Сөз:


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.


Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Филология кітаптары dan repost
Қазақтың_ауызекі_тіліндегі_жергілікті_ерекшеліктері.pdf
7.3Mb
#ғылыми

📚 Омарбеков С. - Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктері (1965)

@filologiyakitaptari


Батыс, атап айтқанда Маңғыстау сөйленісі (автор жазғаны бойынша "говоры") жайлы еңбек


Сөз: Сарымақ/Шөнжік
зат есім

Жолбарыстың күшігі
-
Тигренок

Саптаяқтай еріндім, сарымақтай азулым
📖 Бұқар жырау шығармасынан

Алдырған сарымағын өлекшіндей, азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға.
📖 Біржан мен Сараның айтысы

Шөнжіктер ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз созғылауға кіріскен.
📖 М.Мағауин, Шақан шері

Белгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына бармақшы болған.
📖 КТК арнасы, Тірі жолбарысты пошта арқылы жөнелтпек болған

Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3


Тіл кеспек жоқ dan repost
⚡️⚡️⚡️
Жаңа шығарылым (СУБТИТРЫ)

Бүгін тіл туралы, дәлірек айтқанда, Кеңес одағының 1922 жылдың 30 желтоқсанынан 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін, 69 жыл билік құрған аралықта қандай нақты қадамдармен қазақ тілін қоғамнан ығыстырып шығарғанын сөз қыламыз.
Жүз жыл бұрын қазақ тілі еліміздің азаматтарының 100% үшін негізгі тіл болса, тоқсаныншы жылдарға қарай көрсеткіштің адам айтса нанғысыз 25-30%-ға төмендеуіне қалай жеттік? Неге қазақтардың басым бөлігіне жаңалықты орыс тілінде оқыған, киноны орыс тілінде көрген және құжаттарын орыс тілінде толтырған жеңіл? Орыстандыру қалай жүзеге асты? Және Сталиннің бұған қандай қатысы бар? Осы шығаралымда русификация тарихын талқылайтын боламыз.


Көп атала бермейтін түс, реңк атаулары мен соған қатысты сөздер

Бұл жазбада түстердің өзінен гөрі, түстерді атауға көмектесетін сөздер қамтылған.

Бөлісіп, пікір алмаса отырыңыздар.


Сөз: Лазым (ләзім)
модаль сөз

Жөн, дұрыс, абзал.
-
Лучше, вернее, необходимо.

Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең,
Өмірде көрген жақсылық,
Ұйықтап өткен түспен тең,
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең.
📖 Шал ақын, Бұл дүниенің мысалы

Әуелден көңілімді бердім саған,
Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ,
Жігітке лазым еді іздеп бармақ.
📖 Ақан сері өлеңінен

Оған жауап қайтармау үшін адам арын да, намысын да, әлеуметтік беделін де жоғалтқан болуы лазым.
📖 М.Шоқай шығармасынан

Бекерден-бекер басқа пәле тілегенше тоқал үйінің үстіне шығып жата кетуді ләзім көрдім.
📖 О.Бөкей, Үркер

Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3; Дереккөз 4;


Көп атала бермейтін гүлдер атауы

Осы жазбада аталған гүлдер: Сәлдегүл, таушымылдық (пион); Бақытгүл (хризантема); Қалампыр (гвоздика); Құртқашаш (ирис); Баршынгүл (гладиолус).


Филология кітаптары dan repost
Қазақ_тіліндегі_көнерген_аталымдар_лұғаты.pdf
1.2Mb
#сөздік

📚 Өтемісова Гүлмира - Қазақ тіліндегі көнерген аталымдар лұғаты (2012)

@filologiyakitaptari


Сөз: Қомсыну
етістік

Азсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау.
-
Считать недостаточным, пренебрегать, не одобрять.

