Мәссаған... масқара!!!


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot


Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


"Еш әрекет жоқ". Жылусыз қалған екібастұздықтар наразылыққа шықты

Қиын жағдайға тап болған тұрғындар лайықты деңгейде көмек көрсетілмей жатқанына шағым айтты.

Қыстың көзі қырауда жылудан айырылған шарасыз тұрғындар аптаға жуық уақыт өтсе де жағдайларына дұрыс көңіл бөлінбей жатқанына наразы. Аулаға жиналып, от жағып жылынуға мәжбүр. Олар жергілікті билік өкілдеріне, полицейлерге мұң шақты.

"Бізге моральдық шығын өтейтін біреу бар ма? Жылу беру біздің проблемамыз емес. Қызметтің ақысын төлеп отырмыз ғой, түсінесіздер ме? Мұны заңды жолмен шешу керек қой. 5 күн өтті, еш әрекет жоқ. Олардың үйлерді құр аралағанынан не пайда?", — дейді тұрғындар.

TikTok-та жария болған тағы бір видеода тұрғындардың аулаға көптеп жиналғанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, қаланың 90 пайызында жылу жоқ.

Ал облыс билігі жағдайды ретке келтірудің жолын іздестіріп жатқандарын айтып отыр.

@massagan_maskara


Айдос Ербосынұлы ауыр жарақатынан кейін суретін жариялады

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан кейін әлеуметтік желіде суретін жариялады.

Бұл суретін ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қарашада таңертең WBA Regular атағы үшін жекпе-жегінде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастарына жазба жариялаған еді.

Фото: yerbossynuly_aidos

@massagan_maskara


Қостанайда питбуль әйелге шабуыл жасады: оқиға видеоға түсіп қалған

Instagram әлеуметтік желісіндегі қостанайлық "Наша газета"-парақшасында қолданушылар үндеуі мен иттің қала тұрғынына шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланды.

"26 қарашада Молодежи бульварына жақын маңдағы мәдениет сарайы ауданында сағат 17:28-де ит адамға шабуыл жасады. Тұмылдырығы жоқ питбуль серуендеп бара жатқан әйелге жүгірген. Алдымен ол әйелдің жанындағы итке атылған, содан кейін әйелге ауысып, екі аяғын кезекпен талап тастаған", - делінген басылым парақшасында.

Басылым мәліметіне сүйенсек, питбульдің иесі итін қуып жетіп, әйелден ажыратып алып, жәбірленушіге назар аудармай әрі қарай серуендеп кеткен. Сағат 18:15-те әйелді оқиға куәгерлері жедел жәрдем пунктіне алып келген.

Басылым авторлары қазіргі уақытта арыз жазып, құқық қорғау органдарында іс қозғалғанын хабарлады.

@massagan_maskara


Елімізде McDonald's-тың уақытша жабылуының себебі белгілі болды

McDonald's-тың елімізде уақытша жабылуына мейрамханаларды басқаратын Kazakh Food Solutions компаниясының Ресейден сиыр, тауық еті мен қаптаманы сатып алудан бас тартуы себеп болып отыр.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Қазақстандық McDonald's Ресейден азық-түлік пен қаптама сатып алудан бас тартқандықтан, елдегі барлық мейрамханаларын уақытша жапты.

Бұған дейін Қазақстандағы McDonald's компаниясының лицензиаты, белгілі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі Food Solutions компаниясы 18 қарашада барлық мейрамханалардың уақытша тоқтағанын мәлімдеген еді. Қазақстандық McDonald's кейбір өнімдер мен тауарларды шетелден сатып алады. Соның ішінде сиыр мен тауық еті бар.

@massagan_maskara


ШҚО-да бес адам мінген көлікті қар көшкіні басып қалды

Шығыс Қазақстан облысында 5 адам мінген көлікті қар көшкіні басып қалды.

"Боран кезінде ерлі-зайыпты үш жолаушымен бірге көлікпен Өскеменнен Алтай қаласына шыққан. Таңғы сағат 05:00-де Өскемен - Рахман қайнарлары тасжолының серпантинінде көлікті қар көшкіні басып қалды", - делінген хабарламада.

Бұл күні Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Сұлтанғалиев, Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Ернұр Макиленов, Алтай ауданы полиция бөлімі ЖТИ мемлекеттік автоинспекторы Орынбасар Тұрғанов жолды патрульдеуге шыққан.

