пен нұрға толы Аллаһ тағаланың кітабы – қасиетті Құран. Құранның айтқанымен жүріп, айтқанымен тұрыңдар», – деп, бізді Аллаһтың кітабымен амал етуге шақырды. Содан кейін: «Екіншісі – менің отбасым (126). Отбасыма сый-құрмет көрсету жайлы Аллаһ тағаланың әмірін естеріңнен шығармаңдар», – деп ескертті», – деген.

(Муслим, фадайлус-сахаба 36).

❗(125) Тура жол
❗(126) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанұясы, ұрпағы және ет жақындары

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https: rel='nofollow'>//t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣7️⃣2️⃣-ХАДИС:

Ибн Шумәса (р.а.): «Амр ибн әл-Ас (р.а.) хал үстінде жатқанда қасында болған едік. Ол болса, жүзін керегеге қаратып алып ұзақ егілді. Сонда ұлы оған: «Уа, әкетай! Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сіз жайлы пәлен жүрекжарды хабарды айтып, сүйіншілемеп пе еді?» – деп, осы сөзін екі рет қайталап, жұбата бастады. Сол кезде Амр (р.а.) жүзін бері қаратып: «Ақырет үшін дайындаған ең абзал амалымыз – «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп куәлік ету. Расында, өмірімде үш түрлі кезеңді басымнан өткіздім. Алғашында Аллаһ елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) менен артық жек көретін, әрі бір амалын тауып оны қолыма түсіріп, көзін жоюды менен артық қалайтын тірі жан жоқ еді. Егер сол кезеңде өліп кеткенде шүбәсіз, тозақтық болар едім. Кейін Аллаһ тағала жүрегіме иман нұрын ұялатқанда, Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Оң қолыңызды беріңіз, алдыңызда ант қабылдайын», – дедім. Ол қолын созғанда, мен қолымды тартып, сәл-пәл іркіліп қалдым. Сонда ол: «Уа, Амр, саған не болды?» – деді. Мен: «Бір шартым бар», – дедім. Сонда ол: «Қандай шарт қоясың?» – дегенде: «Күнәларымның кешірілуін қалаймын» – дедім. Сол кезде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сен Исламның бұрын-соңды істелген күнә атаулының бәрін жоятынын, хижреттің де бұрын-соңды істелген күнәларды түгел жоятынын, сондай-ақ қажылықтың да бұрын-соңды істелген күнәларды түгел жуып-шаятынын білмеуші ме едің?» – деді. Содан бері мен үшін Аллаһ елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) артық сүйікті жан және одан ұлы тұлға болған емес. Сондай-ақ, оны айрықша құрметтегенімнен, еш уақытта жүзіне көз тоқтатып, тіктеп қарай алмадым. Егер маған оны сипаттап бер деп, біреу-міреу қолқа салса, оның бұл тілегін орындай алмас едім, өйткені оның жүзіне тіктеп қараған емеспін. Егер сол шақта ажалым жетсе, жұмақтық боламын деген үкілеген үмітімді жалғап көз жұмар едім. Содан бері бізге небір жауапкершілігі ауыр міндеттер жүктелді. Мойнымызға артылған сол міндеттерді қаншалықты атқардық, оны да кесіп-пішіп айта алмаймын, сондықтан қазір қандай жағдайда екенімді білмеймін. Сендерге айтар өсиетім: мен қайтқаннан кейін артымнан жоқтау айтылмасын, әрі от та жағылмасын. Мені жер қойнына қойғаннан кейін үстіме азын-аулақ топырақ тастап, қабірімнің басында бір түйені сойып, етін бөлшектеп бітетіндей уақыт кідіріңдер, өйткені сендер барда қабір әлеміне аз да болса бойым үйреніп, әрі Раббымның елшілеріне не деп жауап қататынымды жақсылап ойланып алайын», – деді» – деген.

(Муслим, иман 192).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy




📌 ҚАЙЫРЛЫ ІС ІСТЕГЕНДЕРДІ СҮЙІНШІЛЕУ

✅«Айтылған сөзге құлақ асып, оның ең абзалын басшылыққа алатын құлдарымды сүйіншіле»
(«Зүмәр» сүресі, 17-18-аяттар).

