IT bilim


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Kazakhstan CP Federation dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🌟 Айдос Нұрмаштың жолы: Қызылорда облысы Жалағаш ауданының оқушысынан спорттық бағдарламалаудағы "халықаралық гроссмейстерге" дейін! 💻

Ол мұндай биіктерге қалай қол жеткізді? Біздің бейнеден біліңіз! 🎥

🗓️ Естеріңізге саламыз: 16 қараша күні ICPC 1/4 финалы өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🍀✨
——

🌟 Путь Айдоса Нурмаша: от школьника из Жалагашского района Кызылординской области до “международного гроссмейстера” в спортивном программировании! 💻

Как ему удалось добиться таких высот? Узнайте в нашем видео! 🎥

🗓️ Напоминаем: уже 16 ноября состоится 1/4 финала ICPC. Всем участникам желаем удачи! 🍀✨


Kazakhstan CP Federation dan repost
#UzdikITUstaz

🚀Жауырда CPFED Uzdik IT Ustaz турнирінің жаңа маусымы! Қазақстанның түкпір-түкпірінен информатика пәні мұғалімдерін қатысуға шақырамыз. Өткен жылы турнирге 11 облыстан 592 мұғалім қатысты — биыл бұл сан одан да көп болады деп сенеміз!

📅 Толығырақ ақпарат сайтта!


🚀 Новый сезон турнира CPFED Uzdik IT Ustaz уже скоро! Приглашаем учителей информатики со всех уголков Казахстана присоединиться. В прошлом году с нами были 592 учителя из 11 областей — в этом сезоне будет еще больше!

📅 Подробнее на сайте!


IT, стартаптар және инвестициялау тақырыбындағы қазақ тіліндегі алғашқы подкаст


Ілияс Исатаев: Invictus иесі 30 миллион долларлық стартапты қалай құрды және оның миссиясы қандай?

Сәлем! Кеше Invest Dala подкастының шығарылымы шықты. Бүгінгі шығарылымның қонағы – Ілияс Исатаев, Invictus фитнес-клубтар желісінің және Hero’s Journey стартапының негізін қалаушы.

Әділбек Камиев, EA Ventures by EA Group венчурлық бөлімінің жетекшісі, Ілияспен Invictus жобасын қалай құрғаны, Нью-Йоркте студия ашу шешіміне қалай келгені және қандай қиындықтарға тап болғаны жайлы әңгімелесті.

Америкалық инвесторлар неге қазақстандық стартапқа қаржы салды? Неліктен ол өзінің бизнесіне бәсекелес құруды? Кәсіпкерлер үшін қандай метрикалар маңызды және инвестициялау кезінде неге назар аудару керек?

Сонымен қатар, бизнестегі басты қателіктер, АҚШ нарығында масштабталу құпиялары және идеяңызды бәсекелестерден қорғау жолдары - Invest Dala Podcast подкастының жаңа шығарылымында!

Толық сұхбатты YouTube арнасынан қараңыз — https://tapthe.link/x4wyN6UMap
Тыңдап, өзіңізге қызықты инсайттар алаңыз!


Үздік БІЛІМ dan repost
Ертең!
Кешкі сағат 19:00-де!
Инстаграм Live!


Арнайы қонағымыз
FAIO (ФизМат AI олимпиада) ұйымдастырушысы - Қуаныш Өтеу ұстазбен болмақ!

Осы жайында сұқпаттасамыз.

Өткізіп алмаңыздар)

Болатын платформа:
https://instagram.com/uzdik.bilim


🇰🇿 Servercore ұсынған IT-беш: «2025 жылы IТ-инфрақұрылымды қалай тиімді басқаруға болады?»

Бизнес-кешкі аста сіз 2025 жылы Қазақстандағы инфрақұрылымды басқарудың 4 тиімді тәсілі мен бұлтты технологиялар нарығының трендтері туралы білетін боласыз.

