about media in kazakh


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Qogammetrika dan repost
Біздің биліктің сүйікті тақырыптарының бірі - ақпараттық және идеологиялық қауіпсіздік. Бұларды қамтамасыз ету жолында шенеуніктер мен депутаттар түрлі шектеулер ойлап тапқанды жақсы көреді, ал мемлекет миллиардтап ақша жұмсайды. Интернетті бұғаттау және "шет елдік" БАҚ-қа қатысты көрсетілетін қысымды да осындай сыртқы қауіптерден сақтанумен түсіндіреді.

Соңғы күндері Орта Азия елдеріндегі медиа тұтынуға қатысты зерттеулерді қарап отырмын. Қазақстандық азаматтардың аймақтағы басқа елдерге қарағанда ақпараттық сауаты жоғарырақ және пропагандаға қарсы иммунитеті күштірек екені байқалады. Сонымен қатар бізде кез келген ақпарат көзіне, әсіресе дәстүрлі БАҚ-қа деген сенімсіздік басым боп көрінді.

Зерттеулерді талдай келе түсінгенім, біздің адамдарда дереккөздер таңдау мүмкіндігі әлдеқайда кең, себебі медиа кеңістігіміздің әралуандығы салыстырмалы түрде жоғары. Мысалы, сенімді саяси ақпарат көзі ретінде қазақстандықтар көптеген жергілікті тәуелсіз блогерлер мен журналистерімізді атайды, ал Қырғызстан мен Өзбекстанда мұндай адамдар жоқтың қасы.

Айтайын дегенім, ақпараттық қауіпсіздігіміз шектеулер арқылы емес, альтернатив ақпарат көздерінің көп болуының арқасында қамтамасыз етіледі. Яғни сыртқы елдердің пропагандасы (мысалы, Ресей тарапынан) күшті болса, оған мемлекет қарсы пропаганда арқылы төтеп бере алмайды, оған шамасы жетпейді. Онымен күрестің ең тиімді жолы - түрлі тәуелсіз авторлық контенттің көп болуы, олардың еркін бәсекелестікке түсуі, осылайша идеялық және жанрлық тұрғыда плюралистік медиа кеңістіктің қалыптасуы. Сонда әр тараптарды тыңдай келе, адамдар сыни ойлау дағдысын дамытады, шынайы ақпаратты пропагандадан ажыратуды үйренеді.

Осы орайда тәуелсіз журналист Думан Мұхамедкәрімді әділетсіз соттап жатқан билік өкілдері өз елдеріне қастандық жасап жатқандығын түсінер ме екен. Егер біз шынымен де ақпараттық соғыс жағдайында өмір сүріп жатқан болсақ, онда осындай жекелеген авторларға қысым көрсету - бұл ақпараттық иммунитетті қолдан жою, және елімізді ресейлік пропагандаға жығып беру деген сөз.


Qogammetrika dan repost
Ко второй годовщине войны в Украине мы готовим несколько публикаций про влияние войны на страны Центральной Азии. И один из докладов будет посвящен анализу общественного восприятия этой войны в Казахстане, Кыргызстане и Узбекистане. Эти дни как раз активно читаю результаты фокус-групп и пишу свою часть.

Забегая вперед скажу, что данные очень интересные, но в то же время печальные. Вся та дичь, которая льется из российских пропагандистских каналов, к сожалению, принимается на веру и ретранслируется многими гражданами наших стран. Например, люди на полном серьезе рассуждают про биолаборатории и изымание американцами органов погибших солдат, а также вслед за путиным повторяют про историческое право России на территории Украины. И это не только про старшее поколение, но и вполне молодых людей, которые выросли уже в период независимости.

На этом фоне притеснения в отношении свободы слова в нашем регионе выглядит как абсолютное безрассудство. Закрыв или ограничив работу таких медиа как Азаттық, Kloop, наши власти не только сокращают доступ к альтернативной информации, но и сдают наше инфополе российским пропагандистским медиа. Вот это и есть настоящий подрыв национальной безопасности, я считаю.


Бірнеше күн бұрын Қазақ әдебиеті газеті Сайлау Төлеуовтың «Шайтанның торы» дейтін әңгімесін жариялады. Бұл шығарманы бір топ жазушы мен журналист жоғары бағалап (ал Жетісу облысының Прокуратурасы, соты, полиция басқармасы демеуші болған көрінеді), Кемел Тоқаев атындағы VI детектив шығармалар байқауында 3-орынға лайық көріп, авторына 500 мың теңге табыстапты.