✅«Оларды Раббылары шексіз рақымымен, разылығымен әрі нығметке толы мәңгі жаннат бақшаларымен сүйіншілейді.
(«Тәубе» сүресі, 21-аяттар).

✅«Сендерге уағда етілген жұмаққа (кіретіндеріңе) қуана беріңдер».
(«Фуссилат» сүресі, 30-аят).

✅«Расында, бір кездері елші (періштелеріміз) Ибраһимге бізден қуанышты хабар жеткізген болатын».
(«Һуд» сүресі, 69-аят).

♦️3️⃣7️⃣1️⃣-ХАДИС:

Әбу Муса әл-Әшғари (р.а.): «Бір күні Әбу Муса әл-Әшғари (р.а.) үйінен дәрет алып шығып, өз-өзіне: «Бүгін Аллаһ елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ажырамай осы күнді онымен бірге өткіземін», – деп сөз беріп,мешітке келді. Мешіттегілерден Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайда екенін сұрағанда, олар: «Ана жаққа қарай кетті», – деп бағыт көрсетті. Әбу Муса: «Содан сұрастыра-сұрастыра Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ізімен жүріп отырып, оның Арис құдығы орналасқан бақшаға кіріп бара жатқанын көрдім. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажетін өтеп,дәретін алып болғанша бақшаның кіреберісінде күтіп отырдым. Сәлден кейін қасына барсам, құдықтың аузына айнала қаланған тастардың орта шенінде балағын тізесіне дейін түріп алып, аяқтарын құдықтың ішіне қарай түсіріп қойып отыр екен. Оған сәлем бердім де,кері қайтып, есіктің алдына қайта отырып ішімнен: «Бүгін Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) есік алдын күзететін сақшысы боламын», – дедім. Біраз уақыт өткен соң,Әбу Бәкір (р.а.) келіп, бақшаның есігін ашпақ болып, бері итерді. Сонда мен: «Бұл кім екен?» – дедім. Ол: «Әбу Бәкірмін», – деді. Мен оған: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, құдық жаққа барып:«Уа, Аллаһтың елшісі! Әбу Бәкір келіп тұр, кіруге рұқсат сұрайды», – дедім. Сонда ол: «Кіргіз, әрі оны жаннатпен сүйіншіле», – деді. Кері оралып, Әбу Бәкірге: «Кіріңіз, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сізді жаннатпен сүйіншіледі» дедім. Ол ішке кіріп, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оң жағындағы тастың үстіне отырып,Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сияқты аяқтарын төмен салбыратып қойып, етегін тізесіне дейін түріп алды. Мен қайтадан орныма келіп отырдым. Мен үйден шығарда бауырым дәрет алып жатқан еді. Ол да менімен бірге жүргісі келген еді. Соны ойлап отырып ішімнен: «Егер Аллаһ тағала бауырыма жақсылық қаласа, осы жерге әкелер», – дедім. Сөйтіп отырғанда біреу есікті сілки бастады. Мен оған: «Бұл кім екен?» – дедім. Ол: «Хаттабұлы Омармын», – деді. Мен оған: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барып, сәлем берген соң: «Уа, Аллаһтың елшісі! Омар келіп тұр,кіруге рұқсат сұрайды», – дедім. Сонда ол: «Кіргіз, әрі оны жаннатпен сүйіншіле», – деді. Кері оралып, Омарға: «Кіріңіз, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сізді жаннатпен сүйіншілеп жатыр дедім. Ол да ішке кіріп, Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол жағындағы тастың үтіне жайғасып, аяқтарын құдықтың ішіне қарай түсірді. Ал, мен орныма қайтып келіп, ішімнен тағы: «Егер Аллаһ тағала бауырыма жақсылық қаласа, осы жерге әкелер» дедім. Сөйтіп отырғанда тағы біреу келіп есікті итерді. Мен оған: «Бұл кім екен?» – дедім. «Аффанұлы Османмын» – деді. Оған да: «Сәл күте тұрыңыз», – деп, Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барып, келген кісі жайлы хабар бердім. Сонда ол: «Кірсін, оны да жаннатпен сүйіншіле, бірақ келешекте бірқатар ауыртпалықтарға тап болады», – деді. Кері қайтып Османға: «Кіріңіз, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келешекте басыңызға бірқатар ауыртпалық түсетін болса да (түбі қайырлы болады деп), сізді жаннатпен сүйіншілеп жатыр», – дедім. Ол да ішке кіріп, құдықтың аузын айнала қоршаған тастың бір қапталында орын болмаған соң, үшеуіне қарама-қарсы тұрған жағына жайғасты», – деді. Сағид ибн Мусәйиб (р.а.): «Олардың осылай құдық басында отыруын, дүниеден озғаннан кейін қатар қойылатын қабірлерінің орналасу реті деп тәпсірледім», – деген.

