Қазақша кітаптар


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Кім қанша кітап оқиды?
Worldpopulationreview.com сайтының мәліметінше 2024 жылы әлемдегі кітапты көп оқитын елдер тізімі.
Елдер бойынша бір адамға шаққандағы кітап оқудың орташа мөлшері туралы есептердің көпшілігі оқуға жұмсалған уақытты көрсетеді. Үздік бестікке АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Франция және Италия кіреді. Бұл электрондық ақпарат құралдарын қамтуы мүмкін.

Оқуға жұмсалған уақыт (2024 жылғы есеп)
1. Америка Құрама Штаттары – Әлемдегі ең көп оқырмандар, америкалықтар аптасына орта есеппен 7 сағат кітап оқиды. Бұл жылына 357 сағатқа тең.
2. Үндістан – екінші орында, үнділердің апта сайынғы оқу жылдамдығы аптасына 7 сағаттан аз, америкалықтардан аптасына шамамен 5 минут аз. Жылдық оқу сағаты жылына 352 сағатты құрайды.
3. Ұлыбритания – Бұл ел аптасына 6,5 сағат немесе жылына 343 сағат оқып үшінші орында тұрақтады.
4. Франция – Бұл елдегі адамдар апта сайын шамамен 5 сағат 50 минут кітап оқиды. Бұл жылына 305 сағатқа тең.
5. Италия – Дүние жүзінде ең ашкөз оқырмандар тұратын бесінші ел, итальяндықтар аптасына 5 сағат 20 минут немесе жылына 278 сағат оқиды.

2024 жылы ең көп кітап оқитын (және сатып алатын) елдер
Америка Құрама Штаттары  – 17
Үндістан – 16
Ұлыбритания – 15
Франция – 14
Италия – 13
Ресей – 11
Австралия – 10
Испания – 9
Нидерланды – 8
Швейцария – 6.9
1. Америка Құрама Штаттары – Орта есеппен әр америкалық жылына шамамен 17 кітап оқиды.
2. Үндістан – Бұл елде бір адамға орта есеппен жылына 16 кітаптан келеді.
3. Ұлыбритания – Бұл елде жылына бір адам шамамен 15 кітап оқиды. Бұл елде кітаптың рекордтық сатылымы кем дегенде 212 миллионға жетеді.
4. Франция – Елде бір адамға жылына орта есеппен 14 кітатан келеді.
5. Италия – итальяндықтар жылына бір адамға шаққанда 13 кітап оқиды.
Америкалықтар электронды кітаптарды немесе аудио кітаптарды емес, баспа кітаптарын көбірек оқиды екен, дегенмен олардың электронды медианы тұтынуы соңғы кезде өсті. Америкалықтардың оқитын кітаптарының саны, егер адам мектепте немесе колледжде оқып жүрген болса, оларға оқуды тапсырған кезде айтарлықтай өседі. Демек олар көп ізденеді деген сөз.

Ең көп оқылатын кітаптар
Барлық уақыттағы ең көп оқылатын кітаптар тізімінде бірінші орынға Киелі кітап, екінші орынға Құран Кәрім тұрақтайды. Гарри Поттер сериясы, Төраға Мао Цзэ Дунның (бұрынғы Коммунистік Қытай партиясының жетекшісі) дәйексөздер жинағы және Сақиналардың Әміршісі ең көп оқылатын кітаптардың қатарына жатады.


Мәдениетті өлтіру үшін кітаптарды өртеудің қажеті жоқ, адамдарды кітап оқымайтын қылсаң болды.

©Рэй Брэдбери

https://t.me/kzkitap




Махмет Темірұлы - Арман мен азап

Қолдарыңыздағы кітаптың авторы Махмет Темірұлы 50-жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, саяси тұтқын ретінде әр түрлі лагерьлерде жазықсыз жапа шеккен, жеке басқа табынушылықтың ауыр зардаптарын тартқан азамат. Кейіннен ақталып, жоғары білім алған, ұстаздық қызмет атқарған. Автор бұл естелігінде белгілі ақын, ғалым марқұм Бүркіт Ысқақұлы екеуінің қуғын-сүргінге қалай ұшырағанын, кеңестік лагерьлерде бастан кешкен тақсыреттерін баяндайды.


