Usbanov ARNASY


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Саясат, сараптама, экономика, соғыс және соңғы ақпараттар...


Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Ма Шиңжүй Қытай КП ОК Саяси бюросының мүшесі. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының бастығы (ҚКП партия комитетінің хатшысы).

Ма Шиңжүйдің негізгі мамандығы – аэроғарыш өнеркәсібі саласының инжинері. Шыңжаңға 2021 жылы келген. Оған дейін ұзақ жыл Қытайдың ғарыш саласын басқарған. Қытай аэроғарыш ғылыми-техникалық корпорациясын, Қытай Ұлттық ғарышты басқару агенттігін басқарған. Қытайдың алғашқы айды зерттеу жобасына (Чане-3) жетекшілік еткен. Қытайдың ғарыш саласында түрлі лауазымдарды 1996 жылдан бері атқарған адам.
Осыған дейін БАҚ-та: «Ресей 2028 жылы Байқоңырдан біржола кетеді», - деген ақпарат тарады.

Шындығында, Қазақстанның дархан көңіл Үкіметі Байқоңырды 2025 жылға дейін Ресейге жалға берген еді. Ал соңғы жылдары Байқоңырдағы Ресейдің ықпалы азая бастағаны байқалады. Зымыран ұшыру кешендері аз қолданыла бастаған. Оның үстіне биыл Байқоңырда Қазақстан мен Ресей арасы ушыға түсті. Қазақстан Ресей мүлкін бұғаттап, 2 млрд рубль талап етті, ал Ресей болса 220 млн доллардың кері талабын алға тартты.

Ресейдің импершіл билігінің Украинаға қарсы агрессиясы әлемдік саясатта көп өзгеріс жасады. Соның ықпалы Байқоңырда да айналып өткен жоқ. АҚШ пен Батыс бастаған өркениетті елдер «Роскосмостан» теріс айналды.

Ал Ресей 2028 жылдан кейін өзінің станциясынан ұшуды көздейді. Бірақ онысы әлі дайын емес. Ресей өз жеріне көшкеннің өзінде, «Восточныйға» көшеді. Ол үшін ғарыш айлағын «Союз» ұшыруға бейімдеу керек. Жоспар жүзеге асса, 2028 жылы Ресей Байқоңырдан түпкілікті кетеді.

Кешегі Ма Шиңжүйдің Қазақстанға келуі бекер емес. 5 жыл дегеніңіз әне-міне. Байқоңырдан әркімнің бар таласы...


Байқоңырға Қытай көз тігуде...

Кеше президенттің қабылдауында Қытайдың Шыңжаң аймағының басшысы Ма Шиңжүй болды. Ол Қазақстанға арнайы келді.

Ол: «Менің сапарымның негізгі мақсаты – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Сіздің араңыздағы маңызды стратегиялық келісімдерді жүзеге асыру. Қазақстан – біз үшін өзара ынтымақтастықтың басым бағыты», - деген еді.




Кеше-бүгін партиялар Мәжіліске үкілеп жіберіп жатқан депутаттарының тізімін жариялап жатыр ғой. Менің көзім мынаған түсті. Мәжілістің келесі шақырылымында боламын деп болмай қалған 4 «президент» бар екен.
Олар:
Жигули Дайрабаев (2022 жыл. 3 орын),
Қарақат Әбден (2022 жыл. 4 орын),
Нұрлан Әуесбаев (2022 жыл. 6 орын),
Дания Еспаева (2019 жыл. 3 орын).


«Ауыл» партиясынан Мәжіліске өткен депутаттар

🔹Жигули Дайрабаев
🔹Серік Егізбаев
🔹Қарақат Әбден
🔹Анас Баққожаев
🔹Ерболат Саурықов
🔹Николай Арсютин
🔹Таңсәуле Серіков
🔹Аян Зейнуллин.

⚡️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Мәжіліске өткен депутаттар

🔹Нұрлан Әуесбаев
🔹Асхат Рахымжанов
🔹Ажар Сағандықова
🔹Наурыз Сайлаубай

Президенттікке өтірік кандидат боласың, депутаттық мандат сыйлыққа беріледі...