Сол шығарма "Қазақ әдебиеті" газетіне жариялана салысымен адам құқына бей-жай қарамайтын жандардың сынына ұшырады. Бұрынғы саясаткер Қуандық Бишімбаевтың қылмысынан кейін мұндай шығарманы оқу, шынында да, кринж нәрсе. Осы жағдаятқа қатысты медиа сарапшысы, зиялы тұлға Бэлла Орынбетова ханымның мына пікірі өте маңызды деп ойлаймын. Ол былай дейді:

Бірнеше күн бойы Қазақ әдебиеті сайтында жарияланған «Шайтанның торы» әңгімесіне әдебиетшілер қауымы сын айтқанына қуанып қалдым. Әдетте адам құқы, феминизм тақырыбынан гөрі тіл, дін мен діл төңірегінде ғана көргендіктен шығар.
«Шайтан торы» сияқты мизогин, сексистік идеяны насихаттап, әйелге қатысты зорлық-зомбылықты ақтап алатын шығармалардың қауіпі неде екенін айта кетсек.

Теледидар, әлеуметтік желі, кинотеатрда көрсетілетін ортаңқол сериал, кинода онсыз да әйелдің эмоционал, «шектеулі санасына» қатысты стереотиптерді одан әрі күшейтіп жатыр. Мұндай стереотиптер гендерлік теңдік ауылын одан әрі алыстата түседі, әйелге қатысты зорлық-зомбылықты, дискриминацияны қалыпты жағдайға айналдырады, әлеуметтік алауыздықты тудырады.

Мұндай контентті жасаушылармен қоса осындай дүниені өз платформасында, медиасында жариялайтындарға да жауапкершілік болуы керек. Мұндайда «редакция автор көзқарасын бөліспеуі мүмкін» деген ескертпенің еш мәні жоқ. Өз сайтында, газетінде, телеарнасында надандықты насихаттап отырған редакторға да сұрақ қойылуы керек деген ойдамын.

Әншейінде журналистердің, әлеуметтік желідегі белсенділердің әр жазбасының сөзіне шүйгіліп (бірнеше жыл бұрын Әлнұр Ильяшевтің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына оның постындағы сұрағы себеп болған жоқ па еді? Қазір қамауда отырған суретші Дәурен Макиннің айыпқа тартылуына оның жарияланбаған жеке көзқарасы болған жоқ па?) отыратын мемлекеттік органдар, атап айтқанда Мәдениет және ақпарат министрлігі де мұндай контентке қатысты өз позициясын білдіруі қажет. Құдай біледі жоғарыда аталған әңгіме де отбасылық құндылықты насихаттау тармағы бойынша мемтапсырыс тізіміне енген шығар.

Жалпы кез келген БАҚтың өз редакция саясаты болуға тиіс. Бұл құжатта олардың ұстанымдары, принциптері мен құндылығы айқын жазылады. «Қазақ әдебиеті» газетінде мұндай құжат, этикалық кодексі бар ма жоқ па білмеймін. Бар болса,газет редакторы Дәурен Қуаттан жариялауын сұраймын.


Медиа шындықты қалай қалыптастырады?

Мына екі оқиғаның бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Бірақ біреуіне — теракт, біреуіне — mass shooting деп ат қойыпты BBC




PROTENGE dan repost
😬 На 196,5 млн тенге будут продвигать бренд Алматы для туристов. Деньги потратят на рекламу и статьи в соцсетях и СМИ (расценки прилагаются 👆🏻).

Согласно договору поставщик до конца года должен опубликовать 195 позитивных статей в 20 крупных СМИ Казахстана на 116,9 млн тенге, разместить 50 материалов в популярных пабликах на 30 млн тенге, провести 10 брифингов для журналистов и блогеров на 10 млн тенге.

🤔 Должны ли мы продвигать бренд Алматы? Безусловно. Но вот что нас настораживает: стоимость одной хвалебной статьи обойдется акимату в 632 046 тенге, независимо от того, в каком издании она будет опубликована (хотя прайс на рекламу в разных СМИ очень разный). В теории подрядчик может заплатить за одну статью 200 тысяч тенге, а от акимата получит за нее в три раза больше.

И это не все👇🏻

Читатели информационных порталов не узнают, за какую конкретно статью заплатил акимат — Бюро по туризму Алматы запретило делать на рекламных материалах пометки «PR» или «На правах рекламы». Что, кстати, нарушает новый закон об онлайн-рекламе.


