Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
📺XVI «Media Құрылтай»: Халықтың 40% астамы күн сайын теледидар көреді
К-Research Central Asia зерттеу компаниясының биылғы мәліметтері бойынша қазақстандықтардың 41,4% күн сайын теледидар көреді. Телеарналарды көруге кететін орташа тәуліктік уақыт 173 минутты құрайды. Бұл туралы XVI «Media Құрылтай» алаңында «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасынның орынбасары Данияр Меңілбеков айтты.

«Қазіргі уақытта отандық сериалдың бір сериясын шығару құны небәрі 12 000 - 16 500 АҚШ доллар. Ресейде бұл сома бірнеше есе, тіпті ондаған есе жоғары. Мысалы, әйгілі актерлердің қатысуымен түсірілетін ресейлік сериалдардың құны бір эпизод үшін 100 000 доллардан басталады. Басты рөлде Константин Хабенский ойнаған «Метод-3» сериясы бір эпизод үшін шамамен 500 000 АҚШ долларын құрайды. Бұл бюджеттің едәуір бөлігі мемлекет есебінен бөлінеді. Мұндай жағдайда басқа елдерден алынатын сериалдармен бәсекелесу қиын»,- деді Д. Меңілбеков.