(Бұхари, фадайлус-сахаба 5/әдәб 17; Муслим, фадайлуссахаба 29).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
href='' rel='nofollow'>


📌 ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТКЕНДЕ БАЙСАЛДЫЛЫҚ ПЕН БАЙЫПТЫЛЫҚ ТАНЫТУ

✅«Кімде-кім Аллаһ тағала қасиетті қылған діни рәсімдер мен нышандарды (124) құрмет тұтып, ұлықтаса, бұл – жүректердегі тақуалықтың белгісі».
(«Хаж» сүресі, 32-аят).

♦️3️⃣7️⃣0️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қамат түсірілген соң намазға (үлгермей қаламыз деп) жүгірмеңдер, керісінше (байыптылықпен) асықпай жүріп барыңдар. Жамағатқа үлгерген рәкаттан қосылып, өткізіп алған рәкаттарды өздерің толықтырыңдар», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Бұхари, әзән 20; Муслим, мәсәжид 151).

❗(124) Яғни, қажылық, құрбандық рәсімі, Қағба, және Сафа, Мәруа төбелері сияқты қасиетті нышандарды.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣9️⃣-ХАДИС:

Мағауия ибн әл-Хакам әс-Сүләми (р.а.): «Бір күні Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұйып намаз оқып тұрған едім. Кенет намазда тұрғандардың бірі түшкіріп қалды. Мен оған: «Ярхамукаллаһу» (Аллаһ сені мейіріміне бөлесін), – дегенімде, намазда тұрғандар маған жазғыра қарады. Сонда мен оларға: «Өл де маған! Неге сонша тесіле қарадыңдар?» – дедім ренжіп. Олар сандарын шапалақтай бастағанда, мені тыныштандырғылары келгенін көріп, одан арман ашуландым, бірақ өз-өзімді ұстап, үндемедім. Әке-шешем Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолында садаға кетсін! Бұрын-соңды және кейін де одан асқан тәлімі мінсіз тәлімгер көрген емеспін. Аллаһтың атымен ант етейін! Ол осы қылығым үшін маған зекіп, қабақ шытқан да жоқ, маған қол көтерген де, балағаттаған да жоқ. Намаз оқып болған соң бар болғаны: «Намазда тұрғанда пендеге тән бірде-бір сөз айтуға болмайды. Расында, намаз дегеніміз – Аллаһты пәктеп, Оған мадақ айту, Оны ұлықтау және Құран оқу», – деді (немесе осыған ұқсас насихат айтты). Сонда мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен кеше ғана пұтқа табынып жүрген қараңғы адам едім. Бүгінгі таңда Аллаһ тағала бізді хақ дін Исламға бастады. Алайда біздің арамызда әлі де балгер-көріпкелдерге баратындар бар», – дедім. Ол: «Сен оларға барма», – деді. Мен тағы: «Сондай-ақ, ішімізде ырым-жоралғыға сенетіндер де бар», – дедім. Сонда ол: «Бұл олардың көкірегіндегі бос қиял ғана, сондықтан бұндай жалған ойлар оларға тосқауыл болып, алған бетінен қайтармасын»,(123)– деп айтты», – деген.

(Муслим, мәсәжид 33).

❗(123) Яғни, қандай да бір іске бел буғаннан кейін болмайтын ырым-жоралғыға сеніп, ниет еткен немесе бастаған ісін тастап кетпесін.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https: rel='nofollow'>//t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣8️⃣-ХАДИС:

Әбу Уәйл Шақиқ ибн Сәләма: «Ибн Масғуд (р.а.) бізге әр аптаның бейсенбі күні уағыз айтып тұратын. Бірде біреу: «Уа, Әбу Абдуррахман! Бізге күн сайын уағыз айтқаныңызды қалар едім», – деп өтініш білдірді. Сонда Ибн Масғуд бұл өтінішке: «Жиі-жиі уағыз айтсам, сендерді жалықтырып алам ба деп қорқамын? Сондықтан Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізді жалықтырмау үшін қолайлы сәттерді пайдаланып, анда-санда уағыз айтқанындай мен де сендерге оқта-текте ғана уағыз айтамын», – деп жауап берді», – деген.