"...Медиа «жеке көзқарастардың» қалыптасуында маңызды ықпалға ие. Ноэль-Нойманның пікірінше медианың күші – қоғамдағы көзқарас атмосферасын көрсетуінде жатыр. Өз ойларының медиада да ұсынылып жатқанын көрген адамдар, бұл көзқарастарын айтуға ынталанады. Ноэль-Нойман индивидтің жеке және қоғамдық алаңдағы айту/сөйлеу/әңгімелесу актісіне қатысуы немесе қатыспауына ерекше мән береді. Оның пікірінше, азшылықтағы адамдардың үнсіз қалуы олардың қоғамдағы көзге түсуін азайтады. Сондықтан да үнсіздік өз-өзін қайтадан өндіретін спиралға айналады", — деді Молдияр Ергебеков.

Демек, медиа қоғамның үнсіз қалмауына елеулі үлес қоса отырып, үнсіздік спиралінің күшін әлсірете алады.

Осы тұста «Не үшін жазасың?» деген сауал туындайды. Мұның төрт нұсқадан тұратын жауабы бар екен:

- Өзің үшін жазасың.

- Патриархал тілден басқа тілдің бар екенін көрсету үшін жазасың.

- Үні өшкендердің немесе өшуге жақындардың үні болу үшін жазасың.

- Үнсіз қалмау үшін жазасың.

(Ұстазым Молдияр ағайдың "Әйелдер жайлы жазу" дәрісінен үзінді)

толығырақ: https://newreporter.org/kz/2023/08/06/media-ajelder-zhajynda-qalaj-zhazuy-kerek-mediasarapshy-moldiyar-ergebekov-ysyngan-nysqaulyq/?fbclid=IwAR3kbUHbxhop3eJjkniI3ndt30CFjHs6Gj_wEASxjb1gDE8wwke3YbV3q9E)


42 секунды dan repost
РБК: Google понизил в поисковой выдаче СМИ на кириллице в Казахстане

– Занижают кириллический контент и другие сервисы
– Например, YouTube, Twitter и другие популярные сервисы
– Речь также про их поисковые выдачи в Казахстане
– Прежде всего из-за этого страдают медийные сайты
– Google не ввел точечные запреты для СМИ из России
– Он просто ограничил весь кириллический контент
– Решение в том числе затронуло СМИ из Казахстана
– Поэтому для части изданий трафик снизился в 3-5 раз

@ftsec


Латын әліпбиіне көшуге бір себеп:


ақпаратты әдемі ұсыныпты 🍦🍦🍦


"Казахстанская правда" газетінің 31 наурыз күнгі нөмірінен Павел Банниковтың мына "материалын" көріп таңырқап қалдым. Таңданысымның бірнеше себебі бар:

Біріншіден, Павелдің бұл жазбасын оның facebook парақшасынан көрген едім. Бірақ мына жерде оның жазбасына сілтеме жасамаған, осылайша автор газетке арнайы жазғандай әсер қалдырыпты.

Екіншіден, автор ақпараттық доктринаны теңдесі жоқ керемет құжат етіп көрсеткені маған біртүрлі көрінді. Осыған дейін Қазақстан билігінің ақпараттық саясатын жиі сынап жүрген автордың қалайша бұлай трансформация жасағаны қызық болды.

Үшіншіден, автордың осыған дейінгі сыни ойларына қарамастан, "Казахстанская правда" оған пікір білдіруге мүмкіндік бергеніне таңырқадым. Әдетте мұндай кісілерді мемлекеттік медиа кәнсілдеп жатушы еді 😀

Сосын осы материал туралы Пашаның өзінен сұраған едім. Ол "бұдан былай "Казахстанская правдаға" пікір білдірмеймін, жазбамды жариялауға рұқсат етпеймін" деп ренжіп отыр. Өйткені газет оның жазбасын кесіп, ақпараттық доктринаны мақтаған тұстарын ғана жариялапты 🥲

Жазбасының толық нұсқасы мына жерде. Оқып, салыстырып көріңіз 🙃


Қашан жазылғаным есімде жоқ, бүгін the Steppe сайтынан мынадай хат келді. Күнделікті өмірімізге қатысы бар маңызды тақырыпты, әлемдік тенденцияларды сүйікті қазақ тілімізде жазғанына риза болып отырмын. Әрі ойнақы жеңіл тілде жазуға талпынғаны байқалады. Әрине, кей тұстарда “бұдан да әдемі етіп калькасыз жазуға болар еді” деп отырдым, десек те осы бастамаға дән риза болдым.