Тәртіп сақшылары қар басқан көлікті көріп, көмекке барған.

Өскемен қаласына жолдың жабық болуына байланысты ерлі-зайыпты Серебрянск қаласында қалды. Оларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері ыстық шай мен түскі ас беріп, қонақүйге орналастырды.

@massagan_maskara


Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде жоғалған әскеридің денесі табылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың денесі табылды.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларындағы өрт пен жарылыстардан кейін былтыр 26 тамыздан бастап жүргізілді.

Министрлік мәліметінше, әскеридің отбасына тұрғын үй сатып алу үшін төлем қарастырылған. Оның мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты. Сонымен қатар, марқұмның балаларын оқытуға және жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі.

@massagan_maskara


Елімізде жаңа партия құрылды

"Байтақ" жасыл партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті.

Бұл туралы оның жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде мәлім етті.

"Жылдар бойы құрамыз деген париямызды құрдық. Міне, бүгін қолымызға мемлекеттік тіркеу анықтамасын алдық. Заңды партия болды. Негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау. Біз қарсылық үшін емес, қолдау үшін құрылдық",— деді партия жетекшісі.

Айта кетейік, "Байтақ" еліміздегі алтыншы партия болып тіркеліп отыр. Бұған дейін ресми тіркелген бес партия болды. Олар — Amanat партиясы (бұрынғы Nur Otan), "Ақ жол" демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, "Ауыл" халықтық демократиялық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП).

Фото: amirtayazamatkhan

@massagan_maskara


Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қылмыстық топ ұсталды

ІІМ контрабанда және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан топты ұстады.

Министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК 5 департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының "Қазығұрт" кеден бекетінде қылмыстық әрекетпен айналысқан топты ұстау үшін ауқымды арнайы операция жүргізді.

Аталған адамдар кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық байланыстарын пайдалана отырып, "брокерлік қызмет" көрсету деген желеумен тауарларды жүйелі түрде жалған құжатпен заңсыз әкеліп отырған.

Тасымалданатын жүкке байланысты бір жүк көлігінің кедергісіз кіріп-шығуы үшін 200 мың теңгеге дейін ақы алынған.

Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр.

Кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр.

@massagan_maskara


Бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен жігіт табылды

Қостанайда полицейлер бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы жігітті тауып, отбасына қайтарды.

Ол 2022 жылдың 21 қаңтарында түс ауа елордадағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жоғалған жігіттің әпкесі полицияға хабарласқан. Оны іздеуге Астана полициясының жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу ісі қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның болуы мүмкін жерлерін тексеріп, оны соңғы рет көрген адамдардан сұхбат алды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Қостанайда аспаз болып жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрған елорда тұрғыны табылды.

Ол құмар ойында ұтылған ақшаға қарыз болып үйден кеткенін айтқан. Басылым мәліметінше, бұл жас жігіттің үйінен бірінші мәрте кетуі емес. Ол құмар ойынды бұрыннан ойнаған.

@massagan_maskara


Алматыда үш жұмысшы ер адамды өлгенше сабаған

Алматыда ер адамды айуандықпен өлтіру оқиғасы тіркелді. Марқұмның туыстарының айтуынша, бұл оқиға 26 қарашаға қараған түні болған. Кісі өлтіру туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Сағат 00:00-00:08 шамасында төрт ер адам 1974 жылы туылған С.В.-ны айуандықпен өлтірген. Досын шығарып салуға шыққан В. үйіне қайта оралмаған. Ол үйінің жалғыз асыраушысы. Ал күдіктілер жақын маңда жұмыс істейтін жұмысшылар. Оларды бірнеше мәрте мас күйінде көрген адамдар бар. Олар В.-ны қатты соққыға жыққан. Бірақ, үш қылмыскер де бостандықта жүр", - деп жазды марқұмның туыстары.

Алматы Полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, мас күйінде болған ер адамдар арасында жанжал шығып, кейін төбелескен. Қылмыстың өзге де мән-жайлары соталды тергеу барысында анықталады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша Жетісу ауданында тіркелді", - делінген хабарламада.

