Library ENU


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Ruscha
Toifa: Kitoblar


• Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасы
• Научная библиотека Евразийского Национального Университета имени Л.Н.Гумилева
• L.N.Gumilyov Eurasian National University Scientific Library

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Ruscha
Statistika
Postlar filtri






“ARQA” Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің сарапшылар тобы кітапханамызда болды.

Тәуелсіз агенттік кітапханамыздың заманауи ғылыми білімдер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділігімен қатар қызмет көрсету сапасын және де замануи стандартқа сәйкестігін бағалады.

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jastarruhy_enu


📌Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, журналист Мұратбек Балқыбекұлы Тоқтағазиннің 60 жылдық мерейтойына арналған «Журналистика мен қазіргі медиакоммуникация парадигмалары: теориялық және практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
📍Конференция аясында ғылыми кітапхана профессордың еңбектерінен «Ақпарат әлемінің ақмылтығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның «Деректілік пен көркемдік», «Ақмола үшін айқас», «Кітап басу ісіндегі коммуникативті саясат және жарнама», «Эпистолярлық жанрлар в публицистике Беларуси, России и Казахстана», «Замансөз заңғары» т.б. еңбектері және отандық басылымдарда журналистиканың әртүрлі жанрларында жазылған мақалаларына шолу жасалды.
📍Көрмені конференцияға қатысушы еліміздің белгілі журналистері, ақын-жазушылары, университет оқытушы-ғалымдары мен студенттері тамашалады.
#libraryenu #enu


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


📌4-15 қараша аралығында ғылыми кітапханада онлайн және офлайн форматта ЖОО кітапханаларының қызметкерлері үшін "Университеттің қазіргі білім беру мен ғылыми-зерттеу ортасындағы кітапхана" атты біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты мен Ғылыми кітапхана бірлесіп ұйымдастырды.
📍Семей, Қостанай, Астана қалаларынан келген ЖОО кітапханаларының қызметкерлері біліктілікті арттыру курсында дәрістер, практикалық сабақтар, семинарлар, тренинг сабақтары бойынша өз білімдерін жетілдірді.
📍Курс бағдарламасы оқу, білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты өзекті тақырыптарды қамтыды. Екі апта ішінде қатысушылар кітапхана жұмысының заманауи түрлерімен, кітапханалардың қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен, кітапхана ресурстарын каталогтау стандарттарымен, кітапхана қорын қалыптастыру үдерісімен, зерттеушілердің ғылыми дәйексөз индексін арттырудағы академиялық кітапханалардың рөлі туралы және басқа да көптеген маңызды аспектілермен танысты.
📍Практикалық сабақтарда курсқа қатысушылар ақпараттық қызметтер саласындағы жаңа технологияларды, білім беру және ғылыми-зерттеу процестерінің сапасын арттыру үшін электрондық ресурстарды тиімді пайдалануды игерді. Сонымен қатар, олар заманауи талаптарға сай кәсіби құзыреттіліктерін дамытып, тәжірибелерімен бөлісіп, кітапхана қызметкерлері арасында кәсіби байланыстар орнатты.
📍Курс соңында қатысушы әріптестерімізге 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсының сертификаты табысталды.
#libraryenu #enu #біліктіліктіарттырукурсы














📚Түркітану кафедрасының профессоры Шәріп Амантай «Түркі халықтарының авторлық ауызша поэзиясы» сынды құнды еңбегін, «Сағыныш саздары. Дастандар» атты басылымды ғылыми кітапхана қорына сыйға берді.
🔖Басылымдар түркітанушы, әдебиеттанушы, фольклортанушы мамандарға және осы сала бойынша жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналған.

#libraryenu #enu #сыйғакелгенкітаптар


📚Қазан айында Ең көп оқылған кітап жобасы бойынша
1. Базарбаева Ж.М. Цитология және гистология : оқулық / Ж.М. Базарбаева; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Астана : Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2024. - 199, [2] б. : сур. - Библиогр.: б. 200.
2. Алшинбаева Ж.Қ. Кәсіби-бағдарланған шет тілі : оқу-әдістемелік кешен / Ж.Қ. Алшинбаева. - Астана : Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. - 153, [1] б.
✨Ең белсенді оқырмандар жобасы бойынша
1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының профессоры Негимов Серік Нығметоллаұлы
2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің 1 курс докторанты Абилмажинова Арай Бырлыковна
⭐Құрметті оқырмандар, кітап оқыңыздар, осы жобаға қатысып, қараша айының ең үздігі болыңыздар.🤗
#libraryenu #enu