Заманауи қызды әдемі етіп көрсететін киім ғана емес, ақылды етіп көрсететін кітап та болуы керек.

https://t.me/kzkitap

12.9k 1 11 54 131



Алмас Нүсіп - Барлау

Қазіргі кезеңнің қазақ әдебиеті жаңа толқын өкілдері болып есептелетін жас жазушылармен толығып келеді. Соңғы жылдары әдебиетке келген жастар шығармалары жиі жарияланып, талқыланып та, сараланып жатыр. Сол өкілдердің қатарында жас жазушы Алмастың да жазғандары республикалық басылымдарда жарияланып жүр. Ол өзінің жинақы әрі шынайы стилімен ерекешеленеді.


15 ғасыр. – ерекшелену үшін кітап оқу жеткілікті.
21 ғасыр. – ерекшелену үшін кітап оқу жеткілікті.

https://t.me/kzkitap

14k 1 18 36 228

Еліміздің тәуелсіздік күні құтты болсын! Бейбіт заман, ашық аспан тілейміз. Жарқын күніміз көп болсын! Болашақты бірге жасайық, тәуелсіз елдің адамдары.




Əкімқұлов Еркінбай - Шəмші Қалдаяқов – əн патшасы

Бұл шығарма «Шəмші Қалдаяқовтың əндері...» десе, бөркін аспанға ататын, тойлар мен сахналарда оның əсем əуендерін дүркірете айта жүріп, композитордың жеке өмірін терең білгісі келетін қалың қазақ қауымына арналып отыр.Шығарма бастан-аяқ Шəмшінің өз атынан өрбиді.




Дархан Бейсенбекұлы - Қылтұсау

Жас жазушының қаламынан туған шағын роман — жастар өмірінің айнасы іспеттес. Романда оқиға желісі Америка мен Қазақ жеріндегі жастардың өмірлерінен бастау алып, олардың сезімдері, жастық шаққа тән қиыншылық пен тәуекелге бас тігер тайғақ кешулері һәм тағдырлары бір-бірімен байланысып, бір ортада қабысады.
Қылтұсау — жастар өмірінің лабиринті, жастық шақтың тұсалуы, жас ғұмырдың қыл үстінде тұруы.


Кітаптың сізді қандай әлемге апарары маңызды емес, маңыздысы сюжеттің тартымдылығы.

https://t.me/kzkitap




Қанат Жойқынбеков - Өз қолыңда тағдырың

Қанат Жойқынбековтың бұрын «Махаббат әлдиі», «Азаматтың арманы», «Қуантшы мені» кітаптары жарық көрді. «Өз қолыңда тағдырың» роман жанрындағы алғашқы қадамы.
Романның бас кейіпкері Азамат жан-тәнімен берілген жас. Азаматтың азамат болып қалыптасуы шынайы суреттелген. Селиванов, Климанов, Бектасов, Шәкір бейнелері өз даралығымен оқырман көңілінде жақсы сақталары ақиқат.




Таласбек Әсемқұлов - Шымдан

Повесть




Серік Жанәбілов - Молықбай қобызшы

Ел ішінде аты аңызға айналған, бірақ репрессияға ұшырап түрмеге қамалған талант иесі Молықбай қобызшының трагедиялық өмірінен сыр шертеді. Оның тағдырында ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтің өмір-тарихымен сабақтасатын тұстар да бар. Ілияс Молықбайдың дарын құдіретін танып, қатты бағалаған жандардың бірі болған. Кезінде шындық үшін шырылдап ара түскені үшін, Паганини тәрізді дүлдүл дарын иесі Молықбай – шаш ал десе бас алатын әпербақандардың кесірінен, өмірінде еш рақат көрмей, ақыр соңында суық түрменің сыз еденінде қатып өледі. Бірақ көзі жұмылғанша оның көкірегін күй кернеп, қасіретті қара қобыздың мұңды сарыны құлағынан бір кетпейді-ақ.
Сондай-ақ жазушының «Аққулар ұйықтағанда», «Алтын жүзік», «Әке» тәрізді әңгімелері жастар өмірінің қуаныштары мен реніштері, жалпы өмірде кездесетін қым-қиғаш оқиғалар туралы баяндалады.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.