❀ Дем


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Telegram


Түсініксіз ойынды алғаш рет ойнасаң, бірінші кезекті басқаға бер🧩
Аноним: t.me/anonaskbot?start=ldzxd0jwihbyf
Boost: https://t.me/boost/qangybasym
Админмен байланысу: @iamademi

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


🖋️ Бальзак айтқандай: “Жер бетінде бақытсыздықтан басқа толық жүзеге асатын ештеңе жоқ”.

“Парасат майданы”
Төлен Әбдік

#дәйексөз
#қойындәптер


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Соңғы кездері адамдар бөлшектері жоғалған пазл секілді. Кейбірінің жүрегі жоқ. Кейбірінде ой жоқ. Біреуінде рух жоқ. Енді бірінде күші жоқ…

Бір кем дүние…

202 0 3 12 13

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

212 0 0 13 11

Сені иіскеу ӘДЕтім
Ал сүю менің МІндетім

#маған
#бәлкімболашағым


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


📚Педагогика
Мағжан Жұмабаев
Жанр: танымдық кітап
Жазылған кезеңі: 1923 жылдар

Ішінде көп нәрсе бар. Әсіресе Мағжанның сөздермен ойнап, әспеттеп жеткізуі әдемі көрінді көзіме әсіресі ішкі жан дүниесіндегі құбылыстарды. Кеңестейтін кітап деуге келмес.
Оқыған себебім: Алаш азаматтарының жазған еңбектерін оқу арқылы бір табан жақындағым келді.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


🪶 Тіл — адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор боп қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады.

“Педагогика”
Мағжан Жұмабаев


Былай етейік онда…
28.06.2024
21:00
Қарғынды талқылаймыз. Оған дейін оқып үлгеріңіздер, бәріңізді қатыстырайын. Асығыс емеспін)


Уақыты 21:30 болып ауысты. Көпшілік сұрайымен❤️🌝


😠
Кешкі 21:00де Дауыс чатта дискашн “Қарғын”…

Арты Қырғын боп кетпесін ал😂🌝

338 0 2 11 10

⌛️Запись жасалатын болады. Қатыспасаңыздар осында салып қоям тайм кодпен❤️
Талқы ашық болад кез келген уақытта пікірлеріңізді жаза бересіздер❤️


“Қарғын” дауысшат
So‘rovnoma
  •   Бүгін кешке 21:30-22:00
  •   Жұма, Сенбі, Жексенбі жасайық
40 ta ovoz


“Қарғын” кітабын көп адам болып талқылау ойда бар… Дауысшат ашып, яғни мен жүргізуші болып, сұрақтар қойып, мазмұнын сұрап, кейін сол әр кейіпкерді талдап беремін дейтіндерің болса, мархабат!) Спикер болғың келсе, коментке жаза бер…
Кішігірім әдеби майдан болсын🤭😂


🥛Көздегі отты немесе жалынды жандыру үшін адам емес, жұмыс іздейтін жасқа жетіппіз ғой…

#ішкідауыс


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


📖 Әлем әдебиетінде ұлы кейіпкерлердің бірі деп:
• Дон Кихот
• Дон-Жуан
• Гамлет
• Фаустты атайды екен.
Келесі шыққан шығармаларда осы төрт кейіпкер (сюжеті) мысалға алынады екен.

#қаңғыбас_оқыған_кітаптар


📖📖“Фауст” (1774-1831 Гёте өлуіне жарты жыл қалғанда бітірген екен)
Авторы: Иоганн Вольфганг Гёте
Жанр: Трагедия
Болып жатқан кезеңі: 15 ғ. Еуропа.

Бұл кітаптан түйгендерім…
Адам — шайтаннан да асып кететін жауыз. Пәлсапалық жағында Гёте атамыз мақұрым қалдырмаған. Фауст жалпы Мефистофельге еріп кеткен себебі өмірдің мәнін іздеп кетті (🆎🆎🆎🆎🆎🆎 мында спойлер бұл менің жеке ойым ақыры өмірінің соңында өмірдің мәні адамдарға көмектесуде екенін түсінеді). Фауст ғылымның адамы, яғни Құдайға сенбейді, себебі адам басына сыймайтын дүниелер оны қызықтырмайды. Ойлаңдар БИБЛИЯның сөзін өзгертіп, өзін Құдайының орнына қойып аударып жатыр (прост ноу коментс😂)
Бірінші часть мен үшін өте оңай болды да, екінші часть түсініксіздеу болды…

#қаңғыбас_оқыған_кітаптар

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.