Жапанда жортқан жандарды жиып, қараша құрап,
Жаңаша мұрат қойғанды ханым Алаша бірақ.
Уығын қадап, бабалар тіккен бақанға салып
Аманат қылды, тұрсын деп мәңгі, Қара шаңырақ.
Ілкіден бері түркінің елі жылқы мінеді,
Атқа қонғанда арқасы қозып, сілкініп еді.
Қара шаңырақ қасқайып тұрса қанатын жайып -
Тұран тұрарын түркінің түгел жұрты біледі...
Тұлпарын мініп, көк туын іліп, қағанат құрған -
Түркінің елін талайлар сонда сағалап тұрған.
Қарашаңырақ... Қасиет қонған аңыздай далам!
Абыздай бабам қазаққа сені аманат қылған!
Біріккен кезде, алаштың ұлы, артыпты бағы,
Түріктен сонда жер бетіндегі қорқыпты бәрі.
Түрікпен, қырғыз, өзбек, татар боп кетсе де тарап,
Қара шаңырақ киесі бәрін тартып тұрады.
Қара шаңырақ...
Маңдайшасында байрақ тұр әні!
Байрағым барша бауырларымды қайрап тұрады.
Оғыздың ұлы Анадолыда жүрсе де бүгін
Қобыздың үні көкірегінде сайрап тұр әлі...
Қотыр ат құсап немене сонша қышынды көршім?
Ісінді дерсің, жоқ әлде, бәлкім - ұшынды дерсің...
Қара шаңырақ маңдайшасына байрақ ілейін,
Күшімді көрсін. Кісімді көрсін. Мысымды көрсін!
Е. Қожахмет