tagylym


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


"Раббым ілімімді арттыр"
НМУ студенті
Кері байланыс: @Tagylym_bot
Аудио-подкаст: @podcast_123

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Қасиетті айлар және түндер.
1-не қараған түні Ережеп кіреді екен.




Бүгінгі алған кітаптарым.
Бірнешеуі ауылға сыйлық ретінде жақындарыма.


“Сұрақ пен жауап - екеуі де Алладан.”

Ана жатырында біз көптеген сұрақтармен жаратылдық, олардың жауаптары біз баратын келесі мекенде еді. Көзіміз - сұрақ, ал оның жауабы - жарық дүние болды. Біз бұл дүниеге келіп, сол жауаптарды дайын күйінде таптық.
Құлағымыз дыбыстармен табысты, қолымыз алмаға тиді, тіліміз оның дәмін сезді, аяқтарымыз жерге тиді, өкпеміз ауамен қауышты.

Жанымызға берілген сезімдер мен эмоциялар да өз жауаптарын осы әлемде тапты. Махаббат сезімі сүйілетін нәрселермен кездесті. Қорқыныш сезімі үрей тудыратын көріністерді көрді. Мейірім сезімі жанашырлықты қажет ететін көріністермен ұшырасты.

Біз бұл жауаптардың барлығына мұқтаж едік және олардың барлығын жасауға дәрменсіз едік.
Әлсіздігімізге мейірім көрсетілді, мұқтаждығымызға көмек берілді. Шашымыздан тырнағымызға дейін бүкіл денемізді және аспанынан ауасына дейін бүкіл ғаламды өзімізге қызмет ететіндей күйде таптық.

Ал бұл дүниеде де жауабы табылмаған көптеген сұрақтар болуы мүмкін, демек оның жауабын беретін келесі бір әлем, о дүние не ақырет әлемі бар екені осыдан түсінікті.


Шүкір етуші пенде

Аллаһ Тағала бір пендесін сынау үшін көзін көр етіп жаратады. Оған қоса дәл сол пенденің екі қолы мен екі аяғы болмайды.

Бірде оның үйіне кірген біреу сол көзі көр, қол-аяғ жоқ пенденің: «Менi басқалардың басыңа түскен қасiреттен сақтаған әрі басқа жаратқандарынан абзал еткен Аллаһ Тағалаға мақтау болсын»-деп айтқанын естіп қалады.

Әлгі келген адам аң-таң: «Мынау көзі көр, аяқ-қалы жоқ адам тағдырынан қалайша разы болуы мүмкін?»

Содан соң ол көзі көр адамнан: «Сен Аллаһ Тағалаға не үшін шүкіршілік етіп отырсың?»-деп сұрағанда, әлгі адам: «Хақ Тағала маған Оған мақтау айтатын тіл, Оны зікір ететін жүрек, қиыншылыққа сабыр ететін дене берді. Мен Аллаһ Тағала сол үшін шүкіршілік етемін»-деген екен.




Бәләға (риторика) ілімі бойынша кітап, ішінде риторикадағы терминдерге тоқталып әрқайсысына Құраннан мысалдар берілген екен.

Риторика (арабша: البلاغة, ал-бәләғә) – сөздің көркем әрі әсерлі айтылуын зерттейтін ілім. Бұл ғылымның мақсаты – ойды тыңдаушыға түсінікті, әсерлі және әсем жеткізуді үйрету. Ислам мәдениетінде риторика ғылымы بلاغة (бәләға) деп аталып, әдебиет пен шешендік өнердің негізін құрайды.

Риторика үш негізгі салаға бөлінеді:

1. علم المعاني (Мағына ілімі):

Сөздердің грамматикалық және мағыналық құрылымдарын зерттейді.

Сөйлемнің құрылымын, ойдың мазмұнын тыңдаушыға сәйкес бейімдеуді үйретеді.

2. علم البيان (Баяндау ілімі):

Сөздерді бейнелі, ауыспалы мағынада қолдануды зерттейді.

Метафора (истиара), теңеу (ташбих), астарлы сөз (киная) сияқты көркемдік тәсілдер қарастырылады.

3. علم البديع (Көркемдік ілімі):

Сөздің әсемдігін арттыратын тәсілдерді зерттейді.

Қайталау (такрар), ұйқастық (сажа‘), қарама-қарсылық (муқабала) сияқты әдістер қаралады.


Зекет - мал-мүліктің страховкасы,
Пітір - денсаулығыңның страховкасы,
Садақа - жолыңның ашылуының страховкасы.


رَبِّ إِنِّى لِمَآ أَنزَلۡتَ إِلَىَّ مِنۡ خَيۡرٍ فَقِيرٌ.

«Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да мұқтажбын!» (Қасас: 24)

Хз. Мұса пайғамбардың жасаған дұғасы.

#дұға




Шүкір, алғым кеп жүрген кітапты сыйлыққа алдым.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Ізгілермен бірге бол.


Жетістік - құрбандықты қажет етеді.

Сіз өз жетістіктеріңіз үшін қандай құрбандықтар жасадыңыз немесе жасайсыз...