(Бұхари, илм 11; Муслим, сыфатул-мунафиқин 82).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣7️⃣-ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан сөзі естіген адамның бәрі емін-еркін түсінетіндей анық та қанық болатын», – деген.

(Әбу Дәуіт, әдәб 18).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


📌УАҒЫЗДЫ ТЫҢДАУШЫҒА ТҮСІНІКТІ ТІЛМЕН АЙТУ

✅«(Адамдарды) Раббыңның жолына даналықпен әрі жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр».
(«Нахыл» сүресі, 125аят).

♦️3️⃣6️⃣6️⃣-ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан сөзі түсінікті болуы үшін кей кездері бір сөзді үш рет қайталап айтатын. Көпшілікпен жолығуға (немесе біреудің үйіне) барғанда да кей кездері үш қайтара сәлем беретін (122) еді», – деп айтты.

(Бұхари, илм 30).

❗(122) Сәлемін елдің бәрі естісін деп немесе үй иелері естімеген жағдайда үш рет сәлем беретін.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣5️⃣-ХАДИС:

Әбу Зәрр (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «(Мұсылман) бауырыңды жылы жүзбен қарсы алғаныңдай, аз да болса жақсылықтың ешбір түрін қомсынба», – деп айтты», – деген.

(Муслим, бирр 144).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣4️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жылы сөз де садақа», – деген».

(Бұхари, әдәб 34; Муслим, зәкәт 56).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


📌АДАМАДАРҒА ЖЫЛЫ ШЫРАЙ ТАНЫТЫП, ЖЫЛЫ СӨЙЛЕСУ

✅«Мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол».
(«Хижр» сүресі, 88-аят).

✅«Егер дөрекі, тас жүректі болғаныңда, айналаңдағы адамдардың бірде-біреуі маңыңа жоламай (сенен безіп) кетер еді».
(«Әли Имран» сүресі, 159-аят).

♦️3️⃣6️⃣3️⃣-ХАДИС:

Ади ибн Хатимнен (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Тозақ отынан жарты құрмамен, оны да таба алмасаңдар, бір ауыз жылы сөзбен болса да сақтаныңдар», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, әдәб 34/зәкәт 10; Муслим, зәкәт 66).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣2️⃣-ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «Әй, Абдуллаһ! Сен пәленше секілді болма. Ол түнгі намазды үзбей оқып жүріп, ақырында оқымай қойған еді», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, тәһәжжуд 19; Муслим, сиям 185).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣1️⃣-ХАДИС:

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мына төрт түрлі қылық кімнің бойынан түгел табылса, сол нағыз екіжүзді адам. Ал, кімнің бойында осы төрт қылықтың бірі болса, одан арылмайынша бойында екіжүзділікке тән бір белгінің болғаны. Нағыз екіжүзді адам – аманат табысталса, қиянат жасайды; сөйлесе, өтірік айтады; уәде берсе, сөзінде тұрмайды; сондай-ақ, дауласқанда (немесе жауласқанда), қарсыласына қиянат жасауда шектен шығады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, иман 24/мазалим 17; Муслим, иман 106).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