Қарайды да алтынға,
Қомсынады "аз ғой",— деп,
"Қыстау керек, үй керек,
Сән-салтанат, расход көп.
📖 Абай, Жарлы бай (Крыловтан)

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым!
📖 А.Байтұрсынұлы, Замандастарыма

Нәрсем болса бергендей
Әлдеқашан сатпас пем.
Серінің сөзін қомсынып,
Сен, ит, сенбей тұрмысың
📖 Ж.Аймауытов шығармасынан

Ортасында осынау бір қоныстың
Қомсынады ол бір өзін.
Буырқанған тройкадай орыстың
Ұнатады ол мінезін.
📖 М.Мақатаев, Ильич

Қыз қадірін түсіріп,
Емес мұным қомсыну.
Әйтсе де не түсініп
Отыр дейсің сол сұлу!
📖 Қ.Мырза Әли, "Көш" жинағынан

Дереккөз 1; Дереккөз 2


Сөз: Жалқын
зат есім

Алаулаған жалын
-
Пламя

Бұған тиген су перінің салқыны,
Салқыны емес, бейне оттың жалқыны
Қол-аяғын от ішінде қалқиды.
Бойыңды улап, басылған екен қарқыны
📖 Ж.Аймауытов, Қара бақсы

Ашық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр.
📖 Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ

Алаулаған, алқызыл жарық.
Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де.
Жалқын сәуле шашып еді батқан күн,
Жас баладай, мәз-мейрам боп шаттандың,
📖 М.Шаханов, Танакөз

Сол көктемгі көкжиек -қоп-қою жалқынды сағым іркіліп барып, көк күмбезімен көмкерілген
📖 О.Бөкей, Үркер

Жалқынданып күн батар, Ай да туар нұрланып. Біреу сезіп тіл қатар, Шық үйіңнен ұрланып
📖 С.Мәуленов, Шық тезірек қалқашым

Дереккөз 1; Дереккөз 2


Филология кітаптары dan repost
Ісқағаздарын_мемлекеттік_тілде_жүргізу.pdf
3.0Mb
#үйрену
#оқулық

📚 Әбутәліп О. М. - Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу (2013)

@filologiyakitaptari


Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болғай!


Филология кітаптары dan repost
Қазақ_әдеби_тілінің_тарихы_ХV_XIX_ғасырлар.pdf
10.1Mb
#оқулық

📚 Сыздықова Р. - Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-XIX ғасырлар) (1993)

@filologiyakitaptari


Сөз: Десте
зат есім

1. Оралған егіннің бумасы; 2. Буда, шоқ, топ; 3. Деректер шоғыры (инф.)
-
1. Свернутый стог сена (тюк, рулон); 2. Стопка, пачка, группа; 3. Пакет данных

Қайран біздің жеңгейлер!
Өскен ерен,
Егін орып, бау байлап, дестелеген.
📖 М.Мақатаев, Қайран жандар

Жиналған көп әлеумет,
Тыңдасаң кепті шертейін.
Әңгімені дестелеп,
Түйдегімен кертейін
📖 С.Сейфуллин, Ұйымдағы әрбір азамат — жалшының қорғаушысы

Осы дестелеп ору деген бір пәле басты қатырды. - Нұржан Тәженді қолтықтап, оңашалау апарды.
📖 З.Шашкин, Өмір тынысы

Әрбір дестеде алушының (қабылдаушының) адресі көрсетіледі. Бағдарлауыш осы мәліметті пайдалана отырып, әрбір десте үшін бағдар таңдайды.
📖 Уикипедия, Десте

Дереккөз 1; Дереккөз 2


Көп атала бермейтін тағы бірнеше балық атауы

Осы жазбада аталған балықтар: Бекіре (осетр); Жайын (сом); Қаракөз (вобла); Қарша (килька); Сүйрік (стерлядь) және Майбалық (шпроты).

Дүкен базарда жүргенде айта жүрейік, біз бастамасақ сол қалпы "орысшыл" боп қала бермекпіз.

15 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.