📌1 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына және «Еуразия тарихы мен мәдениетін зерттеу» орталығының директоры, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, «Күлтегін» сыйлығының лауреаты, т.ғ.д., профессор Сыздықов Сатай Мақсұтұлының 70 жасқа толуына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: бастаулары, тарихи сабақтастығы және эволюциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
📍Конференция аясында ғылыми кітапхана тарихшы-түркітанушы Сатай Сыздықовтың еңбектерінен «Тарихты таңбалаған ғалым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ғалымның тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан «Түркі халықтарының тарихы», «Түркілердің тарихи-мәдени мұрасы», «Қарлық-Қарахан мемлекеті», «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі және тарихи сабақтастығы», «Қарқаралы – Қазылық» атты ғылыми еңбектері, академиялық басылымдары, сондай-ақ «Әл-Фараби және Ұлы Дала идеясы – «Мәңгілік ел», «Абай және Ұлы дала тұлғаларының мұралары: өркениеттік сабақтастық», "Рухани жаңғыру: Алаш идеясы және мемлекетшілдік", "Рухани жаңғыру: "Мәңгілік Ел" идеологемасы" атты монографиялары мен оқу-әдістемелік басылымдары қойылды. Сонымен қатар Web of Science базасында индекстелген және Scopus базасында рецензияланған ғылыми басылымдардағы мақалалары, жетекшілік жасаған Халықаралық және республикалық ғылыми жобалары (мәтін түрінде), ғылыми-әдістемелік еңбектердің (ұжымдық) қолданысқа енгізу нәтижелері бойынша Актылардың көшірмелері, «Әділетті Қазақстан» құру тақырыбында жарияланған мақалаларымен конференцияға келген зиялы қауым, ғалымдар мен қонақтар танысып, Сатай Мақсұтұлының ғылым жолы, шығармашылығы туралы мол мағлұмат алды.

#libraryenu #enu


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


📌29-шы қазан күні ғылыми кітапхана қызметкерлері А.Айтуарова, Г.Оразбек, А.Аржанова Көлік-энергетика факультетінің профессор-оқытушыларына Силлабус бағдарламасына енгізілген өзгерістерге байланысты «Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі» жөнінде семинар өткізді.
📍Семинар барысында кітапхананың толық қолжетімді деректер қорына шолу жасалып, тіркелу және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарға қол жеткізу, библиографиялық жазбасын көшіріп алу, сілтеме арқылы кітаптың толық мәтініне өту жолдары көрсетілді. Семинарға факультеттің пәндік кітапханашылары А.Шаяндина мен К.Омарова да қатысып, бұл семинардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын және оқытушыларға әрқашан көмекке келуге әзір екендіктерін жеткізді
...
📌29 октября сотрудники научной библиотеки Айтуарова А., Оразбек Г. и Аржанова А. провели семинар для профессорско-преподавательского состава транспортно-энергетического факультета «Учебно-методическое обеспечение дисциплины» в связи с изменениями, внесенными в программу Силлабуса.
📍В ходе семинара был проведен обзор базы данных библиотеки, продемонстрированы способы регистрации и доступа к электронным изданиям на казахском, русском и английском языках, копирования библиографической записи, перехода по ссылке к полному тексту книги.
📍В семинаре приняли участие предметные библиотекари факультета А. Шаяндина А., Омарова К., которые отметили, что семинар будет продолжен и на других факультетах. Библиотекари всегда готовы к сотрудничеству.

#libraryenu #enu




📌23-қазанда Ғылыми кітапханада кітап, кітапханашы мамандығы, оның қыр-сыры мен маңызы жайлы «Кітапханашы мамандығы: дәстүр, жаңашылдық және шабыт» атты ток-шоу өтті.
📍Бұл іс-шараға кітапхана қызметкерлерінің үш буыны мен 1 курс студенттері, кітап сүйер оқырмандар қатысты.
📍Кітап - білім бұлағы болса, сол білімнің көзін ашар ұстаз - кітапханашылар екендігі баршаға мәлім. Зор шыдамдылық пен асқан білімділікті талап ететін мамандықтың иелері қатысушыларға өз жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Жалпы кітап не үшін оқылады? Кітап оқудың пайдасы қандай? Сіз оқыған бір кітап өміріңізге қалай әсер етті? - деген сияқты қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кітапхана ісінің майталман, іскер мамандары Ж.Бекайдарқызы, А.Абибуллақызы, А.Әлиқызы, Р.Лахайбекқызы, Қ.Балғабайқызы жауап беріп, өз тәжірибелерінен қызықты әңгімелермен бөлісті. Кітапханашы жас маман Қ.Балғабайқызы әріптестерін мерекемен құттықтап, әннен шашу шашты.
📍Шара аясында филология факультетінің студенттері Ә.Асылназ, А.Нұрай, физика-техника факультетінің студенті А.Нұрсезім, журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті Х.Күзеухан кітап құндылығы жайлы өлеңдер топтамасынан үзінділер оқыды.
📍 Іс-шара барысында қатысушылар кітапханашы мамандығының ұлағат пен тәрбиеге толы, өзіне тән қызығы мен қиындығы қатар жүретін мәртебелі мамандық екендігіне тағы да бір рет көз жеткізді.

#libraryenu #enu



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.