Боран, көктайғақ және тұман: 10 наурыздағы ауа райы болжамы
Астана: қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20 м/с.
Алматы: түнде тұман түседі.
Жетісу облысы: таңертең тұман, жолдарда көктайғақ.
Атырау облысы: түнде және таңертең оңтүстігі мен батысында тұман.
Жамбыл облысы: көктайғақ, тұман.
Түркістан облысы: түнде оңтүстігінде тұман. Жел таулы асуларда 15-20 м/с.
СҚО: қар, боран күтіледі. Батысы мен оңтүстігінде тұман.
БҚО: қардың белсенді еруі, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау облысы: орталығында тұман.
Қарағанды облысы: шығысында түнде, батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауады.
Қостанай облысы: қар аралас жаңбыр.
Ұлытау облысы: солтүстігі мен шығысында боран. Көктайғақ.
ШҚО: түнде қар, боран, солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады.
Абай облысы: күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында қар, боран.
Ақтөбе облысы: оңтүстігі мен орталығында тұман. Жел - 15-20 м/с.
Павлодар облысы: Түнде оңтүстігі мен шығысында боран.
Massaget.kz