Postlar filtri


әлеуметтік желі(м). dan repost
каспи нөмірін екінші рет сұрағанда, жынданып қайталайтын адамдар, өмірлеріңде бәрі дұрыс па?


аз-маз тоқтау жайлы.

соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен жалпы интернеттен алшақ болғым келді. бұдан бөлек, мен жай ғана «өштім». контент жасағым да, күлкілі мемдер(тіпті Жанар Дұғалова жайлы) жариялағым келмейтінімді түсіндім. әйтпесе, ойда біраз жүрген жоспарлар да бар еді(мәселен, осы топқа арнайы жасалған қаріп пен телеграмдық стикерпак дегендей).

бұл тоқтау жайлы ой кездейсоқ қабылданды. мен “мынанша жылдан кейін қоям” немесе “межелі бір күні тастап кетем” деп жоспарлағаным жоқ. ойнадық-күлдік және тоқтау керектігін түсіндік.
не дегенмен, кездейсоқ қабылданған нәрсе де жақсы аяқталуы тиіс.

бұл менің осы «Мейірімді Бол» атты жобамда жазған соңғы сөздерім болсын. қазақ тілді контент кеңістігінде, құм түйіршігіндей із қалдырған шығармын. солай ойлаймын. сіздермен 6 жыл бірге болған мен - Д. Қош оқырман! Тағы да рақмет.


жазбалар легі осы жерден тоқтайды. бірге болғандарыңызға рақмет.


26 жастағы кез-келген адамның ой-толғаныстары: үйлену, отбасы құруды армандау, ақыл тоқтату;

26 жастағы Есениннің ой-толғаныстары: ОЙБАЙ-АУ, ЕНДІ ЖАС БОЛМАЙМ…


бірде Эрнест Хемингуей бәрін толғандырар, ең қысқа, әрі мұңды әңгіме жазам деп бәстесіпті. бәсте ол жеңген, әңгімені оқығандар жылап жіберген. себебі, бір жапырақ қағазда келесі үш ауыз сөз жазылған екен:

әдеттегідей, жаз шаршатты.


аялдама. dan repost
балаларды қорғау күні, ал, сен ішіңдегі балалығыңды қорғай алмадың.


сенде бәрі дұрыс па? көлікпен келе жатқанда, жылқыларды көріп «ананы қара!» деп айтпадың ғой.





532 0 11 1 10



мезет. dan repost
мыңдаған гүлдерден, менің гүлім ең сұлу


мектеп бітіруші түлектерді құттықтаймын. алдағы емтихандарда сәттілік.


Кафканың әңгімелер жинағын бастадым(аяқтауға шақ қалдым). ендігі мен де тарақан-адаммын…


мен бәрібір күтем...




Сәбит Мұқанов айтқандай:

– адам болу қандай бақыт,
өмір сүру қандай көңілді.

467 0 14 2 19





«мамырдың айлы түні…»

осымен, білмеймін төртінші не бесінші жыл қатарынан сәуірдің соңы мен мамырдың орта тұсына таман үлкен бір мұң сезіледі. көп нәрседен қызық қашып, ойды жинақтап, іспен шұғылдану тіптен қиындық тудырады. себебін түсініп болмаймын, қандай сезім екені де белгісіз. мұң? кішігірім күйзеліс? фрустрация? әлде апатия? түсінсем бұйырмасын. неге дәл осы мерзімде оралатынын да білмеймін.

шаршау, жұмыс өнімділігінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, немқұрайлық және зейіннің шашыраңқы болуы осы уақыт аралығында мазалайды.

мамыр - керемет, жылы ай. өзгерістерді сезуге, байқауға болатын шақ. бірақ, бұл өмір мерекесінен мен адамын. осы қысқа уақыт аралығында мазасыздық мені әрдайым жеңіп кетеді. сәуірден-мамырға, жылдан-жылға.

19 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

291

obunachilar
Kanal statistikasi