Қостанай облысында зейнеткер ыстан уланып көз жұмды
Қайғылы жағдай Майлин ауданында болған.
Новоильиновка ауылындағы жер үйде пештің ақауы салдарынан 90 жастағы кейуана ыстан уланып қаза тапқан.
"Тексеріс барысында қатты отынмен жылытылатын пештің түтін шығатын жолдары бітеліп қалғаны анықталды. Ыстан улануға көп жағдайда пешті дұрыс пайдаланбау және оның әбден тозығының жетуі себеп болады. Бұл оқиға да осындай олқылық салдарынан болып отыр", — дейді облыстық ТЖД мамандары.
Департамент қызметкерлері тұрғындардан пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануды сұрайды.
@massagan_maskara