Сондай ақ іс шарада Servercore клиенттерінің кейстері ұсынылады:

Alif қаржы-техникалық компаниясы, ол қызметтердің даунтаймын 80%-ға төмендете алды

● Бұлттық инфрақұрылымды сәтті орналастырған M Cosmetic ірі ритейл желісі
Нетворкинг барысында IT-беш қатысушылары кәсіби тақырыптар бойынша сөйлесіп, тәжірибе алмасады және жаңа таныстар таба алады.

🗓Күні: 2024 жылғы 14 қараша (бейсенбі).
📍Орналасқан жері: Алматы, Абай даңғылы
🏃 Құны: Тегін.
🎤Форматы: Офлайн.

Мына сілтеме бойынша толығырақ біліп, өтінімді қалдыруға болады


Илон Маск Future Investment Initiative (FII) конференциясында жасанды интеллект (AI), роботтар және ғарышты игеру тақырыптарында ойларымен бөлісті.
AI туралы пікірі:
- Маск AI-дың болашағына оптимистік көзқарас танытып, оның адамзатқа әсері 80-90% оң болатынын айтты.
- Алдағы 4 жылда AI 10,000 есе жақсарады деп болжайды.
- 2028 жылға қарай AI адамзаттың барлық жұмысын орындай алады деп санайды.

Гуманоид роботтар:
- 2040 жылға қарай гуманоид роботтардың саны адам санынан асып, 10 миллиардтан асады деп болжайды.
- Tesla 2026 жылы роботтарды жаппай өндіріске шығара бастайды.

SpaceX және Марс:
- SpaceX екі жыл ішінде Марсқа пилотсыз ғарыш кемесін жіберуді жоспарлап отыр.

Tesla және автокөліктердің автономдығы:
-
Маск 2024 жылдың ортасына қарай Tesla көліктері АҚШ-та толық автономды болады деп мәлімдеді. Бұл көліктер рульсіз және педальсыз болады деп күтілуде.
- Tesla компаниясының автономды таксилері 2026 жылға қарай адам басқарған көліктерге қарағанда 10 есе қауіпсіз болмақ.


DataSci NU dan repost
 🚀 NU DataSci Club-ы сені Data Challenge-ге қатысуға шақырады!

"Қазақстанның даму банкі" (ҚДБ) қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада ЕКІ кейс қарастырылатын болады: Экономикалық Даму және Инфрақұрылым Болжамы.   

👥 2-4 адамнан тұратын команда құра. Онлайн және офлайн формат

📆9-16 қараша аралығы. 1-кезең: 9-10 қараша, 2-кезең: 14-16 қараша
💰3,000,000₸
📍Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан (немесе онлайн)
❗️Тіркелудің соңғы күні: 7 қараша, 23:59.

📩ОСЫ ЖЕРДЕ ТІРКЕЛ

🚀NU DataSci Club приглашает тебя принять участие в Data Challenge!

Данное мероприятие, при поддержке "Банк развития Казахстана" (БРК), предлагает ДВА кейса по Экономическому Развитию и Прогнозированию Инфраструктуры. 

👥 Сформируйте команду от 2 до 4 человек. Онлайн и офлайн формат

📆 9-16 ноября. 1-этап: 9-10 ноября, 2-этап: 14-16 ноября
 💰3,000,000₸
📍Назарбаев Университет, Астана, Казахстан (или онлайн)
❗️Дедлайн регистрации: 7 ноября, 23:59.

📩РЕГИСТРИРУЙСЯ ЗДЕСЬ


Python курсы (кіріспе)

Оқушылар мен мұғалімдерге, сондай-ақ есеп шығаруды үйренгісі келетіндерге арналған Python курсы – бағдарламалауға алғашқы қадамыңыз!