@massagan_maskara


Шымкентте ер адамға марқұмның органы ауыстырылды

Марқұмның туыстары оның ішкі ағзасын донор ретінде пайдалануға рұқсат берген. 44 жастағы шымкенттік тұрғынға бауыр ауыстырылды.

Бұл Шымкентте мәйіт донордан жасалған алғашқы бауыр трансплантациясы. Операция шамамен алты сағатқа созылған. Кешенді трансплантацияны қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жүргізді.

Бұрын дәрігерлер тек тірі донорлармен жұмыс істеген. Бірақ осы жолы қайтыс болған адамның органдарын пайдалануға мүмкіндік болған, оған марқұмның туыстары ресми келісім берген. Операция 44 жастағы ер адамға жасалған. Оның жақын туыстары арасынан донор табылмаған екен.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір науқастың жағдайы жақсы. Сондай-ақ, донардың басқа органдары арнайы рейспен елордаға жөнелтілген. Олар мұқтаж науқастарға ауыстырылады.

@massagan_maskara


Алматыда метро құрылысына қай учаскелер алынады?

Алматыда метро құрылысы үшін алынатын учаскелер аталды.

Алматыда әкімдік метро құрылысы үшін 92 учаскені сатып алмақ. 2022 жылғы 7 қыркүйектегі "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алуды бастау туралы" қаулы қабылданды.

Жерді алу метрополитеннің үшінші іске қосу кешенін салу үшін қажет. Жобаға сәйкес, желі Абай даңғылының бойымен, Яссауи көшесінен батыс бағытта "Барлық" базарына дейін барады.

Иеліктен шығарылған учаскелер мен жылжымайтын мүліктің барлық иесіне нарықтағы құны бойынша ақшалай өтемақы төленеді.

Әкімдік мәліметінше, қазірдің өзінде 24 жер учаскесі сатып алынған. 68 учаске бойынша сатып алу жүріп жатыр. Жұмысты 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін аяқтау жоспарланған.

Фото: krisha.kz

@massagan_maskara


Желіде мұз қатқан пойыз видеосы тарады

Желіде мұз қатқан пойыз видеосы тарады. Оқиға "Өскемен-Астана" бағытындағы пойызда болған. Бұл жайтқа қатысты "Жолаушылар тасымалы" өкілдері пікір білдірді.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды.

"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі өкілдері "Өскемен-Астана" пойызының вагонында жылыту жүйесінде ақау болғанын айтты.

"Жолаушылар басқа вагонға ауыстырылды. Бүгінде вагондар Астана станциясының техникалық қызмет көрсету пунктінде орналасқан. Жылыту жүйесінде шыққан ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Вагондарға техникалық қызмет көрсету бойынша Patentes Talgo жауапты. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - деді компания өкілдері.

@massagan_maskara


Қызылордада қатты желден мектеп шатыры ұшып кетті

Қызылорда облысы Жалағаш кентінде қатты желдің әсерінен №201 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті.

Оқиға 27 қарашада күні сағат 21:00 шамасында аудан орталығы Жалағаш кентіндегі М. Шәменов көшесінде орналасқан Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде болды. Қатты желдің әсерінен мектептің шатыры құлаған.

"Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл бағытта шұғыл шаралар қабылдануда. Адам шығыны жоқ. Нысанның барлық аумағына кезекшілік қойылып, бақылауға алынды",— деп мәлімдеді аудан әкімдігінен.

Ведомство мәліметінше, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.

Фото: Қызылорда Облысы ТЖД

@massagan_maskara


40 жолаушысы бар автобус Алматы тасжолында тұрып қалды

Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус Алматы тасжолында тұрып қалған.

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан шыққан көлік боран салдарынан тиісті жерге жете алмаған.

"Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған барлық жолаушыларды эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге орналастырды", - делінген хабарламада.

Фото: Рolisia.kz

@massagan_maskara


Ақтөбеде жерді мұнаймен ластаған компанияға айыппұл салынды

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында жерді мұнаймен ластаған компанияға айыппұл салынды.

Бұл туралы облыстық Экология департаментіндегілер айтты.

29 қазанда Темір ауданында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Кеңқияқ мұнай-газ өндіру басқармасының №2 цех аумағындағы №797 ұңғымада апат болған. Оған ұңғыма бас бағанының дәнекерленген жерінің жарылуы себеп. Соның салдарынан атқылаған мұнаймен ластанған су 3168 шаршы жерге жайылған.

