журфак dan repost
Суреттегі жігіттің есімі — Бекболат Асқатбек. Алматы облысы Беcмойнақ ауылында тұрған. Биыл Бекболат үйленуі керек еді. 7 қаңтарда әке-шешесімен таныстыруға әкелген қалыңдығын қаладағы автовокзалдан шығарып салып, ауылына қайтар жолда оққа ұшқан.
Түскі сағат 12:00-ден асқанда досы Мұқаділ екеуі Желтоқсан көшесімен көтеріліп келе жатады. Тимирязевке қарай жүрейін десе десе, жол жабық. Сөйтіп Батыс Желтоқсан көшесіне бұрылып, отыз метрдей жүргенде оқ атыла бастайды. Дөңгелегі жарылып, көлік жүрмей қалады. Бекболат пен досы екеуі атып шығып, қаша бастайды. Сол кезде Бекболатқа оқ тиеді. Досы иығына салып, көлік тоқтатып, ауруханаға апарады. Бекболат екі күннен соң, 9 қаңтарда Бекболат ауруханада қаза табады. Оқты кім атқанын Мұқаділ көріп үлгермеген. Бірақ сол күні Тоқаев әскерилерге «террористерді» ескертусіз атып өлтіруге бұйрық берген.
Туыстарының айтуынша, оқ жігіттің арқасынан кіріп, ішін тесіп өткен. Оны 12 қаңтарда ауылына жерледі. Бекболат Алматыда аспаз болып істейтін. Үйдегі екі баланың кішісі. Ағасының айтуынша, егде жастағы әке-шешесі қазадан ес жия алмай, қатты қиналып жатыр.
Сол кезде атылған оқтан қаза болған жалғыз Бекболат болмауы мүмкін. Бүгін марқұмның досы Мұқаділмен кездесіп, не көргенін сұрадық. Ол басқа да көліктерден қашып бара жатып, «оқ тиді» деп айқайлаған басқа адамдарды да көрген.
Мұқаділ оқ ату туралы ескерту айтылмағанын, маңайды күзеткен әскерилер де, полиция да көрінбегенін, жолда өтуге болмайды деген белгі де болмағанын айтады.
— Жазықсыз жүрген досым арамызда жүрген әлі үйленбеген досымыз қайтыс болып кетті ғой. Қарапайым халыққа оқ атудың кесірінен қайтыс болып кетті ғой, — дейді ол.
Видео сілтемесі.