Қазақша email-хабарламалар жіберіп отыратын тағы қай басылым(дар)ды білесіз?


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Біраз бұрын ресейлік интернет кеңістікте осы сарындағы видеоны байқаған едім. Соны massaget.kz айна қатесіз көшіріп жариялапты.

Бұл видеода бірқатар этикалық мәселе байқалады. Авторлар дереккөзге сілтеме жасамаған. Бейтарап хабарламай, керісінше, "ерлерден асып түсеміз деп", "өзіне көп алатын" сияқты оқиғаға жеке баға беретін сөздерді қолданған. Сонымен қатар, ақпаратты бұрмалап, манипуляция жасаған. Ең өкініштісі, мұның бәрі әйелдерге қарсы өшпенділік тілін өршітуге, феминист ой-көзқарасты қаралауға бағытталған.

Бұл оқиға жайлы интернеттен іздеп көрген едім. Канаданың бірнеше консерватив бағыттағы медиасы хабарлаған екен. Олардың өзі "ерлерден асып түсеміз деп", "өзіне көп алатындар" демеген. Тек оқу-жаттығу кезінде жағдай бақылаудан шығып кеткенін жазады және олар жасаған ең үлкен критиканың өзі шектеулі — "өрт сөндірушілердің жынысы маңызды емес, әйел өрт сөндірушілер деп бөлудің қажеті жоқ" деген сарында. Олардың дәстүршіл ұстанымдағы медиасы мен біздің медианың хабарлауын салыстырып көріңіз 🤦‍♂️

Дереккөзге сілтеме көрсетпеген massaget.kz жалын 400 мың шақырымға жайылғанын айтады. Жалпы осы видеоны дайындаған автор 400 мың шақырым дегеннің көлемі қандай болатынын біле ме екен?) Осы жағдаят болған Канададағы ұлттық саябақ өрттің белгіленген аумақтан 3 гектар артық жерге жайылып кеткенін жазыпты. Бұл дегеніміз 400 мың шақырым емес, 30 мың шаршы метр.

Оқиғаның қалай өрбігеніне келер болсақ, Канадада әйел өрт сөндірушілерге қолдау көрсету, инклюзияны арттыру, білігін шыңдау мақсатында бірнеше мемлекеттен келген әйел өрт сөндірушілер оқу-жаттығу жиынын өткізген. Жел күрт күшейіп кетіп, белгіленген аумақтағы қолдан жасалған өрт бақылаудан шығып кеткен. Қосымша тікұшақтар, өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіре білген.

Дамыған мемлекеттерде ғылым, жаңа технологияға қатысты күн сайын қаншама жаңалық болып жатыр. Бірақ оларды назарға ілместен, мынадай жағдаятты құштарлана хабарлап (мұны тіпті Канаданың медиасы бұлай хабарламаған), "әйелдердің қолынан іс келмейді" деген идеологиясын таратып әлек.




Қазақстандық қоғамдық даму институты харассментке төзбеу саясатын қабылдапты. Өте дұрыс бастама. Мұны басқа мекемелер де жалғастырса деген тілегім бар 🙌




Ғадауат тілі, хейтспич ешқашан айтылған жерінде қалмайды. Оның негатив салдары міндетті түрде қоғамымыздың күнделікті өмірінде тікелей көрініс табады. Хейтспич міндетті түрде біреуге залалын тигізеді. Хейтспич айтылған соң құмға сіңіп жоқ болып кетпейді. Керісінше, дер кезінде тоқтатпаса, ауыр салдарымен алдымызға қайтып оралады. Зерттеулер жеккөру тілі мен жеккөру қылмыстары (hate crimes) арасында байланыс барын анықтаған: хейтспич кең тараған сайын жеккөру қылмыстары да арта түседі. Сондықтан қандай да бір хейтспичке, адам құқығын шектейтін, дискриминациялайтын дискурстарға төзімсіз болуымыз, қоғам болып оны қатаң айыптауымыз өте маңызды. Бұл әрбіріміздің моральдық жауапкершілігіміз, міндетіміз деп білемін.

