📌 Бұл бір болған оқиғаны айтып кетейін: Осы жазда бауырларыммен Қазақстанды шарлап шыққан едік, бірааааз қызықты оқиғалар көріп және ғибраттар алдық...!
Және өз басым еліміздің Діни ахуалын көзбен көріп сезінуге тырыстым, интернеттен емес...)
📌 Өз ойымды айтпай, мына болған оқиғаны айтайын, өздеріңіз баға беріп, түйгендеріңізді айта кетерсіздер...!
📝 Ия, түні бойы көз ілмей, Астанаға жетіп алайық деген оймен машинамен зулап келе жаттық. Таң намазына таяп Астанаға жақын бір ауылға келдік.
- Ауылдың атын айтпаймын деп шештім -
Мүсәпірдің хәлін білесіздер... ,таң уақытының ұйқысы қысып, барсақ мешітке барып демалып алайық, "жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан"-, деп қоямын ішімнен...)
📝 Таңның азаны шақырылып, мешітке кірген едік, имамдар бөлмесіндегі екі тақия киген жігітке көзім түсіп: "Ма ша Аллаһ, медресеге көрген жігіттер секілді ғой..."-,деп ойлап қойдым, ішімнен сәл қуанып ☺️
📝 Мен намазымды оқып алып, оқыған жерімде ұйықтап қалыппын, досымның: "Тұр! Кеттік! Мешіттен шығыңдар деп жатыр!"-, деген сөзінен ояндым. 🤦🏻♂️
Әңгіменің мәнін бірден түсінгендей болдым...
Жаңағы екі мешіт қызметкеріне: "Біз сапарда жүр едік...", "Түн емес, Таң ғой,мешітте қалуға болатын шығар...!" , "Фаджрдан кейін қалып зікір қылсақ не істейтін едіңдер?!.." деп түсіндіре алмай жатқан ұстазымызды көріп сәл қынжылып кеттім!
😥
Таңырқаған кейіпте "Сендер медресе оқығансыңдар ма?!" -, деп сөзге араласып сұрақ қойып ем, "Ия"-, деген жауапты естігенде, "Ееех! Басында сендер жайлы дұрыс ойлаған екем ғой, медресені жай ғана көрген екенсіңдер ғой...!"-, деген ой келді... .
__Біраз әңгіме болып, соңында медресеге көрген,и еще қазақи қонақжайлықпен ұстаздарды, шәкірттерімен қосып мешіттен қуып
шықты десем артық емес!__ 😅
📌 Ияяяя, бұл темада мақалаттар жазып шықсам, Қазақстанға кіргізбей қалуы мүмкін 😅
📌 Жалпы өз ойлары жоқ, робот шәкірттерді дайындау дұрыс емес...,бірақ дайындаймын деп дайындамайды ғой енді...!, бірақ сонда да...))
📌 Хал-ахуалға қарап оқиғаны саралауды кітаптардан үйрену қиын шығар, сәл сапарлатып, араласып кругозорды кеңейту керек қой...
🤦🏻♂️ Ойййй, созылып кетті ғой..., айтарым бар еді біраз)))
Ия, бұл медресе көрген-ау дегендердің хәлі...