Соққы және гол!


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша
РЕКЛАМА: @alimjanasqar
Баннан шығару: @Kraiym
Ресми сайт: https://soqqy.com/
Youtube арна: https://youtube.com/@soqqy
Әлімжан Асқар: https://www.instagram.com/alimjanasqar

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


Оразадағы қайырымдылық шарасы болды-ау

🇩🇪 Бундеслиганың 25-турында топ-10 қатарындағы клубтардан тек «Майнц» жеңіске жетті.

❌ Турнир тарихында алғаш рет қатарынан екі тур алаң иелерінің бәрі жеңіске жете алмағанын да айта кеткен жөн.

🇩🇪 🇩🇪 🇩🇪 Сондай-ақ «Бавария», «Боруссия Д» және «Байер» 2006/07 жылғы маусымнан бері бірінші рет бір турда жеңіліп қалды.


Metaratings Top Awards. Дауыс берудің соңғы күні

🎙 Соққы және гол! – үздік арна! Қолдау көрсетіп, дауыс беріңіз.

🟪 Ресми сайтқа кіріп, дауыс беріңіздер: metatopawards.kz

Көп рақмет!


Metaratings Top Awards. Дауыс берудің соңғы күні

🎙 Әлімжан Асқар – үздік комментатор! Қолдау көрсетіп, дауыс беріңіз.

🟪 Ресми сайтқа кіріп, дауыс беріңіздер: metatopawards.kz

Көп рақмет!




Джанлуиджи Буффонның ұлы үлкен футболға қадам басты

🇮🇹 Луи Буффон Б Сериясындағы «Специяға» қарсы ойында (2:3) «Пиза» сапындағы алғашқы матчын өткізді.

🇨🇿 Сонымен қатар жақында 17 жастағы вингердің Чехия U18 құрамасындағы да тұсауы кесілген еді.

✅ Луи әкесінің Италиясын емес, анасы туып-өскен Чехияның құрамасында ойнауды таңдады.

18.3k 1 5 428 501

Metaratings Top Awards. Дауыс берудің соңғы күні

🎙 «Үздік комментатор» жүлдесіне үміткерлер қатарында мен және Fonteam-дегі Олжас Байбосын мен Ерсін Ерік бар.

🔥 Ал былтыр комментаторлар арасында үздік болған Ермұхамед Мәулен биыл «Үздік бренд-амбассадор» атануы мүмкін.

❤️ Сонымен қатар FONBET-тегі достарымыз бір емес, бірнеше беттинг номинацияға ұсынылды.

🟪 Ресми сайтқа кіріп, дауыс беріңіздер: metatopawards.kz ⬅️


Бірінші гол dan repost
Арабтарды «азғырған» Ивана Кноль. Қарапайым Дель Пьеро – Ермаш пен Ерсіннің фотоальбомы

https://youtu.be/O2Rplmy-1jw
https://youtu.be/O2Rplmy-1jw
https://youtu.be/O2Rplmy-1jw


Adidas «Ливерпульге» оралды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿✔️ Қос тарап 2025 жылдың 1 тамызында күшіне енетін келісімшартқа қол қойғандарын хабарлады.

💰 Бұл келісім «қызылдарға» жылына шамамен 60 млн фунт пайда әкеледі.

👕Осылайша Adidas үшінші рет «Ливерпульдің» серіктесі атанды:

▪️1973-1985 – Umbro
▪️1985-1986 – Adidas
▪️1996-2006 – Reebok
▪️2006-2012 – Adidas
▪️2012-2015 – Warrior
▪️2015-2020 – New Balance
▪️2020-01.08.25 – Nike
▪️01.08.25 – Adidas.

20.3k 2 11 96 569

Флориан Вирц қарымта ойынға қатыспайды

🇩🇪 «Байер» дүлдүлі «Вердерге» қарсы матчта (0:2) тобығын жарақаттап алған еді.

❌ Осыған байланысты бірнеше аптаға қатардан шықты.

⚽️ Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Баварияға» қарсы ойын 11 наурыз күні өтеді.


1/8 финал екінші қарымта ойындарының төрешілері

22:45.
🇫🇷 🇩🇪 Лилль – Боруссия Д: Сандро Шерер;

01:00.
🇪🇸🇪🇸Атлетико – Реал: Шимон Марчиняк;

01:00. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🇳🇱 Арсенал – ПСВ: Раде Обренович;

01:00. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🇧🇪 Астон Вилла – Брюгге: Даниэль Зиберт.

📆 Матчтар 12 наурыз күні өтеді. Қалған төрт ойын 11 наурызға жоспарланған .

21k 1 16 215 516

Неймар жарақат алды

🇧🇷 «Сантос» вингері өзін нашар сезініп, «Коринтиансқа» қарсы матчқа (1:2) қатыспады.

