Марқұм Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамауға алынды Басқа отбасы мүшелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды
«Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434 -бабының 1 - бөлімі) азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды»,
Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Бақыт Реймова жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 15тәулікке қамалды. Қарындасының ҚР азаматтығы жоқтығына байланысты елден шығарылады.
Қаржаубайдың қарындасы Салтанат Нұрымоваға «ұсақ бұзақылық жасағаны үшін» 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.