Блогер тегін киінген дүкенін жарнама жасаймын деп алдап кеткен
Еліміздегі танымал блогер кәсіпкер дүкеніне жарнама жасаймын деген ұсыныспен тегін киініп, артынан алдап кеткен. Осылайша не әлеуметтік желіге салған жарнамасы жоқ, не ақшасын бермей 3 ай бойына тентіретіпті.
Блогердің бұл әрекеті Тiktok-та тарады. Бейнежазбада Абилова Аружанның жауапсыздығы баяндалады. Ол қыркүйек айының басында киім-кешек дүкеніне жарнама жасауға тегін киім бересіздер ме деген ұсыныс жасаған. Бір миллионнан аса оқырманы бар блогердің бұл жазбасына қызыққан дүкен әкімшілігі бірден келісімін беріпті.
"Меккеге кетіп бара жатыр едім. Қайсысы ұнайтынына байланысты көрсем. Дүкен қайда орналасқан? Өзіме алайын деп едім",— деген жазбасын да көруге болады бұл видеода.
Аружан Абилова осы тарап кеткен бейнежазбадан кейін өзінің Іnstagram-дағы парақшасында пікір білдірген. Онда қателік жасамайтын адам болмайды деп бастаған ол, дүкен мені қаралап табысқа кенелуде деген ойымен жазбасын қорытындылапты.
Фото: abilovva_a
@massagan_maskara