Курс ерекшеліктері:

Бағасы: 18 000 тг
Тіл: Қазақша
Формат: Аптасына 3 рет Zoom арқылы
Практика: 3 лекция, 3 контест
1-ші сабақ тегін!
Ұзақтығы: 1-1,5 сағат
Курс: 12 сабақ (1 ай)
Қолжетімділік: Сабақтар YouTube-та жабық сілтемемен сақталады.

Тақырыптар:

• Python негіздері
• Шартты операторлар (if, else)
• Циклдар (for, while)
• Массивтер
• Сөздік

Курс сізге есептерді шешуді үйретіп, Python дағдыларыңызды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат: @Umeke1 @prime_code1


Үздік Білім арнасының жетекшісі Ерғали ағайдың ұйымдастыруымен Ауыл Олимпиадасының Облыстық кезеңіне дайындыққа арналған күндік контесттер өтуде! Алғашқы 14 күннің нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз:

https://codeforces.com/spectator/ranklist/289af43e3e0af7fb1652565da5d6dc83

Бұл тек оқушылар үшін ғана емес, кез келген қызығушылық танытқан адамға қатысуға мүмкіндік бар! Қатысу тегін, және бұл білім мен дағдыларды дамытуға таптырмас мүмкіндік.

Тегін қатысу үшін тіркеліңіз: https://kunde.contest.codeforces.com/groupRegister

Бұл жарыс – жаңа белестерге жетелейтін маңызды қадам!


Қазақстан Республика күні құтты болсын!

Туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілік жүрегімізде мәңгілік сақталып, еліміздің дамуы мен гүлденуіне жаңа белестерге жетуге күш-жігер берсін! Әрқайсымыз осы мерекеде бірлігімізді нығайтып, елімізді жарқын болашаққа жетелейтін ұлы істерге үлес қоса берейік!


Tech Book Reading Club 🚀

💡 Аман Утемуратов — Google компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық программист және жас IT мамандарын шабыттандыратын тұлға. Ол жақында "Start With Why" кітабын оқып бітіріп, енді Sam Newman-ның "Building Microservices" атты кітабын оқуды бастауға дайын. Осыған орай, Аман өз оқырмандарына арнайы Tech Book Reading Club құруды ұсынуда!

Бұл клуб арқылы сізге не ұсынылады:

🧠 Техникалық білімді тереңдету: Біз әр 1-2 апта сайын онлайн кездесулер өткізіп, күрделі техникалық кітаптарды бірге талқылаймыз.
🌍 Кәсіби орта: Техникалық кітаптарды оқып, идеялармен бөлісетін тәжірибелі мамандармен байланыс орнату мүмкіндігі.
📚 Білім мен тәжірибе алмасу: Бірге кітап оқып, талқылау арқылы кәсіби біліктілікті дамыту.

Толығырақ ақпарат алу үшін Аманның телеграм арнасына жазылыңыз @amanutemuratov


Kolesa Conf 2024: Алматыда ірі IT-конференция өтті

Бір күнде IT-бағыттар бойынша төрт ағын болды: Management, Web, Datа және Mobile. Биыл Kolesa Conf офлайн форматта өтті, ивент 1600 адамды жинады.

Биылғы ивентте жаңа нәрседен сарапшылардың аудиториямен — QA, Design, HR бойынша шағын жанды тілдесу өткізіп көрдік, сондай-ақ C-level Sergek Group, Beeline Қазақстан, Kolesa Group және Drinkit Kazakhstan сөз сөйлеген Management ағынында панельдік сессия жасап көрдік.

«Біз конференция қатысушыларының жайлылығына ерекше көңіл бөлдік. Дизайнерлермен бірге customer experience пен ғимараттың іші мен сыртына қатысушыларға навигация ретінде туларды, баннерлерді, нұсқағыштарды жақсылап әзірлеп қойдық», — деді Арайлым Қожанова, Kolesa Group event-менеджері .

Бір жыл бұрынғыдай конференция екі тілде өтті: қазақ және орыс. Ұйымдастырушылар көрермендер контентті өздеріне үйреншікті тілде қабылдауы үшін синхронды аударманы қарастырды.

