Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады.
«Вакцина алмағандар өте ауыр хәлде бұл дүниеден өтіп кетіп жатыр». Бұл инфекциялық стационарда жатқан пациенттердің сөзі. Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Соңғы ақпарға сәйкес, бір күнде 1219 адам коронавирус жұқтырған. Ал жұқпалы аурулар ауруханаларының жансақтау бөлімшелерінде 250-дей адам өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр.
Қазір қалада эпидахуал күрделеніп барады. Күніне мыңнан астам адам инфекция жұқтырып жатыр. Оның ішінде балалар, жастар да бар. Ең өкініштісі де осы, өйткені індетті жастар көп тарататын көрінеді.
Бүгінде стационарда коронавируспен ауыратын адамдарға арналған орын жеткілікті, 670 төсек-орны дайындалған. Жағдайды ушықтырып алмас үшін дәрігерлер екпе алу керек деп дабыл қағуда.
Сондықтан ауырып, ем іздемей, ауырмаудың жолын іздейік.
Вакцина салдырайық, ағайын!
@stopcov