«Бәрі менің алаңға шыққанымды қалады. Бірақ соңғы кездері жарақат мазалап, ойнай алмадым. Өкінішке қарай, бұл футболдың бір бөлігі. Алайда мақсатымызға жету үшін мықты болып ораламыз», – деп жазды Ней әлеуметтік желіде.


🤬 Ал «Сантос» жанкүйерлері Неймардың ойнай алмайтыны белгілі болса да, оны тізімге қосып қойғандарына ашуланып жатыр.

22k 1 15 237 904

Бельгия құрамасын «Астарлы ақиқатқа» бір шақырып аламыз-ау)

Кун Кастельс Тибо Куртуаның оралуына байланысты құрамадан кеткенін хабарлады.

«Куртуаның қашан оралатынын өзі шешуі және федерацияның сол үшін ойын өзгерте салатыны біртүрлі көрінді. Менің ойымша, барлық ойыншы бір дәрежеде және ешбірі командадан жоғары тұрмауы керек. Бұл бұрыннан солай болған, бірақ федерация оны қызыл кілем төсеп күтіп алды.

Жақында оның Тедесконың кетуіне байланысты айтқандарын естідім және бұл Домениконікі рас болғанын көрсетеді. Бұл командалық спорттың құндылықтарына сай келмейді деп есептеймін. Мен мұндай қылыққа жол беретін федерацияның бір бөлігі бола алмаймын.

Бүгіннен бастап мен ұлттық құрамада ойнамаймын. Ол жаққа баруға ар-ұятым жібермейді. Біраз ойыншылар да бұған келіспейді. Маған енді олардың не айтатыны қызық. Бұл тек Куртуа мен Тедеско арасындағы жағдайға қатысты емес, жанымды ауыртқан басқа да нәрселер болды», – деді қақпашы.


🇧🇪 Бұл ақпарды Бельгия футбол федерациясы ресми түрде растап, Кунға сәттілік тіледі.

22k 1 8 151 729

Лионель Месси қатарынан үшінші ойынға қатыспады

🇺🇸 «Интер Майами» MLS кезекті матчында «Шарлотт» клубын 1:0 есебімен жеңді.

🇦🇷 Осыған дейінгі екін ойынға шықпаған Лео бұл жолы қосалқы құрамда қалды. Хавьер Маскерано Мессидің ешқандай жарақаты жоқ екенін айтқан еді.

🔥Ал Луис Суарес бір тынбай, соңғы төрт матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.


«Аталантаның» тарихи жеңісі

🇮🇹Бергамолықтар алғаш рет «Ювентустан» 4:0 есебімен басым түсті. Бұдан бұрын үш голдан артық соқпаған еді.

🇮🇹Сондай-ақ туриндіктер ХХІ ғасырда бірінші рет А Сериясының өз алаңындағы матчында төрт доп айырмасымен жеңіліп қалды.

❌ Осыған дейін 1967 жылы 22 қазанда «Ториноға» дәл осындай есеппен есе жіберген.


😍 Бүгінгі ойындар тізімі

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 28-тур:
01:00.
Вест Хэм – Ньюкасл (Setanta Sports 1)

🇪🇸 Ла Лига. 27-тур:
01:00. Эспаньол – Жирона

🇮🇹 А Сериясы. 28-тур:
00:45. Лацио – Удинезе (Setanta Sports 2)

🇹🇷 Суперлига. 27-тур:
22:30.
Бешікташ – Газиантеп (Sport+)

🏆 Азия Чемпиондар лигасы. 1/8 финал:
23:00. 🇸🇦 Әл-Наср – Эстеглал 🇮🇷
23:00. 🇶🇦 Әл-Садд – Әл-Васл 🇦🇪

Болжамдарың қандай?

23.5k 1 10 36 343

«Аталанта» «Ювентусқа» тіс қайрап жүр

🇮🇹Бергамолықтар А Сериясының 28-туры аясында Туринге қонаққа барады және сәтсіз сериясына нүкте қоюды көздейді. Өйткені «Ювентусты» қатарынан сегіз ойын жеңе алмай келеді.

🆚 Ал жалпы қос клуб жолы 147 рет түйіскен:

🇮🇹«Ювентус» жеңісі – 76
🤝 Тең ойын – 54
🇮🇹«Аталанта» жеңісі – 17.

📺 00:45-те басталатын матчты Setanta Sports 1 телеарнасынан көре аласыздар.

25.3k 1 3 346 362

«Арсенал» жеңіске қол жеткізе алмады 👀

Барлық голдар
https://t.me/soqqygoldar осында


Үзіліс ⏸️


«Реал» жеңіске жетті ⚡️

Барлық голдар https://t.me/soqqygoldar осында


Үзіліс ⏸️

25.3k 1 1 479 519
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.