♦️3️⃣6️⃣0️⃣-ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барлық жұбайлары бас қосып, төрт көзіміз түгел болып Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге отырғанымызда, жүрісі Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүрісінен айнымайтын сүйікті қызы Фатима (р.анһа) да келді. Ол қызын көргенде: «Қош келдің, қызым!» – деп қошеметтеп оң (немесе сол) жағына отырғызып, Фатиманың (р.а.) құлағына ақырын сыбырлады. Сол кезде сүйікті қызының көңілі босап, қатты жылады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызының қатты мұңайғанын көргенде, құлағына тағы бір мәрте сыбырлады. Бұл кез Фатима қуанғаннан езу тартты. Сонда мен оған: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелдері төрт көзі түгел болып, қасында отырса да, саған ғана сыбырлап, сенімен ғана сыр бөлісті. Ал, сен болсаң жылайсың», – дедім. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кетіп қалғаннан кейін Фатимадан: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) саған не айтты?» – деп сұрадым. Ол: «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сырын ешкімге де ашпаймын», – деп тіс жармай қойды. Кейін Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние салған соң оған: «Өтінемін, мен де сенің анаңмын ғой, Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) саған ашқан сырын маған да айтшы», – дедім. Сонда ол: «Жарайды, енді айтсам, айтайын. Әкем құлағыма алғаш сыбырлағанда маған Жәбірейіл періштемен Құранды жылына бір (немесе екі) рет басынан аяғына дейін оқитынын, ал бұл жолы осыған дейін екі рет оқығандарын айтып: «Мұны ажал жастығына бас қояр сәтімнің жақындағаны деп ойлаймын, сондықтан Аллаһтан қорқып, сабырлы бол (мен қайтыс болғанда, өз-өзіңді ұстай біл). Өйткені мен сен үшін жақсы ізашар боламын», (121) – деді. Өзіңіз куә болғандай сондағы егіліп жылағанымның мәнісі осы болатын. Кейін әкем менің қатты мұңайғанымды көргенде, екінші рет құлағыма сыбырлап: «Әй, Фатима! Барша мүмін әйелдердің (немесе осы үмбеттің барша әйелзатының) ханшайымы болуды қаламайсың ба?» – деді. Өзіңіз көргендей сол кездегі күлгенімнің мәнісі осы еді», – деді», – деген.

(Бұхари, мәнақиб 25/истизан 43; Муслим, фадайлус-сахаба 97-99).

❗(121) Яғни, сенен бұрын жұмаққа кіремін

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https: rel='nofollow'>//t.me/hadister_jinagy


📌СЫР САҚТАЙ БІЛУ, СЕРТКЕ БЕРІК БОЛУ ЖӘНЕ
БЕРГЕН УӘДЕДЕ ТҰРУ

✅«Сертке берік болыңдар
Өйткені серт беру жауапкершілікті талап етеді».
(«Исра» сүресі, 34-аят).

✅«Уа, иман еткендер! Неліктен өздерің істемейтін істі сөз қыласыңдар (Немесе неліктен істейміз деп айтып алып, кейін істемейсіңдер). Өздерің істемейтін істі сөз қылу – Аллаһтың алдында ең жеккөрінішті қылық».
(«Саф» сүресі, 2-3-аяттар).

✅«Келісім жасасқаннан кейін Аллаһтың сертіне (яғни, Аллаһты кепіл қылып берген сертке) берік болыңдар».
(«Нахыл» сүресі, 91-аят).

✅«Уа, иман еткендер! Өзара байласқан серттеріңе берік болыңдар».
(«Мәида» сүресі, 1-аят).

♦️3️⃣5️⃣9️⃣-ХАДИС:

Әбу Сайыд (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиямет күні Аллаһ тағаланың құзырындағы ең жаман адам – әйелімен төсек қатынасында болғаннан кейін, өздеріне ғана тән бар сырды басқаларға жайған адам», – деп айтты», – деген.

(Муслим, никах 123).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/ha href='dister_jinagy' rel='nofollow'>dister_jinagy


♦️3️⃣5️⃣8️⃣-ХАДИС:

Әбу Сайыд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оң жақта отырған беті ашылмаған жас қыздан да ұялшақ, арлы еді. Біз оның өзіне ұнамайтын қандай да бір жағымсыз қылыққа куә болғанын жүзінен байқайтын едік», – деп айтты.

(Бұхари, әдәб 72; Муслим, фадайл 67).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


📌АР-ҰЯТТЫ БОЛУ

♦️3️⃣5️⃣7️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иман жетпістен немесе алпыстан астам тармақтан (119) тұрады. Ең абзалы – «лә иләһә иллаллаһу» (120) деп айту. Ең төменгі дәрежесіне жол үстіндегі (адамдарға) кедергі келтіретін тосқауыл-бөгесіндерді жою жатады. Ар-ұят та иманның бір тармағы», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, иман 3; Муслим, иман 58).

❗(119) Дәрежеден
❗(120) Аллаһтан басқа тәңір жоқ

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.