Адамзат үшін ең үйлесімді өмір – Құран ұсынған өмір. Себебі қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде жоғары бағаланып, мақтауға ие болып жатқан өркениеттің кейбір жақсылықтары, Құранның ғасырлар бұрын насихаттаған қағидалары екенін сенімді түрде айта аламыз.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Исламға сәйкес білімнің үш қайнар көзі бар:
Біріншісі – «хауас-салим» (الحواس السليمة) деп аталатын, көру, есту, иіс сезу, дәмін тату, ұстап көру сияқты сезім мүшелері және олардың зерттеу аясына кіретін нәрселер.
Батыста позитивизм деп аталатын мектеп, білімнің жалғыз көзі ретінде сезім мүшелерін қабылдап, сезім арқылы қабылданбайтын ештеңені білім мен тәжірибе нысанына жатқызбайды.
Дегенмен, позитивизм барлық нәрсені сезім мүшелері мен тәжірибеге негіздегендіктен, кей жағдайларда тығырыққа тіреліп, тұрақсыздыққа ұшыраған. Мысал ретінде, олар күн сәулесі астында суға салынған таяқтың сынған немесе иілген болып көрінуін шындық деп қабылдап, бұған қайшы келген кез келген пікірді терістеген.

Білімнің екінші қайнар көзі — сау ақыл (العقل). Бұл батыста рационализм деп сипатталатын ұғым.
Рационализм – ежелден бері жалғасып келе жатқан және білімнің жалғыз қайнар көзі ретінде адам ақылын және санасын қабылдап, оны қолдайтын түсінік. Алайда, рационализм (العقلانية) де шынайы білімге, ақиқатқа жету үшін жалғыз жеткілікті критерий бола алмайды. Оның дәлелі:
Ғасырлар бойы ақиқатты іздеген мыңдаған философтар бір мектеп ішінде де ортақ бір пікірге келе алмаған.

Мысалы, Аристотель мен Декарт екеуі де рационалист болса да, олардың көзқарастары мен ойлау жүйесі арасында орасан зор айырмашылық бар. Әрқайсысы ақиқатты мүлде өзгеше түрде сипаттайды. Енді бір жағынан, Платонның жаратылыс туралы ойлары қайда, ал Аристотельдің, Сократтың және Декарттың ойлары қайда? Олардың арасында жүйелі келісім немесе ортақ ұстаным жоқ.

Философтардың арасындағы айырмашылық соншалықты үлкен, оны үйлестіру немесе біріктіру мүмкін емес деуге болады. Бұл айырмашылық бізге таза адам ақылы кемел мағынада ақиқатты толық түсініп, ұғына алмайтынын көрсетеді.

Демек, осы екі білім қайнарынан туындайтын қателіктерді түзететін басқа бір қайнар көз қажет. Ол - мутауәтир хабар, яғни уахи.

Мутәуәтир хабар (خبر متواتر) — Исламға сәйкес білімнің қайнар көзінің үшіншісі. Бұл екі категорияға бөлініп қарастырылады:
1. Жалған айтуда бірігуі мүмкін емес деңгейде адамдардың берген хабарлары.
Мысалы, біз Америкаға барып көрмесек те, оның бар екеніне күмәнданбаймыз. Себебі біз ол туралы мәліметтерді сенімді дереккөздерден аламыз.
2.Илаһи уахи, яғни Құран.

Шынайы білімге жету үшін осы үштікті (сезім мүшелері, таза ақыл және уахи) бір уақытта қарастырып, оларды өлшем ретінде қабылдау қажет.

Қорытындылай келе, білімнің себептерін тұтас түрде қарастырып, нәтижеге осы көзқараспен жету қажет. Бұл себептерді бір-бірінен бөліп қарастыру немесе тек ғылыми деректерді жалғыз қайнар көз ретінде қабылдау адамзатты қателіктерге ұрындырды және мұндай ұстаным жалғаса берсе, қателіктер де жалғасады.

Адам баласы кеше қате деп санаған нәрсені бүгін дұрыс деп мойындауға мәжбүр болады. Ал шын мәнінде, білімнің негізіне уахиды орналастырып, оны сезім мүшелері мен ақылдың аясында түсіндіру — ең сенімді және адастырмайтын жол.


Бүгінгі адамзат Құраннан тым алыстап кетті немесе алыстатылды. Бұл алыстау мұсылмандарды Құранға жатсындырып жіберді. Бүгінгі таңда әлемнің қай жерінде не болып жатқанын өте жақсы білетін мұсылмандар бар, бірақ көңілдерінің бақшасы саналатын Құранда қанша аят бар екенін де білмейді. Тіпті олардың кейбіреулері мәңгілік бақытының кепілі болған Құранға күнделікті уақытша қуаныштарына бөлген маңыздылығындай да көңіл бөлмейді.

Олар не Құран оқымайды, не оған қатысты мәселелерді тыңдағысы келмейді.

Ал Құран болса, өз сезімімен, жүрегімен, ақылымен оны қорғап, бағалайтын жүректерді күтуде. Мұсылман өз кітабына лайықты түрде мән берген кезде, бұл тек мұсылмандардың ғана емес, бүкіл адамзаттың тағдырын өзгертеді.
Біздің қазіргі өмір сүріп жатқан уақытымызда дәл осы сананы дамытуға қажеттілік, тіпті мұқтаждық бар.


Dinleyen susuz ve arayıcı olursa vazeden ölü bile olsa söyler.

Mevlana.

“Тыңдаушы шөлдеген және талапкер болса, уағыздаушы тіпті өлі болса да сөйлейді.”

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.