Сонымен қатар апаттық жағдай туралы уәкілетті органға дер кезінде хабарламағаны үшін ӘҚБтК 327-1-бабының бірінші тармағына сәйкес, аталған компанияға 200 АЕК (612 600теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Фото: aktobe_ecologia

@massagan_maskara


Елімізде ажырасқандарға 2 пайыз ипотека беру ұсынылды

Сенатор Серік Шайдаров толық емес отбасылар үшін ипотека пайызын төмендетуді ұсынды.

Бұған дейін толық емес отбасыларды ипотеканы 2 пайызбен беретін "Бақытты отбасы" бағдарламасынан шығарып тастаған еді. Мұндай шешімді Еңбек министрлігінің қабылдады. Бұған Қазақстанда жалған ажырасушылардың саны артқаны себеп. Мәселен, 2019 жылы елімізде 27 400 ажырасу болса, 2020 жылы олардың саны 59 800-ге жеткен. Бірақ толық емес отбасылар үшін әкімдіктер арқылы 5 пайыздық ипотека беру жүйесі қалдырылды.

"Мұндай жағдай расымен бар шығар. Алайда қазір 148 мыңнан астам толық емес отбасы тұрғын үйге мұқтаж екенін түсіну керек. Олардың 60 пайызының табысы 1 күнкөріс деңгейінен төмен",— дейді сенатор.

Оның айтуынша, уәкілетті мемлекеттік органдар бұл мәселені жан-жақты зерделеуі қажет.

@massagan_maskara


Ақтөбеде ер адам баспалдақтан тайып құлап, мерт болды

Ақтөбеде 51 жастағы ер адам баспалдақтан тайғанап мерт болды.

Басылым мәліметінше, оқиға 17 қарашада таңертеңгі уақытта болған. Қайғылы оқиға тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Марқұмның көршісі басылымға оқиға қалай болғанын айтып берген.

"Оқиға таңертең болған. Видеодан Ерлан баспалдақпен түсіп келе жатып тайғанап құлап түскенін көрдік", - дейді марқұмның көршісі Игорь Снаткин.

Оның айтуынша, бұл подъездегі баспалдақ тік болған. Тек бір жағында тұтқасы болған. Бірақ ол төмен түскенде төртінші баспалдақтан басталады екен. Ал марқұм оны ұстап үлгермеген. Баспалдақтағы мұз тазаланбаған, оның үстіне, мұздан қорғайтын жапсырмалар жоқ болып шыққан.

Ал тұрғын үй инспекциясы өкілдері аула ішіндегі аумақтар қар мен мұздан асфальтқа дейін тазалануы тиіс екенін айтады.

Фото:diapazon.kz

@massagan_maskara


Жаңаөзенде дене шынықтыру мұғалімі оқушыларға қол көтерген

Желіде Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды ұрып жатқаны түсірілген видео тарады.

Видеода мұғалім оқушының шашын жұлып, бірнеше рет ұрғаны, ал екінші оқушыны артынан тепкені көрсетілген.

Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл дерек бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл дерек бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Фото: Лада

@massagan_maskara


Павлодарда денесін күйік шалған әйелдің балалары өрт жайлы айтып берді

Өрттен зардап шеккен павлодарлық әйелдің балалары анасын соңғы кездері бірге тұрған ер адам өртегенін айтты. Полиция оқиғаны адам өлтіруге оқталу ретінде тергеп жатыр.

4 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде 22 қарашаға қараған түні өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер өрттен бес адамды, оның ішінде үш баланы алып шықты. Өртсөндірушілер келгенше 36 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Олар үшінші дәрежелі күйік алған.

Құтқарылғандар арасында зардап шеккен әйелдің екі оқушы баласы бар.
Балалар жергілікті еріктілерге оқиғаның мән-жайын айтып берген. Олардың айтуынша, пәтерде өрт шығарған анасы бірге тұрып жатқан ер адам.

Еріктілердің айтуынша, 24 қарашада олар өртенген пәтерге барған.

Өртке қатысты іс адам өлтіруге оқталу ретінде тергеліп жатыр.

@massagan_maskara

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.