MRAP Cougar, БТР Stryker, танк Challenger 2, БМП Marder, бронетранспортер Roshel Senator. Украина әскерінің астындағы қарулар!


Журналист Михаил Козачковке қатысты сот үкімі шықты.

Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды.


Respublica партиясынан Мәжіліске баратын 6 адам белгілі болды. Олар:

Айдарбек Қожаназаров
Динара Шүкіжанова
Динара Наумова
Руслан Берденов
Нұргүл Тау
Олжас Кұспеков


"Қазақстан Халық партиясы" (бұрынғы коммунистер) 5 депутатын атады. Тізімде:

Магеррам Магеррамов
Ирина Смиронва
Гаухар Танашева
Кенжеғұл Сейтжан
Ислам Сұңқар


«Ақ жол» партиясы Мәжіліске партиялық тізіммен баратын депутаттарын атады. Тізімде:

Ерлан Барлыбаев
Ержан Бейсенбаев
Дәния Еспаева
Қазыбек Иса
Азат Перуашев
Асқар Садықов


Париж. Зейнет жасы реформасына қарсы наразылықтар күшейіп жатыр


Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратында жарылыс болды.




Зерттеу: Украина халқының 83 пайызы украин тілінде сөйлейді. Ал елдегі орыс тілділердің тең жартысы 2022 жылдан бастап укранише сөйлей бастаған.




Медведев Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасы салауатымен ақпараттық бомбасын Америка мен Еуропаға қаратып отыр. Өткен аптада орыстың қаптаған басылымдарына атышулы сұхбаттар беріп, ауызбен орақ орып, Батысқа дөң айбат көрсетті. Гаага сотының «Путинді соғыс қылмыскері» деп танып, құрамындағы елдерге тұтқындауға ордер бергені белгілі. Оған ірі елдер қолдау білдіре бастады. Бірінші болып Германияның заң саласының басшысы Путин Германияға аттап басса, бірден тұтқындайтынын мәлімдеді. Англия халқаралық сотқа мүше 42 елдің өкілдерін Лондонға жинап, Путинді құрықтау үшін бірлесе қимылдау керектігін ақылдасты. Украинаға сапарлай келіп, «Соғыстың әкелген қасіретін өз көзіммен көрдім, әлемде тәртіп орнатпаса болмайтынына көзім жетті», - деген Жапон басшысы да соттың үкімін мүлтіксіз орындайтынын айтты. Жазда Оңтүстік Африкада алтын өндіруші бес елдің (Ресей, Қытай, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Африка) саммиті өтетіні белгілі. Қара құрлық елінің билігі де Гаага сотының үкімін ескерусіз қалдырмайтынын қадап айтты. Осының бәріне шамданған Медведов ақпараттық құқайын Германия мен Нидерландқа бағыттады. «Төбелеріңнен Құдай мен Орыстың ядролық оқ тұмсығы төніп тұр», - деп қорқытпақ болды.


Медведевтің «бомбасы»

Күні кеше әлеуметтік желіде «Қазақстанның мемлекеттігі жоқ» деген жазба қалдырған Қазақстандық таэквондист Глеб Лымарь артынан өз сөзіне түсінік берді. Оған сенсек аккаунты әлде кімдер жағынан бұзылғандықтан, бұғатталған. Жоғарыдағы пікір «менің азамат әрі спортшы ретіндегі беделіме қатты нұқсан келтірді», - депті ол үндеуінде.

Қазақ тарихына қатысты мұндай ұшқары пікірдің бірінші рет айтылып тұрмағаны, терістік көршіміздің БАҚ-тары жұмыла кірісіп құлағымызға сіңіре бастағаны жұртқа аян. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында Ресей президенті Путин студенттермен кездесуінде: «Қазақта мемлекет болмаған», - деп сеніммен айтқан еді. Оның зөңгілесі Медведев те солтүстіктегі облыстарымызды «орыс жері», - деп жазба жариялап, соңынан «аккаунтым бұзылды, пікір менікі емес», - деп ақталған.


ТАСС: Волгоград қаласын Сталинград деп атау мәселесі қаралып жатыр.



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.