TurkEasy.kz - Түрік тілі


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Түрік тілі / Турецкий язык
сұрақтар бойынша: @kamshat_z1


Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri












Merhabalar🥰

Инстаграм және тик-ток парақшамызға жазыла кетіңіз🥰

https://www.instagram.com/reel/Chh0mhJlKyg/?igshid=YmMyMTA2M2Y=


www.tiktok.com/@turkeasy.kz


İyi akşamlar 🌇

Түрік тілін үйреніп жүргендерге тапсырма, сөйлемдерді аударып көріңіз💕

1. Бүгін кешке барлығымыз киноға барамыз
2. Ең жақын магазин екі остановкадан кейін
3. Таңертең маған мама хабарласты
4. Ол кететінін ескерткен болатын
5. Экзаменді студентер жақсы тапсырып шықты






Merhaba, arkadaşlar ☀️

Harcamak- жұмсау

Gençken bilgisayarın önünde zaman harcamak yerine seyahat etmelisin.

Жас кезде компьютер алдында уақыт жұмсау орнына саяхаттау керек.

✅Hükümetler, terörle mücadele etmek için korkunç boyutlarda zaman ve para harcamak zorunda kaldılar.
Мемлекеттер онымен күресу үшін көп уақыт пен ақша жұмсауға мәжбүр.


Каппадокияға бардыңыз ба?
So‘rovnoma
  •   Иә
  •   Жоқ
1232 ta ovoz


Merhaba arkadaşlar!🇹🇷 Сәлем достар!🇰🇿

Бүгін біз сіздермен бірге, ертегілер әлемі Каппадокияға саяхат жасаймыз!😍😍😍

Постты оқымас бұрын ❤️ басып, сақтап алуды ұмытпаңыз!🤝

💡Каппадокияны көбі қала ретінде елестетеді. Бірақ, ол сіз ойлағандай қала емес, үлкен бір аудан. Біздегі Сарыарқа, Жетісу деген сияқты. Сіздер үшін төменде⬇️ Каппадокияға бара қалсаңыздар саяхаттайтын орындар тізімін ұсындық.🔝

1. Гөреме қаласы - Каппадокияның жүрегі саналады❤. Қала негізінен туристік мақсатта әлі де салынуда. Гөремеде қонақ үй, мейрамханалар, магазиндер, туристік агенттіктер өте көп. Түнгі уақытта барлық шамдар жанғанда қала ерекше әдемі болады. Барғандар болса, маған қосылар, солай ма?

2. Әуе шары фонында суретке түсу - әрбір туристің арманы. Бірақ, желдің әсерінен шарлардың көкке көтерілмеуі де жиі кездеседі.

3. Каппадокияда жер асты қалалары көп. Олардың ең үлкендері - Деринкую және Каймаклы. Жер асты қалаларын көрсеңіз, сізге ерекше әсер берері сөзсіз.

4. Тұз көлі - Түркияның ең үлкен көлі. Аты айтып тұрғандай көлден жылына 1-1,5 тонна тұз алынады. Жаз уақытында көлге келетін туристер легі көбейеді.

5. Махаббат мекені немесе түрікше «Aşk Vadisi». Бұл мекен туристердің суретке түсетін негізгі орындарының бірі. Жүрек форматында жасалған орындықтарда түсірілген суретті инста әлемнен сізде көрген боларсыз.

6. Аванос қаласының тарихына көз жүгіртіп үңілетін болсаңыз, құмыра жасау өнерімен байланысты екенін бірден байқайсыз. Құмыраның түр-түрін жасайтын шеберлердің бәрі осы қалада. Түркиядан келетін құмыралар осы қалада шеберлердің қолынан шығады.

7. Ихлара - Түркияның ең үлкен шатқалы. Біздегі Шарын сияқты [Шарынға жетпейді😜]. Шатқалмен туристер жаяу жүріп өтеді.

Пост ұнады деген ойдамыз!😇
Ал, сіз Каппадокияда болдыңыз ба? Сізге ұнаған орындар қандай? Жауаптарыңызды төменге белгілеуді ұмытпаңыздар!🤗⤵️




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish




Сәлем, достар! Telegram каналға сіздер үшін қандай ақпараттар салайық?
So‘rovnoma
  •   Түркия туралы әдемі видеолар✈️
  •   Түрік әндерін🎼
  •   Түрік тілі туралы қызықты ақпараттар🇹🇷
  •   Маған, бәрі ұнайды😍
856 ta ovoz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Сіз Каппадокияға саяхат жасадыңыз ба?
So‘rovnoma
  •   Иә, болдым🔥
  •   Жоқ, болмадым😔
  •   Қатты барғым келеді😍
1096 ta ovoz


Каппадокия-ертегілер әлемі. Бұл кереметті көру бақыты бәріңізге бұйырсын! 🇹🇷🇹🇷🇹🇷

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.