Белсенді көрермендер Kolesa Conf’24 брендтелген мерчімен, сондай-ақ конференция серіктестері мен спикерлерінің жүлделерімен марапатталды.




Kazakhstan CP Federation dan repost
🎬 nFactorial Originals және AstanaHub спорттық бағдарламалау туралы деректі фильмді ұсынады!

«Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» фильмі бізді Астанада өткен ICPC Worls Finals 2024 Халықаралық бағдарламалау олимпиадасының оқиғаларын еске салады. Фильмде ICPC қатысу қатысушылардың өмірін, олардың мансап жолдарын қалай өзгерткенін және біздің болашағымызды қалыптастыратын инновацияларға қалай шабыт бергенін білесіз.
🔗 Фильмге сілтеме

Тамашалаңыз!
——

🎬 nFactorial Originals и AstanaHub представляеют документальный фильм о спортивном программировании!

Фильм «Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» погружает нас в события Международной олимпиады по программированию ICPC Worls Finals 2024, которая прошла в Астане. В фильме вы узнаете, как участие в ICPC изменило жизни участников, их карьерные пути и вдохновило на инновации, формирующие наше будущее.
🔗 Ссылка на фильм

Приятного просмотра!


Үздік БІЛІМ dan repost
Сіздерге тек қазақ тіліндегі жауап беретін жасанды интеллект (AI) -
Қазақи ЖИ” телеграм ботын ұстынамын, оның мүмкіндіктері шектеулі болса да, біраз нәрседен көмек бере алады.

Тексеріп көріңіздер:
t.me/kazrobot


Сіздің бұлтты инфрақұрылымды дамытуға арналған грант
100 000 теңге және бірінші толықтыруға 100% кэшбек алыңыз

Servercore IT-инфрақұрылым провайдері Қазақстаннан E-commerce саласында жұмыс істейтін жаңа клиенттер үшін арнайы бағдарламаны іске қосады.

Бонустармен ServerCore басқару панеліндегі кез келген сервистің ақысын толығымен төлеуге болады: бұлтты және арнайы сервер, сондай-ақ PaaS шешімдері: Managed Kubernetes және Бұлтты дерекқорлар.

Барлық сервистер қолжетімділіктің үш аймағында — Алматы, Ташкент және Найроби қалаларында қолжетімді.

Мына сілтеме бойынша толығырақ біліп, өтінімді қалдыруға болады


Digital Dala dan repost
🎶 Frontend және Backend әзірлеу: Интернет домбырасы 🌐

Сәлем, достар 👋

Бүгін біз Frontend және Backend әзірлеу жайында сөз қозғайтын боламыз. Ол үшін веб-сайтты/қосымшаны қазақтың әдемі домбырасы ретінде елестетейік. 🎵 Домбыраның екі маңызды — ішегі мен шанағы(денесі) бар сияқты, интенет те екі тіректің негізінде тұр: frontend және backend.

Сайт пайдаланушысын аспапшы деп елестетсек, домбыра дайындайтын шеберлер - әзірлеушілер. Frontend домбыраның ішектеріне ұқсайды. Аспапшы ішектермен ойнаған кезде дыбыс шығады - бұл пайдаланушының сайтты қолданып жатқаны. Frontend - бұл сіз интернетте көрген, түрткен және сезетін барлық нәрселер. Бұл веб-сайтты әдемі қылатын және қолданыстың ыңғайын салатын түймелер, түстер, макеттер және анимациялар. Егер ішектер үндеспесе немесе әлсіз болса, әуен құлаққа жағымсыз болады — нашар жасалған интерфейс те пайдаланушы тәжірибесін бұзады.

