🔷Қарағанды облыстық сотында «Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің үлесін арттыру» тақырыбында кездесу өтті.
🔷Кездесуге ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Д. Әмір, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е. Әріпов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, ҚР Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы М. Қызылов, мемлекеттік, прокуратура және құқық қорғау органдарының, Қарағанды облысының адвокаттар алқасының, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының өкілдері қатысты.
🔷Іс шараны аша отырып, Ерден Әріпов сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу Конституция талабы екенін, мемлекеттік тілде іс-жүргізу, оны сыйлау, құрметтеу әрбір азаматтың, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің парызы екенін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау қажеттігін баса айтты.
🔷ҚР Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Мирлан Қызылов өз баяндамасында мемлекеттік тілде қаралған істердің статистикалық көрсеткіштеріне, сот саласында қазақ тілінің дамуына кедергі келтіруші факторларға, мемлекеттік тілде қаралып жатқан сот істерінің үлесінің төмен екеніне тоқталып, әрбір мүдделі орган жеке және заңды тұлғалардың тіл таңдау құқықтарына шектеу, тілдік белгілері бойынша кемсітуге жол бермеуге нақты шаралар қабылдаулары қажеттігін алға тартты.
🔷ҚР Жоғарғы Сотының мемлекеттік тіл бойынша үйлестіруші судьясы Досжан Әмір мемлекеттік тілдің сот істерін қараудағы қолданысы және қолданыстағы заң талаптарының орындалуы мәселелеріне тоқталды.
🔷Қатысушылар мемлекеттік тілде қаралып жатқан сот істерінің үлесі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі тіл заңнамасының сақталуы мәселелері, тілмаштардың тапшылығы, мемлекеттік тілді білмейтін адвокаттарды іске қатыстырмау сынды пікірлерін ортаға салды.
🔷Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік тілде қаралатын істердің көрсеткішін арттыру, мемлекеттік тілдің жағдайын жақсартуға ықпал ететін нақты ұсынымдар қабылдады.