Бірнеше күн бұрын басымнан кешкен жағдаятты айтып берейін. Басқа қаладан келген достарымды түн ортасында әуежайдан күтіп алып, қалаға такси шақырған едім. Сол күні не болғанын білмедім, әйтеуір минуттар бойы күткенімізге қарамастан не Uber, не Яндекс такси табылмады. Сыртта тоңа бастаған соң, өмірімде бірінші рет қала ішінде indriver қосымшасын қолданып көрдім. Жүргізуші тапсырысты бірден қабылдады, бірден жетіп келді.
Дегенмен жол бойы біздің әңгімемізге киліге берді. Басында аса мән бермедік. Әңгімеге шөлдеп отырған болар деп, сыпайылық танытып отыра бердік. Бірақ бір кезде маған жеке шекарадан аттап өтетін сауалдар қоя бастады: "қызың бар ма? қашан үйленесің?"
Мұндай сұраққа жауап бермейтінімді, бейтаныс адамның жеке өмірін қазбалап сұрау әдепке жатпайтынын айттым.

- Әйтеуір ЛГБТ емессің бе?- деді. Үндемедім.
- Алматыда кейінгі жылдары ЛГБТ көбейіп кетіпті,- деді.
Үндемедім.
- Олардың артында ұрпақ қалмайды. Олар ұлтымызды құртып жатыр. Олардың басын кесіп, жойып жіберу керек,- деді. Бұл жолы шыдай алмадым.

Былай дедім: "Олар ең алдымен адам. Адамды адам ретінде құрметтеуіміз керек. Оны ұруға, өлтіруге құқығыңыз жоқ. Олар ұлтты жойып жатыр дедіңіз. Артында ұрпағы қалмаса, тек өзінің ұрпағы қалмайды. Ал ұлт өмір сүруін жалғастыра береді. Қараңыз, біз қазір тұрып жатқан Алматы жыл сайын қыс мезгілінде әлемдегі ауасы ең лас қалалардың қатарына қосылады. Неліктен? Өйткені қаланың жылу жүйесі әлі күнге көмірмен жұмыс істейді. Бұл қалада күн сайын миллиондаған адам тұншығып жатыр. Меніңше, ұлтты жойып жатқан адамдар ЛГБТ өкілдері емес. Ұлтты жойып жатқандар — көмір бизнесінің лоббиін жалғастырып жатқан олигархтар, жылдар бойы не дұрыс фильтр қоймай, не жылу жүйесін газға көшірмей келе жатқан билік өкілдері."

Таксист жауап ретінде мынаны айтты: "ЛГБТ-ны жақтайды екенсің, олай болса, қазір мына жолаушылар түсіп қалған соң машинадан шығасың, екеуміз төбелесеміз, мен саған ЛГБТ-ны қолдау дегеннің қалай болатынын көрсетемін". Күтіп алған қонақтармен әп-әдемі көңіл-күйде келе жатқанбыз, әңгімеміз бұлай өрбиді деп күтпеген едік. Қонақтарым көлікті тоқтатып, бәріміз жол бойынан түсіп қалайық деді. Оған көнбедім, қызмет көрсеткені үшін ақы төлегенімізді айтып, үйге дейін жеткізуге міндетті екенін айттым.

Сол таксиспен төбелесіп таяқ жеу тағдырыма жазылған болса, оған да көндім деп отырған едім ішімнен. Әйтеуір конфликт бұдан әрі ушықпады. Ол да үндемеді, мен де үндемедім. Сөйтіп үйімнің тұсынан түсіп қалдым. Түсе сала индрайвер қызметіне арыз жаздым. Бұл арыз бойынша әрі қарай не істегенін білмеймін.


Менің ойымша, Ардақ Назаровтың гомофобиялық мәлімдемелері мен сол таксистің іс-әрекеттері арасында тікелей байланыс бар. Билік өкілдері ксенофобиялы ой-пікірін ашық айта бастаған сайын, соны қолдайтын адамдар тобы да батылдана түскендей. Менің орныма сол таксиге әлдебір ЛГБТ өкілі мінгенде не болар еді деп ойланумен болдым. Жағдай шынымен де өте қорқынышты. Мұны тоқтатуымыз керек.


Мұндай бейнелердің тіпті әлеуметтік медиада тарауы “нормально” емес. Аянның айтқанымен толықтай келісемін


журфак dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Мынадай жаңалықтың не қажеті бар? Сол бағдарламаның бір тәулікте неше мәрте көрілгені бізге не береді? Мынау Ресейдің күн тәртібін Қазақстан аудиториясына тікелей әкеліп таңу ғой.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

365

obunachilar
Kanal statistikasi