Бірақ сиқыр мұнымен тоқтамайды 👨‍🎓

Backend - домбыраның шанағы (денесі). Шанақ дыбысты күшейтіп, жаңғыртып, әуенді жандандырады. Қолданбаңыздың функционалдық негізін құрайтын да backend. Бұл жерде деректер өңделеді, сақталады және басқарылады, пайдаланушыларға көрінбейді, бірақ домбыра әсем ән беруі үшін маңызды. Ішектен шыққан дыбыс ойықтан кіріп (API), домбыра денесінің түрлі бұрыштарына соғылып, өзгеріп, еселіп қайта жандана шығады. Front пен back те тура солай, тек дыбыс орнына ақпаратпен сөйлеседі. Денесіз шектерден шыққан дыбыс әлсіз болар еді, backend болмаса, front та дәрменсіз. 🤝

Домбыраның денесі дауысының қоңырлығы мен жуандығын анықтайды. Дауысы неғұрлым қатты шықса, соғұрлым көп адам естігені секілді, backend те көп пайдаланушыны қабылдауға дайын болып жазылса, сайтты да соншалықты көп адам қолдана алады. 🤙

Домбыраның ішегі мен шанағы бірге үйлесімділік құратыны сияқты, тамаша веб-бағдарлама frontend және backend арасындағы тамаша тепе-теңдікті қажет етеді. 🤓

Осы екі бөлік қосылса, тамаша цифрлық симфония 🎵 жасайсыз. 📈

Сонымен, келесі жолы веб-сайтқа кіргенде, оны домбыра деп елестетіңіз — фронтенд пен бэкэнд тамаша үйлесіммен бірге жұмыс істеп, үздіксіз цифрлық тәжірибені жасап тұрғанын сезініңіз. 🤝 Екі бөлікті неғұрлым жақсы баптасаңыз, нәтиже соғұрлым әдемі болады. ✍️

➖➖➖➖➖➖➖➖

Қалай ойлайсыз, домбыраның басқа бөліктері әзірлеудің қай үрдістеріне сай келеді ❓




Kazakhstan CP Federation dan repost
Лайықты жүлде! 👏🏻

UNIST университеті сапында өнер көрсеткен отандық студенттеріміз Илдар Каналиев, Мансұр Мұқымбеков, Әділ Сұлтанов ICPC Challenge от Huawei бәсекесінде қола жүлде жеңіп алды🔥

Отандастарымызды құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!



Заслуженная награда! 👏🏻

Казахстанские студенты из команды университета UNIST в составе Илдар Каналиев, Мансур Мукимбеков и Адиль Султанов стали бронзовыми призерами ICPC Challenge от Huawei 🔥

Поздравляем и желаем успехов в последующих соревнованиях!

#icpc2024 #icpcwfastana48 #icpcwfastana #ICPCfinals


⭐️CRM CONF 2024 – Орталық Азиядағы кәсіпкерлерге арналған онлайн форум

Іс-шара 2024 жылдың 11 қазанында «БИЗНЕСТІ ӨЗГЕРТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбымен онлайн режимде өтеді.

🗓️11 қазан, 11: 00 (Астана уақыты бойынша)
📍онлайн
🎫қатысу тегін


✨CRM CONF – бұл жыл сайын әртүрлі саладағы кәсіпкерлер мен сарапшыларды біріктіретін ауқымды іс-шара. Ағымдағы CRM CONF 2024-те кәсіпкерлік, сауда, маркетинг және HR саласындағы инноваторлар мен мамандар сөз сөйлейді.

Спикерлер бизнес-процестерді түрлендіретін озық технологиялар мен шешімдерді талқылайды.

• Адам факторын қалай азайтуға болады және бұған қандай технологиялар көмектеседі;
• HR-бизнес ұрпақтар тоғысында: дәстүрден инновацияға;
• Account Based Marketing: үлкен клиентті қалай табуға болады.
Конференция спикерлері осы мәселелер жайында, сондай-ақ нақты бизнес-кейстер туралы айтады.

🖊 Виртуалды байланыс қазірден қолжетімді

📌Конференцияға тіркелу

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.