🇺🇲✂️
Минус Сорос, минус USAID. Қазақстанда АҚШ грантын жеп жүргендер нансыз отырБір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералды гранттар беруді тоқтатып, басқа елдерде жұмыс істейтін қаптаған гуманитарлық, ақпараттық бағдарламаларына аудит жүргізе бастады. Бюджет және басқару басқармасының (OMB) мәліметінше ең алдымен Ақ үй бұл бағдарламалардың Трамп идеологиясымен қаншалықты сәйкес келетінін анықтамақ. Одан кейін сыртқы қаржыландырудағы жемқорлық тексерілуі тиіс. Үшінші елдерге бөлінген миллиардтаған доллар гранттарды үлестіру барысында түрлі жемқорлық орын алды ма деген тергеу жүргізілетін болады.
Кеше қаржыландырусыз қалған USAID өз сайтын жауып тастады. Ондағы бөлім басшылары "әкімшілік отпускке" жіберіле бастаған. Трамп USAID тәуелсіз агенттік емес, Мемлекеттік департаменттің еншілес құрылымы болуы керек деген райда. Оған демократтар қарсы болып отыр. Бірақ Конгрестегі көпшілік республикандықтардың қолында болғандықтан, демократтар Трампқа қарсы дым істей алмайды.
Жыл сайын USAID Джордж бен Алекс Соростың қорларына 50 миллиард доллар бөліп жүрді. Сорос ол ақшаға түрлі өңірлердегі демократия, адам құқығы, билікпен күрес бағыттарына грант бөліп, белсенділерді оқытып келген болатын. Биылға аударылуы тиіс қаржы паузаға қойылғандықтан, гранттардың тағдыры белгісіз болып тұр.
"Қазір Қазақстанда Соростың журналистерді ағылшынша оқыту, жоспардан тыс жүктіліктің алдын алу, жергілікті тендерлерге мониторинг жүргізу бағдарламалары тоқтады. "Оян, Қазақстан" оппозициялық жастар қозғалысы ақшасыз отыр. Олар да көпке бармайды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бізде медиа, тәуелсіз контент әзірлеу, әлеуметтік медиа жобалар бағытында USAID гранттарының көбін Internews ұйымы игеріп келген болатын. Қазір коммерциалық емес ұйым былтырғы бюджеттен қалған қаржымен отыр. USAID кететін болса, Internews бағдарламалары 60 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.
"Азаттық радиолары желісіне транш аудару мәселесі шешілмеді. Олар USAID емес, USAGM (АҚШ Жаһандық медиа агенттігі) арқылы, Конгрес шешімімен қаржыландырылады. Биылғы транш көлемі қысқарады деген қауіп бар. Егер Азаттық радиосының жер-жерлердегі басшылығы "біз миссиямызды орындадық" деген сарында сөйлей бастаса, демек сол елдегі өкілдігі көп ұзамай жабылады деп түсінуіміз керек", - дейді, дереккөз.
Оның айтуынша, Азаттықтың Орталық Азия бойынша блогында биылғы жартыжылдықта өзгерістер бола қоймайды. 2025 жылдың екінші жартысында оптимизация бойынша шешімдер қарастырылуы мүмкін.
Дональд Трамп дәуіріндегі Америка "жаһандық демократия мен еркіндік идеясының бесігі" символынан арылғысы келетінін байқаймыз. Оның орнына Трамп "қуатты, білегі мығым ұлы держава" деген ұстаным беруде. АҚШ енді баяғыдай еркіндік аумағы, бәріне тең мүмкіндік беретін әділетті ел емес, өзіне қарсы тұрғанды жайпайтын, әскери және материалды күші тасып тұрған алып империя.
Трамп өзіне керек емес дүниеге ақша жаратпайтын капиталист тұлға. Оған демократия керек емес болғандықтан, енді Ақ үй демократия деген абстрактылы идеяға доллар шығындамайтыны анық. Бролигарх Илон Маск тізгінін ұстаған Тиімділікті арттыру департаменті (DODG) осы аптада Қаржы министрлігінің транзакцияларын тексеру және тоқтату функциясын қол жеткізді. Қандай шетелдік ұйым қалай қаржыландырылғаны жасанды интеллект көмегімен зерттелетін болады. Илон Маск транзакцияларды күніне 4 миллиард долларға қысқартуға ниетті.
Гүлге су құйса ғана өсетіні сияқты, демократия да доллар құйса ғана өсетін қасиетін байқатқан болатын. Енді доллар жоқ.
https://t.me/dalainside